Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 4 - бөлім Айналамыздағы дүние Суретпен берілген өлеңдерді оқу ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

4-бөлім «Айналамыздағы дүние»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:2 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Суретпен берілген өлеңдерді оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.1.3.1 Баяндау арқылы оқиғаны өз бетінше мазмұндай алады

2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді

2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды

2.2.8.1 Мұғалімнің көмегімен түрлі мәтіндердегі сөйлемдер мен әдеби көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстырады

 Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан диаграмма жасайды. Өлең ұйқастарын тауып, шығармашылығы дамида. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

 Бағалау критерийлері

Екі немесе одан көп өлеңдердің сөйлем құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай алады; мәтіндердегі,өлеңдердегі түрлі әсер туғызатын көркем сөздерді анықтай алады; мұғалімнің көмегімен мәтінөдегі көркемдегіш құралдардың қолданысын салыстыра алады.

 Тілдік мақсат

 

Жеміс – жидек, көкөністердің атауларын білу және атау.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен шеңбер құру.

Оқушылар шеңберге тұрып, жеміс, жидек, көкөніс суреттерінің суреттерін таңдап алып, атауын атайды, алған суреегі жемістің немесе көкөністің түріне қарай топқа бөлінеді.

Жемістер мен көкөністерің суретері.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Оқушылар топқа бөлініп орындарына отырады, әр топқа жеміс, жидек, көкөністің суреті және өлең сөздері беріледі. Әр топ жақша ішіндегі өлеңнің соңғы жолдарын ұйқасына қарай орналастырады.

Бір тістеп өзін ...

Дәмі аузымда ...

Домалантып ...

Күнде қызыл ...

(алғамды, қалғанды, жеймін мен, алмамды.)

Мақтанғаннан не ...?

Менсіз дәмді щи ...?

Мені қосса ...,

Бәрі жейді ...!

(пайда, қайда, самсаға, тамсана)

Жазда өседі ...

Жемісін тер, ...

Апаң қақ та ...

Қыста керек ...

(таңқурай, қалдырмай, қайнатар, нәр мұндай)

Әр шыққан өлеңді жеміс ішіне орналастырып, суретті өлеңді постерге желімдеп, қорғайды.

(Ө) Дәптермен жұмыс. Оқушылар өздеріне ұнайтын бір жемістің атынан шағын эссе жазады. Мысалы:Мен алмамын. Менің бойымда адамға қажетті дәрумендер бар. Мен ағашта өсемін. Менің түсім әр түрлі болады: сары, жасыл, қызыл т.б.

(Ұ) Шыққан өлеңді мәнерлеп оқу тапсырылады.

(ОТ) Әр топ жеміс – жидектердің суреттерін пайдаланып, диаграмма жасайды. Алма, мандарин, киви жемістерінің түрлерінің қайсысын ұнатады сол таңдаған жеміс түрін ватманға жабыстырады.

Постер, жемістердің суреттері, өлең жолдары.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия. Қолдарыңдағы жеміс суреттеріне (+, -) белгісін қойып, сабаққа кері байланыс жасаңдар. Сабақ ұнаған жағдайда +, қиындықтар болып, түсінбеген жағдайда – белгісін қойыңдар.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу