Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып Менің туған өлкем. Ескерткіштер. ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ
Астана – қазақ мәдениетінің, қазақ ескерткіш өнерінің жауһары. Оған осы 19 жылда бой көтерген 50 жуық өнер туындысының, тарих қатпарынан жеткен куәгер келбеттердің жиынтығы айғақ.
Бүгінде Астанада мемлекеттік тізімге енген Республикалық және жергілікті маңызы бар ескерткіштер саны - 46, тарихи-мәдени құндылығы анықталған және болашақта ескерткіштер қатарын толықтыратын объектілердің саны - 37, археологиялық ескерткіштер саны -12. Құрылыс шекарасы күннен-күнге кеңейіп отырған жаңа қала-астанада археологиялық ескерткіштерді қорғау аймақтарымен бірге сақтап қалу жолындағы іс-шаралар ерлікпен тепе-тең болды десек қателеспеспіз.
Астанадан бұрын, ел тәуелсіздігімен түйдей құрдас мәңгілік бейненің бірі – С.Сейфуллин ескерткіші. Осыдан жиырма бес жыл бұрын қалада ұлт тарихына байланысты жалғыз С.Сейфуллиннің ескерткіші тұрды.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Астанада Төле би, Қазыбек би, Әйтеке бидің монументі (2001 ж.) бой көтерді.
2002 жылы жас және сұлу Астананың өзіне арналған «Астана» мүсіні ашылды. «Астана» мүсіндік композициясы - ұлттық киім киген, қолында домбыра ұстаған жас қазақ қыздың бейнесінде орындалған.
2007 жылы «Бөгенбай батыр» қоры XVIII ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласын қорғауда қамал бұзар қайратымен ерекшеленген батыр, әрі дана елші Қанжығалы Бөгенбай ескерткішін орнатты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?