Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Әңгімелеуді, әңгімелесуді жазу ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Мерзімі: 1 - тоқсан

Мұғалімнің аты-жөні: Құрмансеитова Р.М.

Сынып: 2

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгімелеуді, әңгімелесуді жазу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Ж1 Мәтіннің түрлерін ажырату және өз ойынан мәтін құрап жазу

2.3.1.1 Қарапайым мәтіндер, өлеңдер, ақпараттарды жазады.

Ж4 Өз ойынан мәтін жазу

2.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен шағын мәтін құрастырып жазады.

Ж8 Мәтінді түзету және редакциялау

2.3.8.1 Мұғалімнің көмегімен орынды (жағымды) сөздерді тауып, шағын мәтіндерді редакциялайды және түзетеді.

Ж12 Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.3.12.1 Сөйлем түрлерін құру барысында бас әріп пен сәйкес тыныс белгілерді (үтір, нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі) өз бетінше дұрыс қолдана біледі.

Ж13 Орфографиялық нормаларды сақтау

2.3.13.1 Таныс емес сөздерді өтілген орфограмма бойынша жазады (п-б, к-г, қ-ғ; тасымал; й,у,ң)

 Сабақ мақсаттары

оқушылардың көркем суреттер желісі бойынша сөйлемдер жазу және тыныс белгілерін сақтай отырып тұтас мәтін құрастыру білігін дамыту.

 Жетістік критерийлері

мұғалімнің көмегімен сөздерді орынды қолдана отырып, берілген тақырып бойынша шағын мәтін құрап жаза алады.

 Сөздік қор

 

сурет бойынша әңгіме құру барысында оқушылардың сөздік қоры молаяды, жеке сөздерді үш тілде айтып үйренеді.

 Құндылықтарды дарыту

сабақта оқушылардың қызығушылығы, сауаттылығы артады, жануарларға қамқор бола білуге үйренеді.

 Пәнаралық байланыстар

сурет желісі бойынша әңгімелеу кезінде ғылымға кіріспе және дүниетану пәнімен байланыс жүзеге асады.

 АКТ

сахналау үшін интернет көздерінен керекті суреттер мен бетперделерді іздестіріп алады.

Алдыңғы меңгерілген білім

сурет бойынша талқылау жасап, өз ойын, пікірін білдіріп үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут

(Ұ) Ойын «Құрастыр» Шарты: әр оқушыға пазлдар беріледі. Осы пазлдарды жинастыру арқылы қандай сурет шыққанын айтады.

(Ұ) Оқушылар суреттегі кейіпкерлерді үш тілде айтады және жазады.

Әтеш – петух – cock

Қарға – ворона – crow

Тышқан – мышь – mouse

– Бұлар қандай жануарлар?-деген сұраққа оқушылар ғылымға кіріспе пәнінен алған білімдеріне сүйенеді.

Оқушыларға осы кейіпкерлерді пайдалана отырып, мультфильм үлгісіндегі әңгіме жазатыны хабарланады.

пазлдар

Сабақ ортасы

60 минут

(МК) Дыбыстық білімді пайдаланып, әр сөздің жазылуын, сөйлем соңына нүкте, леп белгісі, сұрақ белгісі қойылатыны туралы ережелер еске түсіріледі.

  • Сөйлем аяқталған ойды білдіреді. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
  • (Дифф. Ж.Қ) Жазу қабілеті жоғарылау оқушыларға суреттерді ретімен құрастыра отырып, қысқа және қарапайым әңгімелер жазу ұсынылады.

Жазу қабілеті төмендеу оқушылар бір ғана суретті пайдаланып, әңгіме құрастырады.

Оқушыларға

- берілетін тақырып негізінде қажетті сөзді таңдай алуын, нәтижеге қол жеткізуін;

- қызықты және көркем сөздерді таңдап қолдана алатындығын;

- сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу қабілеттері бағаланатыны ескертіледі.

Оқушыларға қажетті сөзді таңдап және фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін бағытталған жазу (кіріспе, есте сақтау, көрсету) арқылы қолдау көрсетіледі.

(МК) Әр жұп құрастырған әңгімедегі сөйлемдерді оқу барысында (п-б, к-г, қ-ғ) дыбыстары кездескен сөздерге тоқталып, талдау жасалынады.

  • Сөз соңында б естілгенімен, п әрпі жазылады: кітап, қап, доп;
  • П дыбысына аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады: кітап-кітабы, қап-қабы, доп-добы;
  • Ғ әрпі сөздің соңында жазылмайды. Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, қ дыбысы ғ-ға айналады: бұршақ-бұршағы, бұтақ-бұтағы;
  • Сөз соңындағы к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, ол г-ге айналады: жидек-жидегі, жүрек-жүрегі, кірпік-кірпігі.

Сондай-ақ, (й, у, ң) дыбыстары бар сөздердің тасымалдануы туралы түсінік беріледі.

Екі дауысты дыбыстың ортасында келген й мен у дыбыстары бар сөздерді және ң дыбысы кездескен сөздерді буындағанда, бұл дыбыстар келесі буынның басында келеді және солай тасымалданады. Мысалы: да-уыс, та-уық, жа-уын, жа-ңа т.б сөздерге мысал келтіру. /Оқушылар жұмыс дәптеріне жазады/

(Ұ) Сергіту сәті.

(Т) Оқушылар құрастырған мәтін бойынша драма идеясын және өз импровизацияларын пайдаланып, рөлдік қойылымдар көрсетеді.

суреттер

АКТ-ы пайдаланылады

Интернет желілерінен керекті суреттер мен бетперделерді іздестіріп алады

Сабақтың соңы

10 минут

Рефлексия

Оқушыларға ой бұлттары беріледі. Осы бұлттарға бүгінгі сабақта алған әсерлері мен келесі тақырып бойынша білгісі келетін ойларын жазып, тақтаға іледі.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазу қабілеті жоғарылау оқушыларға суреттерді ретімен құрастыра отырып, қысқа және қарапайым әңгімелер жазу ұсынылады, ал қабілеті төмен оқушыларға ауызша әңгіме құрастыру ұсынылады.

Оқушылардың әр іс-әрекеті бағаланып, мадақтау сөздер мен шапалақтау және смайликтер беріледі.

Оқушыларға қажетті сөзді таңдап және фразаларды өңдеп жетілдіруі мен түзетулері үшін бағытталған жазу (кіріспе, есте сақтау, көрсету) арқылы қолдау көрсетіледі.

Әр жұптың құрастырған әңгімесін келесі жұп оқушылары бағалайды.

Оқушылардың

-берілетін тақырып негізінде қажетті сөзді таңдай алуы, нәтижеге қол жеткізуі;

-қызықты және көркем сөздерді таңдап қолдана алатындығы;

-сөйлем соңында тыныс белгілерін дұрыс қоя білу қабілеттері бағаланатыны

Сергіту сәті өткізіледі.

Ойын кезіндегі қауіпсіздік ережелері айтылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу