2 сынып Қазақ тілі Синоним, омоним, антоним


Сабақтың тақырыбы:

Синоним, омоним, антоним

1. «Көрікті» сөзінің синонимін табыңыз

А) сұлу

Ә) биік

Б) инабатты

2.«Қысқа» сөзінің синонимін табыңыз

А) ұзын

Ә) тез

Б) шолақ

3. Синоним дегеніміз ...

А) мағынасы бірдей сөздер

Ә) мағынасы әртүрлі сөздер

Б) мағынасы қарама -қарсы сөздер

4. Сен биіктен түс.

А) етістік

Ә) зат есім

Б) сын есім

5. Ара бал жинайды.

А) жеміс

Ә) құрал

Б) жәндік

6. Жазу жаз. Кілемді жаз. Жаз келді.

А) антоним

Ә) синоним

Б) омоним

Менің достарым

Айжан мен Санжар менің достарым. Олар бір- біріне ұқсамайды. Мінездері де түрлері де әртүрлі.

Айжанның шашы ұзын, көзі үлкен, дауысы жіңішке, бойы аласа, денесі арық, мінезі ашық, тез сөйлейді.

Ал Санжардың шашы қысқа, көзі кішкентай, дауысы жуан, бой биік, денесі толық, мінезі тұйық, баяу сөйлейді.

Кестені Айжан мен Санжардың сипатымен толтырыңыз

Мәтінді түсініп оқы. Шынықсаң, шымыр боласың!

- Әділеттің әкесі Әділ күн сайын ерте тұрып, денесін шынықтырады.

- Әділет, кел, бірге шынығайық, - деді Әділ баласын шақырып.

- Мақұл, әке! деп Әділет әкесіне ілесе жүгіріп, жаттығу жасады.

- Шынықсаң, шымыр боласың! деді әкесі.

- Әке! Сіз қандай күштісіз?! деп Әділеттің қарақаттай көзі жайнап кетті. Жүзі нұрланып қуанып тұр.

«Балдырған» журналынан

Мәтін мазмұны бойынша бір- біріңе сұрақ қой және жауап бер.

Мәтінге ат қой.

Жүз

Жүз саны

Пышақтың жүзі

Адамның жүзі

Суға жүзді

Омоним сөздер

Қаламмен жаз (етістік)

Жаз келді (зат есім)

Кілемді жаз (етістік)

Антоним

кең-

ақ-

жарық-

үлкен-

ыстық-

ұзын -



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу