Қазақ тілі мен әдебиеті 2 сынып 2 бөлім Менің отбасым және достарым Ізгілік бастауы.ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2-бөлім. Менің отбасым және достарым

Мектеп: Талдықорған қ. физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Тыңдаған мәтін бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу. Ізгілік бастауы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)

2.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сабақ мақсаттары

Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлері

Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілейді, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді.

Сөздік қор

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:

Сөз, әріп, отбасы, жанұя, ат, апа, әже, ана, шеше, әке,

Сабақта диалог үшінқолданылатынтіл

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Сөз деген не?
  • Сенің отбасыңда неше адам бар?
  • Сен үшін отбасы деген не?
  • Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?

Бұл сөздерге қандай сұрақ қоямыз?

Құндылықтарды дарыту

Жалқау болмай, еңбек ету; өзгелерді құрметтеу; ұйымшыл болу; достық қарым-қатынас жасау.

Құндылықтарды дарыту/әлем азаматы/көпмәдениеттілік/

/интернационализм

Еңбек және шығармашылық

Пәнаралық байланыстар

Өзін- өзі тану, еңбек пәндерімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

Мақал- мәтелдер

Алдыңғы меңгерілген білім

Ауыз әдебиеті түрлерін, ертегілер және ертегі кейіпкерлерін біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

5 минут

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін жақсартуға арналған сергіту.Қайырлы күн, әлем!Қайырлы күн, аспан!Қайырлы күн, сен!Қайырлы күн, мен!Қайырлы күн, мұғалім!

слайд

Сабақтың ортасы

25 мин

(Ұ) «Артық сөзді тап» ойыны

Мақсаты: оқушылардың қызығушылығын арттыру, сабақтың тақырыбын анықтау.Ата аға шаңырақ ноутбук туыс ағайынойнау адал қуану көмектесу жапырақ

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

Бағалау критерийлерін шығару.

Өлеңді оқу, түсінбеген сөздерін белгілеп отыру.

Жеті ата

Өтепберген Ақыпбекұлы

Жеті ұрпақты білмейміз

Әлі күнге көбіміз.

Және бізге беймәлім

Біздің ата-тегіміз.

Ең алдымен сөз етем,

Бірінші ата – өз әкем.

Екіншісі – атамыз,

Үшіншісі – арғы ата,

Төртіншісі – бабамыз,

Бесіншісі – түп ата.

Қалай тыныш жатамыз,

Маған да, ата, бер бата!

Алтыншысы – тек ата,

Жетіншісі – ұлы ата.

Жеті ұрпақты сөз етсек,

Қателікті түзетсек,

Бірінші ұрпақ – ол бала,

Ұрпағыңды қорлама!

Екіншісі – немере,

Үшіншісі – шөбере,

Төртіншісі – шөпшегің,

Бесіншісі – немене,

Алтыншысы – жүрежат,

Жетіншісі – туажат,

Тұқым солай өседі.

Бірін бірі қуалап.

Жеті атаның тілін ал,

Жеті ұрпақты біліп ал!

Отбасы туралы өлеңдер оқу ұйымдастырылады.

(Ұ, Т) Майя мультфильмінен үзінді тамашалау. Кейіпкердің әрекетін бағалау. Ой қорытындысын жасау.

Немересі мен атасы

Тірек сөздер:

Самат, атасы,қартайды, жүре алмайды, көрмейді,  естімейді,атасын күтеді, алғыс.

Саматтың атасы әбден қартайды. Ол жүре алмайды. Көзі көрмейді, құлағы естімейді. Самат атасын күтеді. Атасын далаға сүйеп шығады. Оның беті-қолын жуғызады, сүлгісін әпереді. Самат атасының төсегін салады. Көрпесін жабады. Атасы немересіне алғысын айтты.

(Ө) Мәтін құрау.

Көп нүктенің орнына тиісті н, ң әріптерін қойып жазу.

жайы..., жа...алық, жа..артау, рауша..., Қараға...ды, Талдықорға..., ...айза.

Мәтіннен құрамында н мен ң әріптері бар сөздерді есте сақтап жазу. Мәтіндегі негізгі ойды табу.

Дауыссыз н мен ң дыбыстарының емлесін қолдануын бағалау. Құрамында н мен ң әрпі бар сөздерді дереккөздерден табу, жүйелеп жазу.

Сергіту сәті.Бір үйде біз нешеуміз?

Кел, санайық екеуміз,

Бас бармағым - әкем,

Балан үйрек – шешем,

Ортан терек – ағам

Шылдыр-шүмек – мен

Кішкентайбөбек – сен.

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз.

(Ұ) « Менің отбасым” ойыны

Көрсек мәз боп қаламыз,

Сыйлап, тілін аламыз.

Бәрімізді сүйетін,

Ол кім?

Біздің ....

Аймалайды күнім деп

Мейірімді жүзі күлімдеп

Тәтті-ақ дейді немере

Бал шырындай үнің деп

Ол кім?

Айтары мол ғұлама

Көп жасаған бұл адам

Әкесі ол әкеңнің

Білер оны сұраған.

Олкім?

Онсыз болмас жолымыз,

Сыйлап құрмет етеміз.

Тілін алсақ оның біз,

Зор мақсатқа жетеміз.

Ол кім?

Біздің ...

Айналайын інім! - деп,

Аймалайтын күні көп.

Келгенінше шамамыз,

Сыйлап тілін аламыз.

Ол кім?

https://www.youtube.com/watch?v=Z44ciwbHJOI (2.37 -6.05 уақыт аралығы)

Сабақтың соңы

3 мин

Рефлексия-Бір сәт көзімізді жұмып, өз отбасымызды көз алдымызға елестетеміз. Енді әрқайсымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсы тілегімізді іштей айтайық. Көзімізді ашайық. Отбасыларыңды елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар? Отбасыларыңа қандай жақсы тілек тіледіңдер?

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу