Қазақ тілі және әдебиеті _2 сынып _2-бөлім Менің мектебім_Тақырыбы Әңгіме айтуды дамыту_Қысқа мерзімді жоспар


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2-бөлім: Менің мектебім.

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р М

Сынып: 2В

Қатысқандар:20

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Әңгіме айтуды дамыту

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқубағдарламасынасілтемеу)

Т/А 4

Астарлы мағынаны болжау

 Сабақ

 мақсаттары

Сөйлеу қабілетін дамытады және көп мағыналы сөздерді қолдана бастайды.

Жетістік критерийлері

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына

Жетеді

  • мәтіннен көп мағыналы сөздерді таба алады және оны сөйлеу барысында

орынды қолданады;

  • мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

 Сөздік қор

 

Оқушылар сөздік қорларын қолдана отырып, қарапайым мәтіндер, өлеңдер құрастырады.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • Сыйластық
  • Еңбек және шығармашылық
  • Жауапкершілік

 Пәнаралық

 байланыстар

дүниетану,математика.

Алдыңғы меңгерілген білім

2-бөлім оқушылардың 1-сыныпта және 1-бөлімде алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар бағытталған және бірлесіп жазу әдістерімен таныс болып, әңгімені ретімен айта білуі тиіс.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сезіммүшелерініңсуреттері

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологилық ахуал.Оқушыларды шеңберге шақыру.

-Балалар, күннің шуағын көргенде сендер не сезесіңдер?

- Көңілің көтеріледі. Күнге қуанамыз. Күн бізге жылу береді. Сәулесін төгеді. Күн шыққан кезде жарық болады.

-ОСЫ КҮННІҢ ШУАҒЫ БІЗГЕ ДЕ ТҮСІП ТІЛЕК ЖОЛДАПТЫ.

-СОНДЫҚТАН, бәрің бір-біріңіздің қолдарыңыздан ұстап, тақтада жазылған тілекті оқып шығыңдар. Арайлап шықты жаңа күнШуағын шашып баршағаКәне досым, күлімдеШаттық орнасын жүзіңде

Сыныпта жақсы көңіл-күй орнатып, балалардың назарын сабаққа аудару. Оқушылар жұпта тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту.Мына сурет бойынша не айтуға болады? Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Екі бала сөйлесіп отыр.Яғни олар бір-бірімен әңгімелесіп отыр.

  • Енді бұл балаларға қандай ат қоясыңдар? Оқушылар ат қояды.
  • Олар әңгімелерін қалай бастады деп ойлайсыңдар?
  • Диалог құра отыра әңгімелері қызықты болуы мүмкін бе? Қалай?
  • Олардың әңгімесін қалай дамытуға болады?Бір-біріне сұрақтар қою арқылы деп айтуға бола ма?
  • Сонымен біздің бүгінгі тақырыбымыз не жайында болмақшы?
  • Сабақтың тақырыбы: «Әңгіме айтуды дамыту»,яғни бір-бірімізбен сөйлесу ,әңгімелесу арқылы көп мағыналы сөздерді қолдану болып табылады

Сабақ

ортасы

Топ ережесін еске түсіру.

1-ереже Бір-бірімізді тыңдаймыз.

2-ереже Басқаның пікірін сыйлаймыз.

3-ереже Тақырып көлемінде сөйлейміз

4-ереже . Бір-бірімізге көмектесу

(Ұ/Т) Әр оқушы сахналай алатындай етіп суретті драмаға айналдыру. Оқушыларды топқа бөліп, суреттегі көріністің біреуін жасату. Әр топтың бір-біріне қарасты қай жерде орналасу керектігін талқылау. Әр топқа суреттегі көріністің бірінде бейнеленгендей «стоп-кадр» әдісін қолданып, суреттегі балалардың бет-әлпеттеріндегі сезімдерін қайталап көрсетуін сұрау.

Әр топ мүшелерінің иығынан ретімен жай ғана ұстау Иықтарын түрткен кезде оқушылар кейіпкерлер арасындағы әңгімені ойдан шығарып айтулары тиіс.

Топтық жұмыс. Мына сурет бойынша не айтасыңдар? Оқушылар топта сурет бойынша ой бөліседі. Әңгімелесу барысында әңгіменің қай түрі пайдаланылғанын баяндайды.

Бұлт пішінінде кесілген қағазға кейіпкердің не айтқанын (сөйлеу бұлты), не ойлағанын (ой бұлты) және не сезіп жатқанын (жүрек бұлты) елестетіп жазғызу. Өткен шақта жазуын қадағалау. Суреттердің жанына іліп қою:

"Жіңішке” сұрақтар "Жуан” сұрақтарБір сөзбен жауап беруді қажет ететін сұрақтар.Кім? Не? Қашан?... қалай аталады? ... болған ба? ..мүмкін? ... болады?... жасауы мүмкін бе?.. сіз келісесіз бе? ... дұрыс па? Ойлануды, қосымша білімді, талдау жасауды қажет ететін сұрақтар.Үш түсіндірме беріңіз: ..., ..., ...Не себепті ... екендігін түсіндіріңіз?Сіз неге ... деп ойлайсыз?Сіз неге ... деп есептейсіз?... айырмашылығы неде?Егер ... болса, не болатындығына болжау жасаңыз?

(Ұ) Суреттегі ойнап жатқан балалар тобына назар аударту. Топтағы әр баланың не істеп жатқанын, не ойлап немесе айтып тұрғанын және өз-өздерін қалай сезіп тұрғанын елестетіп талқылау. Оқушыларға біраз сұрақ қойып, олардың өз ойларын түсіндіруіне көмектесу.

(Т) Әр топқа суреттің белгілі бір бөлігімен жұмыс істеуді тапсыру. Оқушылар көріністегі әңгімені ойдан шығаруы тиіс.

«Түртіп алу» /INSERT/ стратегиясы бойынша анықтайсыңдар.Келістік пе?

«V» -білемін

«+» -білмеймін

«-»- мен үшін жаңа ақпарат

«?»- мені таң қалдырды

 

 

 

 

 

Сабақтың

соңы

Бағалау. «Бес саусақ» стратегиясы бойынша.

.

Алақанды бояңдар:

- бас бармақ - суретті талқылауға үйренсең;

- сұқ саусақ- сабақта қызық болса;

- ортаңғы саусақ- сурет бойынша әңгіме құрастыру ұнаса;

- аты жоқ саусақ-сабақта қиын болса;

- кішкентай саусақ- сабақ қызықсыз болса.

Дифференциа

ция –

Қабілеті жоғары оқушыларға топтық жұмыс барысында сурет бойынша сұрақтар дайындауға тапсырма беру

Қабілеті орта оқушыларға дайын сурет беріп,сол бойынша әңгіме құрастыру.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

 

  • мәтіннен көп мағыналы сөздерді таба алады және оны сөйлеу барысында

орынды қолданады;

  • мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын түсінеді.

Топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың диалогқа қандай дәрежеде қатысқанын бағалау. Осы деректер келесі талқылауларды жоспарлауда қолданылады.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасы

ның сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
Пікір жазу