Сыйлық туралы өлең оқу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 3 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқаны:

Қатыспағаны:

Сабақ тақырыбы

Сыйлық беру жайында өлең оқу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттар мен пікірлерді өздігінен жазады.

 Сабақ мақсаттары

Оқушыларды қарапайым мәтін мен өлең жазуға дағдыландыру.

 Жетістік критерийлері

Қарапайым мәтін немесе өлең жаза алады.

 Сөздік қор

Сыйлық, сыйлық сыйлау.

 Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойында сыйлау, қуанту, қуаныш, бақыт туралы ойлар дамиды.

 Пәнаралық байланыстар

Өнер пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

Алдыңғы меңгерілген білім

Әлем туралы әңгімелер оқып, мазмұнын айтып үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

(Ұ) Оқушылар шеңберде отырып, өздері жақын уақытта алған сыйлық туралы әңгімелеседі.

Сабақ ортасы

30 минут

(МК) Бірлесіп жазуды қолдана отырып, қарапайым өлең жолын жазуды көрсету.

Сыйлық берудің себебін негізге ала отырып, Мысалы: «Бақыт»

Сын есімдер және сипаттау сөз тіркестерін қосып, ойды жалғастырып, кеңейтуді ұсыну.

Дайын өлеңді нұсқа етіп қолдану.

Дұрыс сөздерді таңдап, сөз тіркестерінің орнын ауыстыруды көрсету.

Жаңа сөздерді табу үшін сөздікті қолдануды үйретіңіз.

(Т) Сыйлық ретінде не беретіндерін сұрау. Бірнеше ойды жинақтап, әр оқушы біреуін таңдайды. Содан соң өлең жолын шығару үшін топпен ұйқас сөздер мен тіркестерді қосады. Бірнеше жол жазылғаннан кейін, бірлесе отырып, шумақ шығарулары тиіс.

(Ө,Қ) Сыйлықтарды сипаттайтын өлең жазатындарын хабарлау. Топпен жасалған жаттығудан идея алуларына болады.

(Дифф.) Қабілеті төмендеу оқушыларға жартылай берілген жолдарды аяқтауды тапсырылады.

Қорабыма таусылмайтын бақытты ....

Қабілеті жоғарылау оқушыларға өздігінен ұйқас сөздерді таңдап, өлең шығару тапсырмасы ұсынылады.

(Т) Оқушылар өлеңді қызықты әрі тартымды жазуы үшін қажетті идеялар мен сөз орамдарын (фразаларды) таңдап, бірлесіп жазуды қолданады.

Оқушылардың қабілеттерін тексеру:

- алфавитпен реттелген мәтінді тиімді қолдануларын;

- қалаған әсерді беру үшін қызықты сөздерді пайдалануларын.

(Ө) Шығарған өлеңдерін таза параққа әдемілеп жазу.

Көшірмесін жасап, арналған адамына сыйлық ретінде жіберуді ұсыну.

АКТ

Сабақтың соңы

  • минут

Рефлексия. Оқушылар өздері қалаған смайликтерді алып, сыйлық қорабына салады.

Маған өлең жазған өте ұнады, мен өлең жаза білемін!

Маған әлі де көмек қажет.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті төмендеу оқушыларға жартылай берілген жолдарды аяқтау тапсырылады.

Қабілеті жоғарылау оқушыларға өздігінен ұйқас сөздерді таңдап, өлең шығару тапсырмасы ұсынылады.

Сыйлықтарды сипаттайтын өлең жазу қабілеттері бағаланады.

Сергіту сәті өткізіледі.

Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу