Еліктеу, жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
Дидактикаық материал
2 сынып 3 тоқсан
6 – бөлім «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: «Еліктеу, жаңалық енгізу және оқиғаны ойдан шығару»
Үш аю
Ертеде бір кішкентай қыз болыпты. Бірде ол орманға барып, адасып кетеді. Қайтар жолды іздеп жүріп, қалың ағаштар арасында тұрған ескі үйге кезігеді. Есігі ашық тұр. Қыз ішке кіреді. Бөлмеде ешкім көрінбейді.Бұл үйде үш аю тұратын. Ең үлкені әкесі, ортаншысы шешесі және олардың баласы – кішкене қонжық. Үшеуі бұл кезде орман аралап, серуендеп кеткен.Бөлме ортасында үлкен ағаш үстел мен үш орындық тұр. Үстел үстіне ас құйылған үш ыдыс қойылған. Кішкентай қыз ең үлкен орындыққа шығып, одан құлап түседі. Ортаншысына мініп еді, ыңғайсыз көрінеді. Көңілінен шыққан тек үшінші орындық болады.Қыз қонжықтың орындығына отырып, көк табақтағы тамақты ішіп алады. Қарны тойған ол кішкентай орындықты ары-бері шайқап ойнайды. Ақырында оны сындырып, өзі жерге құлайды. Қолымен қонжықтың қасығын қағып жібереді. Қасық ұшып барып, бұрышта тұрған сандықтың астына кіріп жоқ болады.Қыз орнынан тұрып, келесі бөлмеге кіреді. Бұл жерде үш төсек бар екен. Қыз ең үлкен төсекке шығады. Бұл оған тым үлкендік жасайды. Одан түсіп, ортаншысына жатады. Ол биік көрінеді. Ыңғайлы болғаны – үшінші төсек. Қатты шаршаған қыз осы қонжықтың орнына жатып, тәтті ұйқыға батады.Бұл кезде орманды аралап шаршаған әрі қарындары ашқан аюлар үйлеріне оралған еді. Ішке кірген олар алдымен тамақтанбақшы болады. Ең үлкен аю өз табағына қарап, жуан дауысымен:
Дұрыс | Дұрыс емес | |
Кішкентай қыз орманда тұрады | ||
Адасқан қыз ағаштар арасында тұрған ата мен әженің ескі үйіне келеді | ||
Бұл ескі үй үш аюдың үйі | ||
Аюлар орманға серуендеуге шықты | ||
Кішкентай қыз орманда адасып кетті | ||
Үстел үстінде ас құйылған үш ыдыс тұрды | ||
Кішкентай қыз ортаншы орындыққа отырды | ||
Қонжықтың орындығы ең ыңғайлысы болды | ||
Тамақтанған қыз далаға серуенге шықты | ||
Аюлар да үйіне келіп тамақтанып, ұйықтауға жатты | ||
Аюлар қыздың келгеніне қатты қуанды |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?