Қазақ тілі_2-сынып_1-бөлім_Өзім туралы_Сезім мүшелері туралы не білемін Дидактика
Көз, құлақ, мұрын және ауыздың айтысы (мысал)
Шәкен Күмісбаев
Ойда жоқта адамның көзі, құлағы, аузы, мұрны бір уәжге келмей айтысып қалады.
- Мен болмасам, адам атаулы өмір сүре алмас еді,-деп бастайды Көз дауын.
- Асқар биік тауларды, жазық-жазық белдерді, көк толқын көлдерді мен арқылы көреді. Менсіз бәрі-қара түнек қапас тіршілік. Оның несі сән? Сұлулықты, биіктікті, тереңдікті, қашықтықты адам мен арқылы болжайды.
Мына сөзге шыдамай кеткен құлақ көзге дүрсе қоя берді.
- Әй, көз бауырым, мен болмасам, адам бұрқана соққан дауылды, көк теңіздің толқығанын, бұлақтың сыңғырлаған сұлу сылдырын, аспанда ұшқан аққудың қанатының суылын, тіпті бірінің сөзін бірі естімес еді,-дейді ол.
- Сендер текке тәжікелеседі екенсіңдер,-дейді мұрын араға түсіп. –Мен болмасам, адам атаулы тыныс ала ма, тұншығып өлмей ме?! Таза ауаны, қолқаны қапқан түтінді түйсіне ме?!
- Бәріңдікі бос сөз. Мен болмасам, аштан қаларсыңдар. Ащының да, тәттінің де дәмін білмей дал боларсыңдар,-дейді ауыз.
Олардың айтыс-таласын тыңдай-тыңдай жалыққан Ми сол кезде қалғып кеткен екен.
Міне, ғажап! Көз көруден, Құлақ естуден, Мұрын иісті сезуден, ал Ауыз сөйлеуден қалып, олар да еріксіз ұйықтап қалыпты.
көз көру мүшесі; құлақ есту мүшесі; мұрын иіс сезу мүшесі; тіл дәм сезу мүшесі;
тері ыстық пен суықты сезетін сипап
сезу мүшесі;

Адасқан әріптер.
А қ т я и , ю о, р и я қ, ю қ о, з и п я.
____________________________________________________________________________

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?