Әріптер,сөздер, емле және грамматика_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

6-бөлім: Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әріптер, сөздер, емле және грамматика

Құмырсқаның қанағаты.(ертегі) Сын есім

Осысабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды.

 Сабақ

 мақсаттары

Т/А4 Астарлы мағынаны болжау

О1 Ақпаратты түсіну

Ж4 Өз ойынан мәтін жазу

Жетістік

критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

  • өз идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін сөздерді орынды қолдана алады.

 Сөздік қор

 

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті,ертегі мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар

 Құндылықтарды дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

дүниетану,ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

6-бөлім оқушылардың 5-бөлімдемеңгерген білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әңгімелер мен өлеңдердің мазмұнын айтып және өздігінен сөйлемдер құрастыруды білуі тиіс.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал.

Армысың, алтын күн!

Армысың, көк аспан!

Армысың, жан досым,

Жылуыма жылу қос,

Міне, менің қолым бос!

Қандай салт-дәстүрлерді білесіңдер?

Ақ қағазға атын жазу, қар атысып ойнау. Қолына түскен салт-дәстүр бойынша ауызша қысқаша мағлұмат береді.

Балаларға арналған салт-дәстүрлерді атайық. Тұсау кесу, сүндет той, шілдехана, бесік той, ат қою, қырқынан шығару, атқа мінгізу, тоқымқағар.

Суреттер, видео,

тірек сөздер

«Ой қозғау» Жұмбақ шешу

Бір балуан өзі күшті, қайраты мол,

Өзінен үлкен затты көтерер ол.

Мейлі қыр, мейлі жота, мейлі төбе,

Қайқаңдап аса берер бәрінен ол.

Екі ұшы жұдырақтай

Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

Мұғалім:.Құмысрсқа жайында не білеміз? (3 минут)

Балалар бүгін біз «Құмырсқаның қанағаты» ертегісімен танысамыз.

Бүгінгі сабағымыздың мақсаты: халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегені түсініп оқу арқылы мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, негігі идеясын ашу. Кейіпкерлердің іс-әрекетін дәлелдеуде өз ойыңды көркем тілмен жеткізе алу, өз бетімізбен жұмыс жасаймыз. Құмырсқаның қанағатымен, талпынысы мен табандылығын үлгі етеміз. Адам бойындағы жақсы қасиеттерге тоқталамыз.

Мәтінмен жұмыс.

а) Ертегіні тізбектеп оқу арқылы бөлімдерге бөлу.

1) Оқымыстының құмырсқа илеуіне тап болуы.

2) Құмырсқаға сұрақтар қоюы.

3) Бір жыл өткен соң.

Әр бөлімді жекелей оқыған оқушы ретімен бір-біріне сұрақ қояды.Сұрақ қою арқылы оқыған оқушы түсіндіреді.

ә) Ертегіні рөлге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс. (Сын есімдерді тауып жазу)

Қанағатшыл, ақылды, иісшіл, ұйымшыл, пайдалы, еңбекқор, қайратты

Сөздікпен жұмыс.

Оқымысты-ғұлама, білімді, данышпан, көзі ашық.

Қанағат-барға риза болу, місе тұту.

Шығарманы талдау.

1. Жанр түрі. ( Ертегі)

2. Ертегінің түрі: (қиял-ғажайып ертегісі)

3. Тақырыбы: (Құмырсқаның қанағаты.)

4. Негізгі идеясы: (Адам бойындағы жақсы қасиет)

5.Бейнелі сөздер: бүктісіп

6. Кейіпкерлер: ( Ғұлама адам, құмырсқа)

Шығарманың композициялық құрылымы:

Басталуы ( Оқымысты адамның құмырсқа илеуіне тап болуы)

Байланыс: ( құмырсқаны ұстап алуы)

Дамуы : (Құмырсқа сауыт ішінде ашығуы )

Шарықтау шегі: (4-5 жылға жеткізер еді)

Шешімі: (Құмырқаның қанағат тұтып ойлағанына жетуі)

Сергіту сәті: Балалар құмырсқаның қимылын келтіріп сергіту сәтін жа-сайық.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға қарады, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

Видео көрсету. «Кешкі ертегі»

Сабақтың

соңы

Сабақты қорытындылау

Адам болам десеңіз

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой.

Бес асыл іс көнсеңіз. Абай.

-Сонымен балалар құмырсқаның қанағаты ертегісін оқи отыра, көңілімізге не түйдік?

— адамгершілік қасиеттерді, шешендігін, тапқырлығын, еңбекқорлығын, ынтымақтығын, қанағаттылығын білдік.

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгін сабақта белсенді болдым, өйткені...

Маған сабақта қиын болды, өйткені..

Мен сабақта түсінбедім, өйткені...

Келесі сабақта ...

Бүгінгі  сабақтан  алған  әсерін, жетістігін  айтып, өзін-өзі  бағалауға  мүмкіндік  беру.

Денсау-лық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу