қазақ тілі және әдебиеті 2-сынып_5-бөлім _Дені саудың жаны сау_Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын_ПРЕЗЕНТАЦИЯ
Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын
Сабақтың мақсаты:
2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру
Мәтіннің тақырыбы: «Денім сау болсын десең...»
Тірек сөздер: Спорт, көңіл-күй, эндорфин гормоны, жарты сағат жаттығу жасау, жүзу, терең тыныс алу, көңіл-күйі жақсы болу, салауатты өмір салтын ұстану.
Бағалау критерийі:
Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздерге қарап, мәтін мазмұнын болжау;
Бір-бірінің көзқарасын тыңдау;
Қызықты ақпарат табу, өмірмен байланыстыру.
Әрбір дұрыс жауапқа 1 баллдан қойылады.
Жоғарғы балл саны-3 балл.
Спорт - көңіл күйді көтеріп, өз-өзіңізді көңілді сезінуге көмектеседі. Өйткені жаттығу барысында эндорфин гормоны көптеп бөлінеді. Ал ол гормонды - бақыт гормоны дейді. Ол адам жанын тыныштандырып, рахаттандырады. Бар болғаны жарты сағат жаттығу жасау сізді адамды түрлі аурудан аман алып қалады.
Сонымен қатар жүгіру мен жүзу де өте пайдалы.Спортпен шұғылданатын адамдар өзінің денесін жақсы көре бастайды, денсаулығына мән береді. Сонымен қатар, терең дем алуды да үйренеді. Ал терең тыныс алу арқылы адамның көңіл-күйі жақсы болады, жақсы ойланады, дұрыс ашуланшақтықтан аулақ болады, дұрыс шешім қабылдап үйренеді. Сондықтан спортпен айналысып, салауатты өмір салтын ұстану әрбір адамның парызы.1. Мақалдың жалғасын тап
Денсаулық-............................................
Дені саудың -.........................................
2. мақалды қатыстырып сөйлем құраңыз.
__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Бағалау критерийі:
Мақалдың жалғасын табады;
Мақал мағынасына аша отырып, сөйлем құрастырады;
«Сиқырлы доп»
Өзімді – өзім бағалаймын
Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен?
+ Мен ................ үйрендім.
-Маған .............. қиын.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?