Қазақ тілі_2-сынып_3-бөлім_Менің мектебім_Менің мектебім және сыныптастарым _Қысқа мерзімді жоспар
Қысқа мерзімді жоспар
| Мектеп: Көкшетау қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Мұғалімнің аты-жөні : Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Менің мектебім | |||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 2.2.5.1* сұрақ қою арқылы (не істеді? қандай? неліктен?) мәтін түрлерін (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау) және құрылымдық бөліктерін (басы, негізгі бөлім, соңы) анықтау, азат жолдың рөлін білу 2.2.4.1 мұғалімнің қолдауымен мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздер бойынша негізгі ойды анықтау. | |||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Сұрақ қою арқылы мәтіннің түрін анықтап үйренеміз. Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз. | |||||||||||||||||||||
Бағалау критерилері | Мәтіннің басы, негізгі бөлімі, соңы болатынын біледі. Сұрақтар қойып, оған толық жауап береді. | |||||||||||||||||||||
Сөздік қор | Мектеп тақырыбына байланысты сөздер мен сөз тіркестері. Ұстаз, болашақ, армандау, үйрену, үлгілі. | |||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық | |||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, математика пәнімен байланыс | |||||||||||||||||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Мәтін бөліктері | |||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 минут | Шаттық шеңбері «Мектепте маған ұнайды, себебі,....» Оқушылар шеңбер бойы сөйлемді өз ойымен аяқтайды. Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру Мәтіннің бөлімдерін және негізгі ойды анықтаймыз. Сабақтың критерийін құрастыру Оқушылармен бірге құрастыру | Слайд Қима сөздер | ||||||||||||||||||||
Сабақ ортасы 20 минут 20 мин
20 минут | (Ұ) «Даналық ағашы» стратегиясы Үйде оқыған мәтін бойынша қағазға бір сұрақ құрастырып жазады; Ол қағазды бүктеп «Сиқырлы қобдишаға» салады. Келесі кезеңде әр оқушы «Даналық ағашы» болады. Қобдишадағы кез келген қағазды ашып, сұрақты оқиды. Сұраққа жауап береді. Бағалау: толық, толық емес Дискриптор:
Сергіту сәті «Көңілді күн» биі (МК, Т) тыңдалымалды дайындық Мәтіннің түрлерін еске түсірейік Мұғалімнің көмегімен мәтін түрін анықтау. Тыңдалым Мәтін түрін анықта Беріктің сыныбы екінші қабатта орналасқан. Сынып бөлмесі таза, кең және жарық. Сынып бөлмесіндегі терезелер үлкен. Терезеде әдемі гүлдер өсіп тұр. Сыныпта жиырма ыңғайлы парта мен орындықтар тізіліп тұр. Қабырғада оқушылардың жұмыстары ілінген. Тақталар да өз орындарын тапқан. Сынып бөлмесі барлық талаптарға сай жабдықталған.
ххххххххх хххххххх хххххх ххххххххххх хххххххх Мектеп ережесін бұзуға болмайды. Себебі мектепте тәртіп болу керек. Ережені сақтау арқылы мектеп оқушылары тәрбиелі болуға үйренеді. Ережені сақтау- әр оқушының міндеті.
Бағалау: бас бармақ (ЖЖ) Кел, сөйлесейік!
Бағалау: бірін бірі бағалау (ЖЖ) Оқулықпен жұмыс (қазақ тілі оқулығы, 81- бет)
Бағалау: жұптар сынып алдында өз жауаптарын дәлелдеп айтып береді. Шапалақтау. (Ө,Қ) Жазайық. Сынып үш топқа бөлінеді. Әр топ басшысы тақырыпты таңдайды. (Менің дәптерім. Менің қаламым. Менің оқулығым. Менің партам.) Нұсқаулық:
Бағалау: Бағалау критерийлері бойынша жұпта бір бірін бағалайды. (МК) Мәтінмен жұмыс
Сапарғали Бегалин Зеректік Әубәкір молда бұрынғыдай ауыл арасының шақыруынан босады. Шоқанға парсы тіліндегі кітаптардан уақиғалы хикаяларды оқытып, білім өрісін кеңейте түсуде. Әжесі айтқан «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет-өнер-білім» деген сөзді Шоқан өзінің күнделік дәптеріне жазып қойған-ды. Шоқанның күзден бергі оқуға деген ыждаһатына Әубәкірдің өзі де іштей таңданатын. Ол тек жай оқып қоймайды. Оқыған кітабының уақиғасын бажайлап, түпкі мәнін білуге ізденеді. Шоқанды аса қызықтырған Жәми ақынның «Ескендірнамасы» болды. Оны оқығаннан кейін Шоқан әжесіне: Әже, сіз Жәми ақынның «Ескендірнамасын» оқыған ба едіңіз? – деді.
Шоқан жымиып:
Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларға шығармадағы негізгі ойды анықтатады. 1. Шоқанды оқытқан кім? 2. Шоқан күнделігіне қандай сөзді жазып қойды? 3. Шоқанның әжесінің сөзін қалай түсінесің? 4. Шоқан неге ойланып қалды? 5. Ескендір деген кім? 6. Әңгіме қалай аталады ? Неге? 7. Зеректілік қай кейіпкерге қатысты айтылған? 8. «Байлық та, бақыт та тиянақсыз, ең тиянақты қасиет – өнер- білім», бұл кімнің сөзі? 9. Шоқанды аса қызықтырған кітаптың аты? Шығармадағы негізгі ойды мақалмен, нақыл сөздермен түйіндеуге мақал таңдап алу; Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса, кішіден сұра.Күш - білімде, білім - кітапта. Білімдіден ақыл шығар.Ақылды қарттан нақыл шығар. | Қобдиша Бейнеролик Тірек сөздер мен сөз тіркестері, суреттер | ||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия «Жетістік аралдары» Төрт аралдың бірін таңдайды. Түсіндім Сұрағым бар Басқаға көмектесе аламын Түсінбедім Критерийге қайта оралу | Жетістік ағашы, стикерлер | ||||||||||||||||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар кестені өз бетінше толтыра алады. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?