Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 4 бөлім Айналамыздағы дүние Әңгіме жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім. Айналамыздағы дүние | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Мерзімі: 2 - тоқсан | Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М. | |||||
Сынып: 2 | Қатысқаны: Қатыспағаны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Әңгіме жазу | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Ж4 Өз ойынан мәтін жазу 2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады. Ж13 Орфографиялық нормаларды сақтау 2.3.13.1 Таныс емес сөздерді өтілген орфограмма бойынша жазады (п-б, к-г, қ-ғ; тасымал; й,у,ң) Ж9 Оқырманды қызықтыру, сендіру мақсатында жазу 2.3.9.1 Әріптерді дұрыстап, бірдей арақашықтықта және сызықтарын үзбей жазып, сауаттылықты дамытады және мәтінді өңдеген кезде пернетақтамен жұмыс істеу дағдыларын пайдаланады. | |||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылардың мәтін құрастырып жазу дағдыларын дамыту. | |||||
Жетістік критерийлері | Әріптерді дұрыс байланыстырып, сауатты, көркем жаза алады. | |||||
Сөздік қор
| Оқушылардың тыңдалған мәтін бойынша сөйлеу, жазу кезінде қыс тақырыбында сөздік қорлары молаяды. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушылардың қысқы табиғатқа деген сүйіспеншілігі артады. Әңгіме жазу кезінде ұқыптылыққа, сауаттылыққа бейімделеді. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Сергіту жаттығуларын жасау кезінде дене шынықтыру және музыкамен байланыс болады. Дүниетану пәнімен байланыс көрініс табады. | |||||
АКТ | Әңгімені әсерлі баяндау үшін қажетті сөздерді таңдап, АКТ-да жазып қояды. | |||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әлем туралы әңгімелер оқып, мазмұнын айтып үйренді. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | (Ұ) Оқушылар көңілді шеңберге жиналып, «Аяқталмаған сөйлем» ойынын ойнайды. Оқушылардың қолына аяқталмаған ойды білдіретін сөйлемдер беріледі. Мысалы, Мен бүгін... . | карточкалар | ||||
Сабақ ортасы 25 минут | (МК) Оқушыларға аудио-мәтін тыңдату. Қыс Қыс келдi. Қар қалың жауады. Аяз қатты болды. Өзен суы мұз болып қатты. Түн ұзара бастады. Балалар далада қармен ойнады. Қардан ойыншықтар жасады. Бiр топ балалар аулада қар лақтырысып ойнап жүр. Бәрi жылы киiм киген. Оқушылар шырша тойына дайындалып жатыр. Оқушыларға тыңдалған мәтін бойынша сөйлемдер жазу ұсынылады.
(Ұ) Сөйлемдерді қатесіз жазу жолдарын еске түсіру. 1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.2. Сөйлем сөздерден құралады.3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады.4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.5. Сөйлемнің соңынан тыныс белгісі қойылады.Нүкте(.), сұрау(?), леп белгісі (!)6. Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен байланысып тұрады. Олардың байланысын сұрақ қою арқылы табамыз.7. Бірдеңе жайында хабарлау мақсатында айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады8. Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады.9. Лепті сөйлем адамның көңіл күйін, сезімін білдіреді . Олар көтеріңкі дауыспен айтылады. Лепті сөйлемнен соң леп белгісі (!) қойылады. - Мәтінде қанша сөйлем бар? (Ұ) Жазу ережелерін еске түсіру. Сөзде әр әріптің элементтерін каллиграфиялық талапқа сай бірдей арақашықтықта және сызықтарын үзбей, көлбеу әрі дұрыс жазу керек. Орфографиялық ережелер: й,у,ң дыбыстары кездескен сөздерді тасымалдағанда бұл әріптер буынның басына жазылады. Сөз соңында п, к, қ дыбыстарынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол дыбыстардың орнына б, г, ғ әріптері жазылады. (Ұ) Сергіту сәті. (Ө, Қ) Әңгімені әсерлі баяндау үшін қажетті сөздерді таңдауда бағытталған жазу әдісін қолданып, әңгімелерін ретімен жүйелі баяндау үшін оқушылар әңгіме кестесін жоспар ретінде қолданып бірнеше сөйлемдерді жазады. (Дифф.) Жазу қабілеті жоғарылау оқушылар әңгімедегі оқиғаны немесе кейіпкерді сипаттай отырып, күрделі сөйлемдер жазады. Жазу қабілеті төмендеу оқушылар басты оқиғалардың ретін естеріне сақтау үшін әңгіме кестесін пайдалана алады. Мысалы: әңгімеге қатысты ретімен берілген суреттердің астына сөйлемдер жазады. Оқушыларға сөйлемдерін жазар алдында ішінен қайталап отыруын және жазып болған соң оқып тексеруін ескерту. (Ұ) Оқушылар жазған әңгімелерін бір-біріне дауыстап оқып береді. |
https://www.youtube.com/watch?v=nGL2BmeyKQg АКТ | ||||
Сабақтың соңы
| Рефлексия Нені үйрендім?» түріндегі кері байланысты жүзеге асыру. |
| ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Әр оқушының жауабы мадақталады. Жазу қабілеті жоғарылау оқушылар әңгімедегі оқиғаны немесе кейіпкерді сипаттай отырып, күрделі сөйлемдер жазады. | Оқушылардың - әңгіменің басты оқиғасын мазмұндау үшін кем дегенде үш сөйлем құрай алуы; - баяндау тілін қолдануы; - оқырман көзімен қарап әсерлі болуы үшін кейбір сөздерді түзетуі бағаланады. | Сергіту сәті өткізіледі. Жазу кезіндегі қауіпсіздік ережесі айтылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?