Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Әріптер, сөздер, емле және грамматика ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әріптер, сөздер, емле және грамматика

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Т/А 1.4 Астарлы мағынаны болжау

2.1.4.1 Сөйлеу қабілетін дамытады және көпмағыналы сөздерді қолдана бастайды.

О 2.1 Ақпаратты түсіну

2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді.

Ж 3.4 Өз ойынан мәтінін жазу

1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

 Сабақ мақсаттары

сөйлемдер, мәтін құрастыру арқылы оқушылардың сөздік қорларын молайту, сөйлеу барысында көпмағыналы сөздерді қолдану, қосымшалар туралы түсінік беру.

 Жетістік критерийлері

мәтіннен көп мағыналы сөздерді таба алады және оны сөйлеу барысында орынды қолданады;

мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

 Сөздік қор

 

тақырыпқа сәйкес сөздерді үш тілде айтып, сөздік қорын молайту.

 Құндылықтарды дарыту

мектеп туралы әңгімелесу барысында оқушылардың бойында өз мектептеріне деген құрмет сезімі қалыптасады.

 Пәнаралық байланыстар

сөздерді үш тілде айтып үйрену кезінде орыс тілі және ағылшын тілдерімен байланыс болады;

сурет бойынша мәтін құру барысында дүниетану, өнер пәндерімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

үш тілде берілген сөздерді PowerPoint бағдарламасында сәйкестендіреді;

мәтін құру үшін берілген сурет интерактивті тақтада көрсетіледі;

«Кім тапқыр?» ойынын АКТ-да көрсетеді.

Алдыңғы меңгерілген білім

орынды сөздік қорды қолданып, өз идеялары мен сезімдерін бейтаныс жағдаяттарда түсіндіре білді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Оқушылар шеңберде отырып, дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы білімдерін еске түсіреді.

https://www.youtube.com/watch?v=97pJRMJi7GE

Сабақ ортасы

30 минут

(Ұ) Оқушылар мектеп туралы өз ойларын айтады.

(Дифф.) Тақырыпқа сәйкес сөздерді үш тілде айтып үйренеді:

мектеп, школа, school;

сынып, класс, class;

оқушы, ученик, pupil;

мұғалім, учитель, teacher;

оқулық, учебник, textbook

Осы сөздерден сөйлейтін қабырға жасайды.

(Ж.Қ) Жоғарыдағы тірек сөздерді пайдаланып, оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құру ұсынылады.

Кейіпкерлердің іс-әрекетін/ойын/сезімін білдіретін бейнелерді диалог арқылы сомдаңыздар;

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашыңыздар.

Мысалы,

Радмир мен Алима Назарбаев Зияткерлік мектебінің 2 - сыныбында оқиды. Олар өте үлгілі оқушылар. Мұғалім оқушыларға жаңа оқулықтар берді.

(Ұ) Сергіту сәті

(Ө) Мәтіндегі көпмағыналы сөздерді теріп жазу.

Үлгілі, алғыр, зерек;

Оқулық, кітап;

(МТ) Осы сөздерді пайдаланып түбір мен қосымша туралы түсінік беру.

Сөздің бастапқы мағыналы бөлшегін түбір

дейді. Түбірге қосымшалар жалғанады.

Қосымша жеке тұрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Қосымшаның екі түрі бар: 1) жұрнақ 2) жалғау

Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын езгертеді. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырады.

Сөздерге түсінік беру.

Оқу+лық, оқу+лық+тар,

оқу+шы, оқу+шы+лар,

кітап+хана+шы+лар

(Ұ) Ойын «Кім тапқыр?» Шарты: бағыттауыш сызық арқылы қосымшаларды өз орнына қой.

Дәптер тар

Сызғыш лар

Парта дер

Мұғалім лер

(ОТ) Сөйлем түрлерін анықтаңыздар.

Мен мектепте оқимын.

Сен нешінші сыныпта оқисың?

Алақай, мен бүгін «5» алдым!

Қима сөздер

Сурет АКТ-да көрсетіледі

https://www.youtube.com/watch?v=eR7kCG3I8iA

АКТ-да түсіндіріледі

Ойын АКТ-да көрсетіледі

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

Тақтаға ілінген суретке оқушылар келесі сабақта не туралы білгісі келетіндерін жазып іледі. Келесі сабақта «жауап» стикерінен өздерінің сұрақтарына жауап алады.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беру арқылы қолдау көрсетіледі.

Қабілетті оқушылар тақырыпқа сәйкес сөздерді ағылшын тілінде оқуға талаптанады.

Тірек сөздерді пайдаланып, оқушылардың сурет бойынша шағын мәтін құруы;

Кейіпкерлердің іс-әрекетін/ойын/сезімін білдіретін бейнелерді диалог арқылы сомдауы;

Мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын ашу білігі бағаланады.

Оқу мен жазу кезінде денені түзу ұстау, кітап пен көз арақашықтығы 30-35 см болуы ескертілді.

Оқушылар сергіту сәтін жасайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу