1. Қазақ тілі_3 сынып_1-бөлім Жанды табиғат_ №8-сабақ Мәтіннің түрлері және құрылымдық бөліктері_ҚМЖ
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі Бөлімі: 1. Жанды табиғат №8-сабақ. Тақырыбы: Мәтін түрлері және құрылымдық бөліктері | Мектеп: | |||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каниева Нургуль Абилакимовна | |||||||||||||||
Сынып: 3 | Қатысқандар саны: | Қатыспаған оқушылар: | ||||||||||||||
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес) | 3.2.1.1 тірек сөздер/көмекші сөздер арқылы мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және оның құрылымдық бөліктерін анықтау; 3.1.4.1 тірек сөздер мен жоспарды пайдалана отырып, берілген тақырып бойынша әңгіме құрау; 3.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық және стилистикалық қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. 3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету | |||||||||||||||
Сабақтың мақсаты: |
| |||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Көмекші сөздер арқылы пайымдау мәтіннің құрылымдық бөлігін анықтайды Тірек сөздер және тақырыпқа қатысты сұрақтар арқылы әңгіме құрастырады Жіберілген пунктуациялық, орфографиялық, грамматикалық қателерді түзетеді Жазу талаптарын сақтап жазады | |||||||||||||||
Сөз қор |
| |||||||||||||||
Құндылықтар | Айналадағыларға қамқорлық көрсету; шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау | |||||||||||||||
Пәнаралық байланыс | Жаратылыстану пәні | |||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | - | |||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әңгімелеу және сипаттау мәтінінің ерекшеліктерін ажырата алады | |||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Психологиялық ахуал. Шаттық шеңберінде тұрып қасындағы сыныптасына тілек айту ( Ұ.Ж) «Қағаздағы сұрақтар» әдісі арқылы өткен сабақты пысықтау Әрқайсысы қағаз қиындысына өткен тақырыптан сұрақтарды жазып, қалташаға салады. Сұрақтарды араластырып, қатысушыларға бір-бірден таратылып беріледі. Әркім өзіне түскен сұрақтарға жауап береді. | Слайд 3 | ||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 12 мин 8мин | ( МК.Ө) Көркем жазу Үлгі бойынша жазу.Т әрпінен басталатын сөздерді табу, талапқа сай жазу. Мысалы, Тт түйеқұс, тотықұс, торғай, тоқылдақ, тырна ... ( М.К Ұ) Мәтін түрлері. Оқушыларға мәтіндердің ерекшелігіне тоқталып кетемін. Әңгімелеу, сипаттау, пайымдау мәтіннің ерекшеліктерін естеріне түсіріп талдату. «ПОПС формуласы» әдісі Бірінші сөйлем: « Менің ойымша,....» Екінші сөйлем: «Себебі, оны былай түсіндіремін....» Үшінші сөйлем: «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын...» Төртінші сөйлем: «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім...» Пайымдау мәтіні «Неліктен?» деген сұраққа жауап береді. Бірінші сөйлемде негізгі ой айтылады. Ал қалған сөйлемдерде сол ой дәлелденеді. Көмекші сөздер міндетті қолданылады. Түйеқұс туралы бейнежазба көрсету 00.40 сек аралыққа дейін
31-жаттығу Өлеңді рөлге бөліп оқы. Өлеңнен пайымдау бөлігін тауып, көшіріп жаз. Түйеқұс неге ұша алмайды? Өз пікіріңді білдір. Дескриптор: -рөлге бөліп оқиды -пайымдау бөлігін анықтайды; - қатесіз көшіріп жазады Қ.Б: «Мадақтау» арқылы бағалау 32-жаттығу (Ж.Ж) «Көршіңмен талқыла!» әдісі Суреттер бойынша сұрақтарға жауап беру, ат қою, тірек сөздерді қолданып әңгіме құрау. Керекті сөздер: бірде, көрді, аяғы сыныпты, әкелді, таңды, емдеді, тамақ берді, жазылды, еркіне жіберді. Дескриптор; -сурет негізінде сұраққа жауап береді -тірек сөздерді орынды қолданады -әңгімені жүйелі құрастырады -ат қояды ҚБ: Смайлик арқылы бағалау жұптар бір-бірін 33-жаттығу (Ө) «Орнын анықта» әдісі арқылы жеке тапсырманы орындау. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, жұмбақты жатқа жазу. Шешуін табу. Неліктен қорқып тұратыны туралы өз ойыңды қысқаша жаз. Қалқ ....ып ұзын құла...ы, Елеңдеп қорқып тұрады. ҚБ: «Жұлдызша» арқылы бағалау | Слайд 5 Слайд 6 Қосымша 1 https://www.youtube.com/watch?v=RUbur3n-cB0 Слайд 7 Оқулық 22-бет Қосымша 2 Слайд 8 | ||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин Оқылым, жазылым | Кері байланыс Кестені толтыру. Өз ойын жазу «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір»
Үй жұмысы: Ұядан түсіп қалған балапанға қандай көмек беруге болады? Санамалап жаз. | Слайд 9 | ||||||||||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||
Рөлге бөліп оқығанда саралаудың « Қарқын» тәсілі жүреді. Кейбір оқушылар тапсырманы тез орындайды. Тірек сөздерді және сұрақтарды қолданып, әңгіме жазады.Бұл саралаудың кейбір оқушы күрделі дереккөздермен жұмыс жасайды | «Мадақтау» арқылы бағалау Смайлик арқылы бағалау жұптар бір-бірін «Жұлдызша» арқылы бағалау Өз ойын жазу «Сабақ мазмұны бойынша ойыңды білдір» | Оқу құралдарын қолдануда сақтық ережелерін таныстыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?