«Табиғат пен қоршаған орта» Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен, ТВ бағдарламаларымен салыстыру


Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиет

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім: 7 – бөлім «Табиғат пен қоршаған орта»

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан:4 Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әдеби емес кітаптарды сапарға барумен, ТВ бағдарламаларымен салыстыру

2.1.7.1 Мәтіндегі өзгерістерді (дауыс ырғағы, дауыс қарқыны, мәнері, екпіні, т.б.) ескере отырып, тыңдалған материалдың негізгі бөліктерін анықтайды

2.1.1.1 Өзгелердің әңгімесін тыңдайды және - өзінің келісетінін, келіспейтінін білдіреді.

  Сабақ мақсаттары

Мәнерлеп оқиды, өз тарапынан қорытынды жасайды. ТВ бағдарламасын көре отырып, әдеби емес кітаптардағы мәтінмен салыстырып, шығармашылығы дамиды. Әдеби сөздермен ойын айтуға жетелеу. Әдеби сөздермен өз ойын айтуға үйрену.

Бағалау критерийлері

Мәтіндегі өзгерістерді ескере отырып, тыңдалған материалдардың негізгі бөліктерін анықтай алады

 Тілдік мақсаттар

 

Бағдарлама, спорт түрлері, футбол, баскетбол, шаңғы тебу, бокс.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

(Ұ) Оқушылармен сыныпта жайлы ахуал орнату. Оқушыларға жұмбақ жасыру арқылы зат есімді қайталату.

кім? не? сұрақтарымен

Сөйлемдегі ой иесі боламын. (зат есім)

Не істеді? сұрағымен көркейемін, толамын. (етістік)

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ,Т) Әр оқушыға төмендегі сұрақтар беріледі.

1. Зат есім дегеніміз не?А) қимылды, іс - әрекетті білдіретін сөзә) заттың атын білдіретін сөзб) заттың сынын, сапасын білдіретін сөз2. Туынды зат есімді тапА) қалаә) малшыб) тау3. Көптік жалғаулы зат есімА) батырә) оқушыларб) тау4. Жалқы есімді тапА) журналә) ағашб) Алматы5. Зат есім тобын тапА) үлкен, көгілдір, ащыә) Алатау, арман, алмаб) өседі, тербеледі, ұшады

(Т) Топпен жұмыс. «Қазақстан» сөзі беріледі, әр топ осы сөзден жаңа сөз шығарады, тапқан 3сөзбен сөйлем құрады.

Қаз, қас, тас, сан, таза, аз, сақ, қақ, қан, нас, нақ, ақ, ас, ат, тана, таса, сақа, стақан, қазақ, атақ, зат, асқақ, тақ, сақта

(Ж) Жұппен жұмыс.

Әр топ берілген сурет бойынша сөйлем құрады.

(Ж,Ұ) Толық емес сөйлемдер ойынын ойнау.

Мен .... тұрамын.

Маған менің .... ұнайды.

Менің .......... өте әдемі, әрі ....

Біздің еліміздің табиғаты ....

Биік-биік асқар ..., мөп-мөлдір ..., неше түрлі ... мен дәрілік қасиеті бар шөптер ...

Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, ... жануарлар ...

Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз ...

(Ө) ТВ бағдарламасын тамашалау. «Бекзат Саттарханов» туралы бейнебаян көру.

Жеке-жеке сөздерден Қазақстан өлеңін құрау тапсырылады.

Ұлан, байтақ, қазақстан, өр, тұлғалы, ерін, жерім, елім, өсірер, тәрбиелеп

Қазақстан – елім,Ұлан - байтақ жерім.Тәрбиелеп өсірерӨр тұлғалы ерін.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия. Оқушылар аяқталмаған сөйлем кестесін толтырады.

Мен білгенмін...

Үйрендім...

Білімімді толықтырғым келеді...

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.

Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 тоқсан

1. Мәтіннің тыныс белгісін қойып көшіріп жаз.

 Қазақтар аққуды киелі құс деп санаған аққу құсы әдемі, әрі ақ түсті болып келеді қазақтың әдемі қыздарын аққуға теңеген олар жұп болып өмір сүреді егер жұбынан айырылып қалса, не біреуі қаза болса, екіншісі қайғырып өлуге барған.

 

1) Әдемі, қайғыру сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Ақ –

Сұлу-

Өмір сүреді-

3) Ақ түсті тіркесіндегі түс сөзінің басқа мағынада қолдануына мысал келтір.

2. Мәтінді оқы.

Көгершін – көп халықтарда бейбітшіліктің белгісі.Ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Көгершіндер орманды, кейде таулы жерлерде тіршілік етеді. Денесі тығыз, тұмсығы қысқа. Көгершіндер бүкіл жер жүзіне тараған.

1) Халық, бейбітшілік сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Қысқа –

Тыныштық-

Көп-

3) Жер бетіне тіркесіндегі бет сөзінің басқа мағынада қолдануына(омоним) мысал келтір.

3.Қарлығаш — адамның досы, жанашыры, қай кезде де қамқор боп жүретін адал құс. Қарлығаш әдеміліктің де символы. Қарлығаш қораға қонса, қой егіз туады, ақ мол болады. Ал егер үйге қонса, үй – жан басы көбейеді. Қарлығаштың ұясын бұзған баланың көзін дәуіт шұқып тастайды. Себебі, дәуіт пен қарлығаш ағайынды.

1) Дос, ағайынды сөздерінің синонимдік қатарын жазып шығыңдар.

2) Мәтіндегі келесі сөздердің антонимдерін тауып жазыңдар.

Дос-

Қон-

Бұз-

3) Қой сөзінің басқа мағынада қолдануына (омоним) мысал келтір.

Жерден тары шоқып ап.

«Шиқ-шиқ» десіп отырмақ.

Бөтегесі томпайып,

Торғай – торғай тоқылдақ,

Қарға қарға қарғалар,

Боран соқса долданып,

Қар үстінде жорғалар.

Бұтаға келіп қорғанар.

Таранып қаранады жан-жағына.Сұлуды тасалама көк торғын бу!

Қаңқылдап қанатымен сабалап су.

Күн құшқан айдын көлде жалғыз аққу,



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу