Қазақ тілі және әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің мектебім Жазу ережелері ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛ


Дидактикалық материалдар

Сабақ тақырыбы: жазу ережелері (2-сабақ)

  • Оқушылар үш тілде жазылған сөздерді сәйкестендіреді, айтады және естеріне сақтайды.

(Ұ) Ойын «Сөздерді сәйкестендір» Оқушылар ойын-игра-game, дәліз-корридор-corridor, оқушылар-ученики-students, үзіліс-перемена-turn, мәтін-текст-text, жазу-письмо-letter сөздерін сәйкестендіреді.

  • (МК) Тірек сызба арқылы сөйлем түрлері мен тыныс белгілері туралы ережелер еске түсіріледі.

  • (Т) Ойын «Тыныс белгілері»

Сөйлем:

Сен осы неге айқайлай бересің?

Сөйлемге қандай мағына бересің?

Жөн-жосығыңды түсіндірші,

Жазуда қандай жерде келесің?

Балалар жазылған тақпақтарды оқиды.

Леп белгісі:

Мен ылғи айқайлай бермеймін,

Қуана да күле де білемін.

Кейде өкініп ренжісем де,

Көбінесе – ақ, көтеріңкі көңілмен жүремін.

Әр істің көңіл-күйін білдіріп,

Сөйлемдердің соңында келемін.

Нүкте:

Мен сөйлемнің соңында тұрамын. Солында емес оңында тұрамын. Сөйлемдердің жігін ажыратып, Кідіріс белгісі орнында тұрамын.

Сұрақ белгісі:

Дауыс ырғағында ескер деймін,

Жазғаныңды үнемі тексер деймін.

Не жайында сұрап-білгің келсе де,

Сөйлемнің соңына қойсаң, жөн сілтеймін.

  • Мәтіндер үлгісі

Үзілісте

Қоңырау соғылды. Оқушылар үзіліске шықты. Алима мен Мансұр жұмыс орындарын реттеп қойды. Олар ұқыпты оқушылар.

Үзілісте

Алақай, қоңырау соғылды!

- Жасмин, кітапханаға барасың ба?

- Иә, барамын. Адели, саған қандай кітап ұнайды?

- Маған ертегі кітап ұнайды.

  • Рефлексия

Оқушылар фотосуреттерді сөйлейтін қабырғадағы ережелердің қасына іледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу