Қазақ тілі және әдебиеті_ 2 сынып _5-бөлім Дені саудың – жаны сау_Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын_ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пән: қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Күні:

Сынып:

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теледидардан спорт хабарларын тамашалаймын

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.3.8.1 бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

Сабақ мақсаттары

Мәтін бойынша түсінбеген сөздерді белгілеу, қойылған сұрақтарға толық жауап беруге дағдылану.

Бағалау критерийлері

  • Тыңдаған материалдан түсінбеген сөзді белгілейді;
  • Мәтін бойынша сұрақ құрастырады;
  • Қойылған сұрақтарға толық жауап береді.

Тілдік мақсаттар

Комментатор, бағдарлама, спортшы, сұхбат, жанкүйерлер, жарыс, сұхбат барысында тыңдарманның назарын аударту мағынасында қолданатын сөздер, т.б.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, әдебиет, денешынықтыру, математика

Бастапқы білім

Спорт туралы хабар тамашалаймыз

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

7 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Таңғы шеңбер«Сөйлемді аяқта» жаттығу.

Оқушылар шеңберге тұрып, «Мен кеше .... көрдім» деп өткен күні не көргендерін айтады.

(Ұ) Мақсаты: Сұрақ-жауап арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.

  • Адам нені көреді?
  • Қайдан көреді?
  • Біз қандай тарау өтіп жатырмыз?
  • Денсаулық деген не?
  • Спорт туралы хабарды қайдан білеміз?
  • Қандай телебағдарламаларды білесіңдер?
  • Бүгінгі сабақта не туралы өтеміз?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Бағалау критерийлерін шығару.

слайд

Сабақтың ортасы

5 мин

2 мин

3 мин

3 мин

15 мин

Негізгі бөлім

(Ұ, МК) Бейнежазба көру.

Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша жаңа сөздерді талқылау, қойылған сұрақтарға жауап беру.

  • Оқушылар түсініксіз сөздерді жазады, жаңа сөздер талқыланады.
  • Бағдарламада мағлұмат қалай берілгенін талқылау.
  • Бағдарламадағы мағұлмат қалай берілді?
  • Қандай сөздер түсініксіз?
  • Неліктен?
  • Комментатордың дауысы қандай?
  • Сен комментатор болсаң қалай сөйлер едің?
  • Бағдарламада не жайлы болды?

Сергіту сәті

(Ж) «Сен маған-мен саған»

Мақсаты: өзара ақпарат алмасу,дұрыс сұрақ қою және оған толық жауап беруге дағдылану.

Жұпта жақсы көретін спортшылар туралы бөліседі.

Әңгімелесу кезінде мынадай сұрақтар қояды:

  • Сен қандай спорт түрлерін жақсы көресің?
  • Сол спорт бойынша атақты спортшыларды танисың ба?
  • Атақты спортшы болу үшін не істеу керек?
  • Адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

(Ұ) Проблемалық сұрақ

  • Балалар, сендер жұпта не істедіңдер?
  • Сұрақтарға жауап бергенді қалай айтады?
  • Сұхбатты кімнен алуға болады?

(Ұ. Т) Бейнежазбаны көру.

Мақсаты: мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру.

Ильин туралы бейне көру. Илья Ильин - Түнгі студияда Нұрлан Қоянбаев

Бейнеден көрген сұхбаттағы сұрақтарды еске түсіру.

Сол сұрақтарға жауап беру.

Алынған сұхбат пен мәтінде берілген ақпаратты салыстыру.

Дифференциация

Бір топ Ильин туралы сұхбат қоюға сұрақтар дайындайды.

карточкалар

https://www.youtube.com/watch?v=bzTgGdgXYLw

https://www.youtube.com/watch?v=WgTprVxMPrI

https://www.youtube.com/watch?v=XcMFiInyIy4

(2 мин 40 с бастап 6 мин дейін)

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақты қорытындылауРефлексия«Сөйлемді аяқта» сабақтан алған әсерлерін мұғалімнің бастаған сөзін жалғастыруы керек.

«Мен үшін бүгінгі сабақта.../ұнады/ұнамады, /қызықты болды/қызықсыз болды/. Себебі,...»

слайд

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейі жоғары оқушыларға қойылым дайындауға беріледі

Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағаланады

Сергіту сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып және жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу