4. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_№8-сабақ Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері_Әдістеме


 Мұғалімге әдістемелік нұсқау

Бөлім: Жанды табиғат

Сабақ тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері

1. Сабақ мақсаттары:

  • Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтінін анықтай алады;
  • Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді мұғалімдердің көмегімен табады
  • Тірек сөздер арқылы пайымдау мәтінін және құрылымдық бөліктерін анықтай алады;
  • Пайымдау мәтінін және оның құрылымдық бөліктерін анықтай алады.

Ресурстар: қалташа, кесте, таныстырылым, дидактикалық материал

2.Қауіпсіздік және денсаулық сақтау нұсқаулығы, оқушыларға психологиялық жағымды ахуалды қалай ұйымдасырылады: оқушыларды ширату кезеңінде шаттық шеңберінде тұрып қасындағы сыныптасына тілек айтады. Оқу құралдарын қолдануда сақтық ережелерін таныстыру және үстелде отыру мен кітап, дәптер ара қашықтық туралы ескертіледі.

«Қағаздағы сұрақтар» әдісі

Мақсаты: Оқушыны ойлануға, зейінін шоғырландыруына көмектеседі. Үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді.

Қолданылуы: Әрқайсысы қағаз қиындысына өткен тақырыптан сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Араластырылған сұрақтар еркін түрде қатысушыларға таратылып беріледі.Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. Бұл – үй тапсырмасын сұрағанда қолдануға тиімді тәсіл.

3. Сабаққа қажетті теориялық материалдар: ереже, анықтамалар, түсіндірмелі сөздік, т.с.с.

«ПОПС формуласы» әдісі

Мақсаты: сөздің, терминнің, ереженің немесе белгілі бір ұғымның мағынасын түсіндіру және дәлелдеп көрсету

Қолданылуы:Берілген сөз тіркестері бойынша әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіннің ерекшеліктерін түсіндіреді

Бірінші сөйлем; « Менің ойымша,....»

Екінші сөйлем; «Себебі, мен оны былай түсіндіремін....»

Үшінші сөйлем; «Оны мына мысалдармен дәелдей аламын...»

Төртінші сөйлем; «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім...»

4. Әдіс-тәсілдерді ұйымдастырудың егжей-тегжейлі нұсқаулығы

Түйеқұс туралы бейнежазба көрсету

Тыңдалымнан кейінгі тапсырма

  • Түйеқұстың қандай пайдасы бар? Неліктен?

31-жаттығу

Мақсаты: Бейнежазбаны көру арқылы оқушы түйеқұс туралы ақпарат алады. Көру мен тыңдау дағдыларын арттыра отырып, айтылым дағдысы бойынша өз ойын жеткізеді

Қолданылуы: Бейнежазбаны көріп, талдаған соң. Өлеңді рөлге бөліп оқиды.Өлеңнен пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жазады.Түйеқұс неге ұша алмайды? деп сұрақ қою арқылы оқушының өз пікірі тыңдалады.

«Көршіңмен талқыла!» әдісі

Мақсаты: Оқушылардың өз ойларын ауызша білдіруі үшін қолданылады.

Қолданылуы: Сұрақ қойыңыз, ойлануға уақыт беріңіз, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісімен бөлісуін сұраңыз.

32-жаттығу (Ж.Ж) Мына сұрақтарға жауап бер. Керекті сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастыр. Әңгімеге ат қой

1. Бала орманнан не тауып алды?

2. Қоянның аяғына не болды?

3. Бала оған қандай қамқорлық жасады?

4. Қоян жазылғаннан кейін оны қайда апарды?

5. Бала неліктен көмектесті?

«Орнын анықта» әдісі

Мақсаты: Оқушының ойлануына және сауаттылығын анықтауға бағытталған

Қолданылуы: түсіп қалған әріп, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерге қолданылады

Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жұмбақты көшіріп жазады. Шешуін табады. Өзіндік пікірін жазады.

5. Саралау: Рөлге бөліп оқығанда саралаудың « Қарқын» тәсілі жүреді. Кейбір оқушылар тапсырманы тез орындайды.

Тірек сөздерді және сұрақтарды қолданып, әңгіме жазады.Бұл саралаудың кейбір оқушы күрделі дереккөздермен жұмыс жасайды

6. Қалыптастырушы бағалауға ұсыныстар:

Бағалау критерий:

  • Тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтіннің құрылмдық бөлігін анықтайды
  • Тірек сөздер және тақырыпқа қатысты сұрақтар арқылы әңгіме құрастырады

Кері байланыс: Өлеңді рөлге бөліп оқып бергені үшін және пайымдау мәтіннің бөлігін анықтағанаы үшін «Мадақтау» арқылы бағалау. Керекті сөздерді пайдаланып, әңгіме құрастырғаны және әңгімеге ат қойғаны үшін жұптар бір-біріне смайлик арқылы бағалайды. Көркем жазу арқылы, көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып «Жұлдызша» арқылы бағалаланады. Тиімді керібайланыс беру, дер кезінде жіберілген қателерді түзетуге көмек беріледі.«Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» әдісі бойынша өтілген тақырыпты қай деңгейде үйренгенін анықтау барысында қолданылады

Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір

Қандай жаңа білім алдың?

Алған біліміңді қолдана аласың ба?

Саған қиындық тудырған түсініктер

7. Қосымша сілтемелер:

1. Оқу жоспары Қазақ тілі Т1 3 сынып 2018-2019 жж

2.Оқулық Қазақ тілі «Атамұра» баспасы

3. Оқу бағдарламасы Қазақ тілі Т1



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу