Қазақ тілі және әдебиет 2 сынып 2 Бөлім Менің мектебім Әңгімені,әңгімелесуді жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика – математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Сейсембаева С.И.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әңгімелерді, әңгімелесуді жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме)

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

2.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен орынды (жағымды) сөздерді тауып, шағын мәтіндерді редакциялайды және түзетеді.

2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.

2.3.13.1 Таныс емес сөздерді өтілген орфограмма бойынша жазады (п-б, к-г, қ-ғ; тасымал; й,у,ң)

 Сабақ мақсаттары

Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазу,суретке қарап сөйлем құрастыру.

Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазу.

 Бағалау критерийлері

Қабілеттеріне қарай:

Барлығы: суретке қарап 1-2 сөйлем құрастырады,бірнеше ой бұлттарын жазып,сюжетті әңгімелейді.

Көпшілігі: суреттерді ретімен құрастырып,қысқа және қарапайым әңгімелер жаза алады.

Кейбірі: суретке қарап қызықты және көркем сөздерді таңдап мәтін құрастырғанда қолдана алады.

 Сөздік қор

 

Талқылау кезінде қойылатын сұрақтар:

Суреттен не көріп тұрсыңдар?

Сурет сендерге ұнады ма? Неліктен?

Балалар қандай ойын ойнап жатыр?

Басқа да қандай жайттарды аңғардыңдар?

Күз, жапырақ, сары,қызыл жапырақ, қолшатыр, жаңбыр, көк аспан, табиғат, бақ, әдемі, жылы, табиғатты тамашалау, қорғау сөздерін қолдану арқылы сөздік қоры дамиды.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларды туған жердің табиғатын аялауға, қорғауға баули отырып, өлең жолдарын оқу, мәтін жазу арқылы табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін ояту.

 Пәнаралық байланыстар

Белсенді тақтадан суретті қарау арқылы АКТ пәнімен байланыс, музыка желісімен сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс, жыл мезгілін,табиғатты суреттеу арқылы дүниетану пәнімен байланысады.

Алдыңғы меңгерілген білім

«Әңгіме оқуды дамыту» тақырыбы бойынша мәтіндермен жұмыс орындалған.Суретке қарап көріністі әңгімелей алады.

АКТ қолдану дағдылары

Сабақ барысында таныстырылым көрсеткенде қолданылады, алтын күз тақырыбына бейнебаян көрсетіліп, сергіту сәті орындалады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 – 8 минут

(Ұ) Ертеңгілік шеңбер.Сәлемдесу. Бүгінгі сабаққа мен сендер үшін тосын сый дайындап әкелдім. Ол мына әдемі қорапшаның ішінде. Не екенін білгілерің келеді ме? Ондай болса өздерің табуға тырысыңдар.Сендер маған әр түрлі сұрақтар қойыңдар, ал мен сендерге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп, көмектесемін.(қораптың ішінде сурет)

Сурет

Сабақ ортасы

9 – 55 минут

(Ұ) Жұмбақ шешу.

Жапырақты бояды,

Атырапты бояды.

Бояп-бояп барлығын

Сап-сары ғып қояды. (Күз)

Көктен түседі,

Жер ішеді. (Жаңбыр)

Қарашы күз келді, күз келді

Жапырақ жауыпты іздерді.

Құс біткен керуен тізеді,

Қара бұлт қабағы...

(Ұ) Жаңа сөздерді дәптерге жазу.

Күз, жапырақ, сары,қызыл жапырақ, қолшатыр, жаңбыр, көк аспан, табиғат, бақ, әдемі, жылы, табиғатты тамашалау, қорғау.

Шығармашылық орталығы.

(МК,Ж) Жұптасып күз туралы өлең құрастырып көру. Көп нүктенің орнына төмендегі сөздердің тиістісін қойып өлең жолдарын құрастыру.

(күз, беркесін, өлкемізге, құстар, бұлт)

Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге.... келді.

................. жинауға,

Шақырады біздерді.

............ қайтты ән салып,

.......... торлады аспанды.

Қыс келеді жар салып,

Күзгі суық басталды.

1. Күзіміз неткен көңілді!

2. Күз мезгілі қандай тамаша!

3. Күз дегеніміз – байлық, молшылық!

(Ұ) Балалар бүгінгі сабағымыз жақсы өту үшін біз қандай ережелерді ұстануымыз керек?

-Сабақта мұқият болу;

-Бір-біріміздің сөзімізді бөлмеу;

-Сұрақтарға толық жауап беру;

-Сыныптастарымыздың пікірін,ойын сыйлау;

-Әдепті болу.

Олай болса, сабақ барысында осы ережелерді сақтауды ұмытпайық.

Ал, қазір қолдарыңды жұдырыққа түйіп дүрбі жасаңдар. Жан-жаққа қарап көріңдер. Не көріп отырсыңдар? Енді, тақтадағы суретке қараңдар.

Дүрбіден не көріп отырсыңдар? (оқушылар суреттегі заттарды атайды).

(Ұ) «Бағытталған жазу» әдісі бойынша оқушылар топтарда суретке қарап әңгіме жазады.

(МК) Қажетті сөздерді таңдап, фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін (кіріспе,есте сақтау, көрсету,түртіп алу) арқылы қолдау көрсетіледі. Дыбыстық білімді пайдаланып, әр сөздің жазылуын, сөйлем соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылатыны туралы ережелер еске түсіріледі.

(Т) Әр топ таңдаған сөздермен сөйлемдер құрастырады.

1 – топ

2 – топ

3 – топ

4 – топ

  • Суретте жылдың қай мезгілі бейнеленген?
  • Табиғаттың әсемдігін қалай суреттер едің?
  • Қыз балаға ат қой.
  • Ол табиғат аясында не істеп жүр?
  • Табиғатты қорғау дегенді қалай түсінесің?

Берілген уақыт өткен соң, топтар өздерінің жұмыстарын қорғап, құрастырған сөйлемдерімен таныстырады.

Жақсы, бір-бірімізді мақтап, қол соғайық.

Енді, әр топтың құрастырған сөйлемдерімен не істеуге болады? Бұл сөйлемдер туралы не айтуға болады?

Әрине, барлық сөйлемдерді біріктіріп, ретімен қойып мәтін құрастыруға болады. Осы мәтінге әр топ өздеріңнің аттарын қойыңдар.

Құрастырған мәтінді оқиды.

(МК) Оқу барысында (п-б, к-г, қ-ғ) дыбыстары кездескен сөздерге тоқталып, талдау жасалынады. П дыбысы қай кезде б дыбысына айналады, сөз соңында б естілгенмен неге п жазылады,п дыбысы-нан кейін дауысты дыбыс келсе п дыбысы б дыбысына айналады. Мысалы кітап-кітабы, Әріптердің оқу және жазудағы ерекшеліктері туралы түсіндіріледі.Осы сияқты к-г,қ-ғ дыбыстарының ерекшеліктері де түсіндіріледі.

Сондай-ақ, (й, у, ң) дыбыстары бар сөздердің тасымалдануы туралы да түсінік беріледі

(Ұ) Оқушылар жұмыс дәптерлеріне жазады.

Сергіту сәті. Музыка ырғағына сай қимылдар келтіріп билеу.(белсенді тақтадан көріп отырған кейіпкерлердің артынан қайталау)

«Бірлесіп жазу» үшін оқушыларға сурет беріліп,ондағы көрініс бойынша оқушылар өз ойларын жүйелейді.

Ал, қазір бір сәтке осы суреттегі жерлерде жүрміз деп елестетіңдер.Осы жердегі заттардың бәрін сезуге бізге не көмектеседі, деп ойлайсыңдар? Дұрыс, сезім мүшелері.(Көз,құлақ, тіл,мұрын,тері). Келесі тапсырма: әр топ ақылдасып, осы жерде не көріп,естіп...сезгендері жайлы айтады. Мысалы: көзбен...көрдік, құлақпен... естідік, мұрынбен... иіскедік, тілмен...дәмін көрдік, терімен (қолмен)... сипап көрдік.

Суретке қарап құрастырған әңгімелерін оқиды. Тірек сөздерді дәптерлеріне жазып алады.

(Ж, Қ) Оқушылар драма идеясын және өз импровизацияларын пайдаланып, комикс стиліндегі жеке әңгімелер жазып үйренеді.Рөлдік ойындар ойнайды.

Сөйлеу бұлтын жасап сөйлемдер құрайды.

Ой бұлттары

Алтын күз.

https://vimeo.com/30779242

Сергіту сәті.

https://www.youtube.com/watch?v=-ym88MnQ0sQ

Сабақтың соңы

55 – 80 минут

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем» Бүгінгі сабақтан мен өзім үшін... алдым, ... үйрендім? ...маңызды болды.

Өзін-өзі бағалау: «Бес бармақ» әдісі арқылы. Бас бармақтың үстіне қарап тұрғаны тапсырманың өте жақсы немесе дұрыс орындағандарыңды білдіреді, ал төмен қарап тұрса, тапсырманың дұрыс орындамағандарың, ал бас бармақты оң немесе сол жаққа қаратсаңдар, тапсырма жақсы орындалды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар суретке қарап қызықты және көркем сөздерді таңдап қолдана алады

Жұптық, топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау, тақырыпқа сай қажет сөздерді таңдай алу, қызықты және көркем сөздерді дұрыс қолдана білуі;

-сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қоя білулері бақыланып бағаланады.

Оқушылармен сергіту сәтін өткізу арқылы денсаулығын қадағалауға және сабақ барысында қауіпсіздік техникасын сақтауларын ескертіп отыру.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу