Қазақ тілі және әдебиет 2сынып 2 Бөлім Менің мектебім Суретті талқылау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқа мерзімді жоспар
Қазақ тілі және әдебиеті Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім: Менің мектебім | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И. | |||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы | Суретті талқылау | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) | 2.1.8.1 Талқылауларға қатысып, өз пікірін білдіреді. | ||||||
Сабақ мақсаттары | Өз пікірін білдіруде сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана алады. | ||||||
Бағалау критерийлері | Тақырыпқа қатысты пікірталас пен талқылауларға қатыса алады, қарапайым сөздер мен тіркестердің мағынасын түсініп, ауызекі сөйлеуде қолдана алу дағдылары бағаланады. | ||||||
Сөздік қор
| Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар: Суреттен не көріп тұрсыңдар? Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен? Балалар қандай ойын ойнап жатыр? Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар? | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Оқушылардың топта бірлесе жұмыс істеу арқылы диалогтық, сыпайы сөйлеу дағдыларын дамыту. Бірлесе жұмыс істу дағдыларын қалыптастыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка арқылы сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс орнайды. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Суретті талқылау | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | (Ұ) Ертеңгілік шеңбер Сәлемдесу. Бүгінгі сабаққа мен сендер үшін тосын сый дайындап әкелдім. Ол мына әдемі қорапшаның ішінде. Не екенін білгілерің келе ме? Ондай болса өздерің табуға тырысыңдар.Сендер маған әр түрлі сұрақтар қойыңдар, ал мен сендерге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп, көмектесемін. (қораптың ішінде-сюжетті сурет) | Қорапша, сюжетті сурет | |||||
Сабақ ортасы
| (Ұ,ОТ) Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз қандай ережелерді ұстануымыз керек? -Сабақта мұқият болу; -Бір-біріміздің сөзін бөлмеу; -Сұрақтарға толық жауап беру; -Сыныптастарымыздың пікірін,ойын сыйлау; -Әдепті болу. Ондай болса, сабақ барысында осы ережелерді сақтауды ұмытпайық. Ал, қазір қолдарыңды жұдырыққа түйіп дүрбі жасаңдар. Жан-жаққа қарап көріңдер. Не көріп отырсыңдар? Енді, тақтадағы суретке қараңдар. Дүрбіден не көріп отырсыңдар? (оқушылар суреттегі заттарды атайды). (Т) Әр топ таңдаған сөздермен сөйлемдер құрастырады. 1-топ 2-топ 3-топ (ОТ)Берілген уақыт өткен соң, топтар өздерінің жұмыстарын қорғап, құрастырған сөйлемдерімен таныстырады. Жақсы, бір-бірімізді мақтап, қол соғайық. Енді, әр топтың құрастырған сөйлемдерімен не істеуге болады? Бұл сөйлемдер туралы не айтуға болады? Әрине, барлық сөйлемдерді біріктіріп, ретімен қойып мәтін құрастыруға болады. Осы мәтінге әр топ өздеріңнің аттарын қойыңдар. Сергіту сәті. Музыка ырғағына сай қимылдар келтіріп билеу.(белсенді тақтадан көріп отырған кейіпкерлердің артынан қайталау) Ал, қазір бір сәтке осы суреттегі жерде жүрміз деп елестетіңдер.Осы жердегі заттардың бәрін сезуге бізге не көмектеседі, деп ойлайсыңдар? Дұрыс, сезім мүшелері. (Көз, құлақ, тіл,мұрын,тері). Келесі тапсырма: әр топ ақылдасып, осы жерде не көріп,естіп...сезгендері жайлы айтады. Мысалы: көзбен...көрдік, құлақпен... естідік, мұрынмен... иіскедік, тілмен...дәмін көрдік, терімен (қолмен)... сипап көрдік. | Сюжетті сурет | |||||
Сабақтың соңы | Кері байланыс «Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақтан мен өзім үшін... алдым, ... үйрендім? ...маңызды болды. Өзін-өзі бағалау: «Бас бармақ» әдісі арқылы. Бас бармақтың үстіне қарап тұрғаны тапсырманың өте жақсы немесе дұрыс орындағандарыңды білдіреді, ал төмен қарап тұрса, тапсырманың дұрыс орындамағандарың, ал бас бармақты оң немесе сол жаққа қаратсаңдар, тапсырма жақсы орындалды. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушыларды топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау.
| топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын түртіп алу. Бағалау критерийлері арқылы бағалау | Музыка ырғағына сай қимылдар келтіріп билеу.Белсенді тақтадан көріп отырған кейіпкерлердің артынан қайталау арқылы денсаулықтарын сақтауға көңіл бөлу. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?