Табиғат пен қоршаған орта Жануарлар туралы әңгіме оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7-бөлім «Табиғат пен қоршаған орта» | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 4 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Жануарлар туралы әңгіме оқу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді. 2.2.2.1 Тыңдаушыны қызықтыру үшін көркем-бейнелі сөздерді (сын есім, т.б.) пайдаланады. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушыларды салыстырмалы талдау жасауға дағдыландыру. | |||||
Жетістік критерийлері | Мәтіндегі оқиғалар мен кейіпкерлер туралы сұрақ қояды және пікір білдіре алады. | |||||
Сөздік қор | Жолбарыс, қу түлкі, айбарлы, қорқақ, айла сөздерін ертегі құрастыру барысында қолдану. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылар қиын сәтте жол таба білу керектігін түсінеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Ертегіні сахналау кезінде кейіпкерлерге сәйкес әуен қосылып музыкамен байланыс жүзеге асады. Орманды сахналауда дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||
АКТ | Әңгімені әсерлі баяндау үшін қажетті сөздерді таңдап, АКТ-да жазып қояды. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әлем туралы әңгімелер оқып, мазмұнын айтып үйренді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 2 минут | (Ұ) Оқушылар қима әріптерден тақырыпқа байланысты сөздер мен сөз орамдарын құрастырады. | Әріптер | ||||
Сабақ ортасы 36 минут | (МК) Оқиғаны бағытталған оқу әдісін қолданып қарастыру. Қу түлкі Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады. Түлкі құйрығын бұлғаңдатып, тұмсығын жоғары көтеріп: -Мені жей алмайсың! Мен осы орманға қожалықетуге келгенмін,-дейді. Жолбарыс түлкіге олай бір, бұлай бір қарап, сенбей: -Мүмкін емес,-дейді. -Сенбесең менімен бірге орманға жүр. Ондағы барлық аңдардың менен қалай қорқатынын өз көзіңмен көр,-дейді түлкі. Жолбарыс бұған келіседі. Түлкі жолбарыстың алдына түсіп, паңдана жүріп отырады. Жолбарысты көріп аңдар мен құстар зәресі ұшып, тым-тырақай қашады. Ұялары мен індеріне тығылады. Аспанға ұшады. Ал қу түлкі басын одан сайын көтере түсіп: -Ал енді көзің жеткен шығар. Менен қорықпайтын жан бар ма тірі?деп мақтанады. -Иә, сен шынында да айбарлы екенсің,-деп алданған жолбарыс жайына кетеді. (ОТ) Негізгі ойды анықтау. Оқиға күлкілі, қызықты немесе қорқынышты болуы үшін жазушы қандай сөздер, сөз тіркестері мен сөйлемдер қолданғанын анықтау. Жаңа және қызықты сөздерді сөздік дәптерлеріне жазу. Әртүрлі нұсқалар мынадай болуы мүмкін:
(Т, Дифф.) Осы ертегі бойынша өз нұсқаларын жазғызу. Қабілеті жоғары оқушылар өз әңгімелерін құрастыра алады, ал қабілеті төмен оқушылар сурет салады.
(ҚБ) Мәтіндегі оқиғалар мен кейіпкерлер туралы сұрақ қою және өз пікірін білдіру. Ертегі айту бұрышын дайындау. Ол жерде ертегі айтушының орындығы және әңгімелеуге көмек болатын материалдар болады. Мысалы: қуыршақтар, ойыншықтар, қажетті құрал-жабдықтар. Оқу бұрышына ертегінің бірнеше нұсқасын қойып, оқушылардың бос уақыттарында оқуларына рұқсат беру. | Ертегі АКТ-да көрсетіледі. Суреттер Бетперделер, қуыршақтар, ойыншықтар, қажетті құрал-жабдықтар. | ||||
Сабақтың соңы
| Рефлексия Келесі сабақта осындай тапсырма орындағым келеді,-деген оқушылар бір қатарға тұрады. Ал маған бұл қызықсыз, басқа тапсырмалар орындағым келеді,-деген оқушылар екінші қатарға жиналады. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әр топтың жұмысы мадақталады. Қабілеті жоғары оқушылар өз әңгімелерін жаза алады, ал қабілеті төмен оқушылар сурет салады. | Оқушылардың екі немесе одан көп мәтіндердің сөйлем құрылысындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтай алуы бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Сахналау кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?