4. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_ 7-сабақ Мәтіннің түрлері_Әдістеме


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

1. Сабақ мақсаттары: жетекші сұрақтар көмегімен сурет бойынша мәтін мазмұнын болжайды;тірек сөздер арқылы әңгімелеу мәтінін анықтай алады;мұғалімнің қолдауымен жіберілген пунктуациялық, грамматикалық қателерді тауып, түзетеді

Құндылықты дарыту; Қоршаған ортаны қорғау және тірі табиғатты суреттеуде сын тұрғысынан ойлануға баулу

Пәнаралық байланыс; Жануралардың өмірге бейімділігін айту арқылы, жаратылыстану пәнімен байланысты болады

Ресурстар: қызғыш құстың суреті, қызыл, ақ, көк гүл таратпалары, «3+2+1» кестесі, қауырсындар таратпалары.

Қосыша материалдар:

  • таныстырылым
  • дидактикалық материалдар
  • бейнежазба

2. Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады: оқушыларды ширату кезеңінде қолдарын жоғары көтеретіндіктен абай болу керектігі ескеріледі. Оқу құралдарын қолдану барысында және топтық жұмыста ауысу кезеңдерінде, оқу құралдарын қолданғанда абай болу керкетігі айтылады. Рольді орындағанда сыныптастарымен қауіпсіздік ережесі таныстырылады. Орындыққа отырғанда оқушы өз дене бітімін дұрыс талапқа сай отыру ережелері ескертіледі.

«Ұшты-Ұшты» ойынын

Мақсаты: ұшатын және ұшпайтын жанды заттарды ажырата алуын байқау, ұызығушылығын ояту.

Қолданылуы: сергіту кезеңінде, сабақтың басында немесе сабақтың соңында да қолдануға болады.

Ұйымдастыру кезеңін ширату жаттығуынан басталады. Оқушыларға ұшатын заттар мен ұщпайтын заттар және ұйқас сөздер өлең арқылы айтылады. Соны оқушылар ажырату керек. Мысалы: «Үкі ұшты, түлкі ұшты.»

3. Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.

Мәтін бірнеше сөйлемдерден құрылады. Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойы болады. мәтіннің маз мұнына сай ат қойылады. мәтіннің құрылымын байқату: негізгі ойды беру формасы сөйлем. Мәтіннің басқы, ортаңғы ( негізгі), мәтіннің соңғы (қорытынды) бөлімдері болады.

Сұрақтары: Мәтін неліктен бірнеше сөйлемнен тұрады? Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңын қалай ажыратуға болады? Мәтінге ат қою үшін неге мән беру қажет деп ойлайсың?

4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

Үй тапсырмасын сұрау; Томағала сөзінің мағынасын дереккөздерден алып келген ақпараттарымен бөліседі. Түрткі сұрақтар қолданылады.

«Не? Қашан? Қайда?» әдісі

Мақсаты: алатын мағлұматтың қайдан, қалай, қашан, не зат екенін анықтау

Қолданылуы: Мәтінді оқытып, не туралы екенін анықтау. Ат қойып және жоспар құру. Мазмұндама жазу. Жоспар құрар алдында және мазмұндама жазарда ашық сұрақтар қолданылады. Сұрақтар қою арқылы мәтіннің әр бөлігіне жоспар құруға ықпал жасалады.

-Мәтінде не туралы айтылған?

-Қызғыш құс қайда мекендеген?

-Оның қорегі не болған?

Жоспар;

1.Қызғыш құс

2.Қызғыш құстың ерекшелігі

3. Қызғыш құстың қорегі

Топтық жұмыс жүреді. Қызыл, ақ, көк гүлдер арқылы топтарға біріктіріледі. Әр топқа шығармашылық жұмысқа тапсырмалар беріледі.

«Стоп кадр» әдісі

Мақсаты: Оқушылар тақырыптың, хикаяның және мақұлдаудың стоп-кадрын жасауды сұрайды. Стоп-кадр бұл «камера» өз жұмысын тоқтатқан нүкте. Топтар өз стоп-кадрларын сыныпқа, суретте не болып жатқанын талқылау үшін көрсетеді.

Қолданылуы:

1- топ «Қызыл» Жұмбақты оқып, шешуін таптырамын. Рольмен көрсетіп беру керек.

2- топ «Ақ» Мәтінді оқып шығу керек. Рольмен көрсетіп беру керек.

3-топ «Көк» Мәтіннің бөліктеріне ат қойдыру. Сипаттау мәтіні екенін дәлелдету

5. Саралау: Бейнежазба арқылы мәтіннің бөліктерін талдау барысында саралаудың «Дереккөздер» тәсілі арқылы кейбір оқушылар ауқымы талқылауға негіз болатын мәтіндерден бастап, анағұрлым қиын сөздерді және күрделі идеяларды түсіндіретін мәтіндерге дейін ауытқып отырады. «Не? Қашан? Қайда?» әдісінде «Диалог және қолдау көрсету» кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмекқажет болады.Топтық жұмыста саралаудың «Тапсырма» тәсілі жүреді. Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары орындайды.

6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар;

Бағалау критерий:

  • Мәтіннің тақырыбын және негізгі ойды анықтайды
  • Жоспар бойынша сипаттау мәтіннің құрылымдық бөліктерін анықтайды

Кері байланыс: «3+2+1» әдісі арқылы бүгінгі тақырыпты қаншалықты меңгергендері анықталады. Ұнаған 3 кезең( жоспар, ат қою, рольді сомдау, мәтін туралы бейнежазба) ұнаған 2 сұрақ (тақырыпқа қатысты қойылған сұрақ) , келесі сабаққа 1 ұсыныс

( тағы қандай мәтіннің ерекешеліктерімен танысқың келеді?) беру тапсырмасын орындайды.

  • Ұнаған 3 кезең ... , ... , .... .
  • Ұнаған 2 сұрақ ... ? ... ?
  • Келесі сабаққа 1 ұсыныс ... .

«Жарайсың!»,«Керемет!» сөздері арқылы үйге берілген тапсырма бойынша сұрақтарға жауап бере алған оқушыларды ынталандыру үшін қолданылады . «Қауырсын» арқылы мәтіннің бөліктерін анықтап және мазмұндама жазу барысында оқушыны жеке қолдау көрсету барысында қолданылады.Топтар бір – бірін басбармақ әдісі арқылы, берілген тапсырмаларды қаншалықты орындағандарына қарай кері байланыс бере отырып бағалайды .

7. Қосымша сілтемелер:

1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж

2. Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы

3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу