Қазақ тілі 2 сынып 6 бөлім Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті Мазмұнын айта аламын ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Мазмұнын айта аламын. «Cіз» бен «сен». | |||||||||||||||||||
Оқу мақсаттары | 2.2.1.2 мәтінді іштей оқып, ондағы қажетті ақпараттарды белгілеп оқу, мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру | |||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Мәтінді іштей түсініп оқиды. Мәтіндегі қажетті ақпараттарды белгілейді. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді. Мазмұнын айтады. | |||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | «Баяғы бір заманда..., одан кейін...., кенет..., сол кезде...», тұсаукесер, бесік жыры, шілдехана, байғазы, т.б. сөздер мен терминдерді қолданады. | |||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | - қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік; - құрмет; - ынтымақтастық; | |||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дене шынықтыру, ғылымға кіріспе, дүниетану пәнімен байланыс | |||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Қаз,қаз басқан сәбиім! өлеңі | |||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||
1 минут 2 минут 5 минут | І. Психологиялық ахуал. Мақсаты: Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру, жағымды көңіл-күй тудыру.Өмір бойы білім алуға бағыттау. Оқушылар шеңберге тұрып, өлең жолдарын бірге қайталайды.
(МК, Ұ) Аудиожазбаны тыңдау Мақсаты:Сабақтың тақырыбын ашу арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру. -Балалар, сөздерге назар аударыңдар? -Оларды бір сөзбен не деп айтамыз? -Дұрыс айтасыңдар, ендеше бүгінгі сабағымыз да салт-дәстүрлермен байланысты болмақ. (Т,Қ)Өткенді қайталау Мақсаты:Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін еске түсіріп, пысықтау. Оқушыларға 4 дәстүр жазылған қима карточкаларды таңдау ұсынылады.Карточкада жазылған дәстүрді еске түсіріп, топта талқылап, айту тапсырылады. 1-топ:Байғазы 2-топ:Бесік той 3-топ:Тұсау кесу 4-топ:Бата. Оқушылардың жауаптары толықтырылады.Оқушылар бір-бірін шапалақтау арқылы бағалайды. -Барлық салт-дәстүрлермен байланысты тағы да бір дәстүр бар.Ол күнделікті өмірде де жақсы көрінеді?Ол әдептілікті, үлкенді сыйлағанды білдіреді. - Қандай деп ойлайсыңдар? Оқушылардың жауаптарын тыңдау Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау. -Қалай ойлайсыңдар, қандай жетістіктерге жетеміз? Оқушылардың жауаптарын критерийлер ретінде тақтаға жазамын. | Слайд Аудиожазба Үлестірмелі парақтар | ||||||||||||||||||
3 минут 10 минут 5 минут 7 мин 5 минут | (МК,Ұ)Сөздік жұмыс -Тақтадағы сөзге назар аударыңдар. -Қалай ойлайсыңдар, «Сіз» деп кімге айтамыз? -«Сен» деп ше? -Қай дәстүрде үлкенге құрмет жақсы көрінеді? Оқушылардың жауаптарын тыңдау (Ұ,Ө)Мәтінмен жұмыс. Әдебиеттік оқу, 52-бет Мақсаты: Мәтінді түсініп оқу.Тақырыбы бойынша негізгі ойды анықтау. Қажетті сөздерді анықтау. Оқушыларға мәтінді іштей оқыту.Оқу барысында қажетті сөздерді белгілеу тапсырылады. (Т,Ұ,Қ) «Бізден сұрақ, сізден жауап» ойыны Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы мәтіннің мазмұнын талдап, оқушылардың түсініктерін анықтау. Тапсырма:Мәтін мазмұны бойынша сұрақ құрастырыңдар, қойған сұраққа жауап беріңдер. Оқушылар бір-бірінің жауаптарын басбармақ арқылы бағалайды. (Т,Қ)Карточкамен жұмыс Мақсаты:Мәтіннен негізгі ақпаратты таба білу қабілеттерін дамыту. Тапсырма:Мәтіннен ақпаратты тауып, кестені толтырыңдар.
Оқушылар жауаптарды тақтадағы нұсқадан тексереді.Өздерін дескриптор арқылы бағалайды. (Ө,Қ) Дәптермен жұмыс 23-бет 1-тапсырма Мақсаты: Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдер қолдана алу деңгейлерін анықтау.Сауатты жазу дағдыларын жетілдіру. Тапсырма:Құрмет, сыйластық жайлы мақал-мәтелдерді тауып, көшіріп жазыңдар. Өзара бағалауды ұйымдастыру. | Слайд Оқулық Кестелер Жұмыс дәптерлері | ||||||||||||||||||
Соңы 2 мин | Рефлексиялық-бағалау кезеңіКері байланыс:Бағалау критерийлері бойынша кері байланыс жасау.
Өзін-өзі бағалау: Стикерге өздерінің атын жазып, баспалдақтағы орнын анықтайды. | Түрлі стикерлер арқылы өздерін бағалайды.
| ||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар сұрақтарға өз бетінше жауап бере алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
\
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?