Алыс арақашықтықты анықтау. Физика, 11 сынып, презентация.
Ой қозғау сұрақтары:
Арақашықтықты өлшеу
Оқу мақсаты:11.9.1.4 – алыс арақашықтықты анықтаудың әдістерінің қолданылуын сипаттау
Астрономиялық бірлік, парсек, жарық жылы ұғымдарын түсінеді және оларды метр өлшеміне өрнектей алады.
Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерін атай алады;
Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықтарды анықтаудың әдістерін сипаттай алады;
Аспан денелеріне дейінгі арақашықтықты формула бойынша есептей алады.
Сабақ мақсаты:
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Параллакс- parallax
Годичный параллакс -annual parallax
Солнечная система -solar system
Небесное тело-heavenly body
Линейные радиусы - linear radius
Угол –angle
Расстояние –distance
Базис- base
Астрономическая единица
Парсек – parsec
Световой год- light year
Радиолокация – Radar
Цефеиды- Cepheids
Закон Хаббла- Cepheids
АстрономиялыҚ бірлік
Астрономиялық бірлік — астрономияда қашықтықты өлшеудің тұрақты бірлігі болып, ол әдетте жер шары мен күнніңКүн (жұлдыз) арақашықтығына сай белгіленген. Көбінесе жұлдызара, жұлдыздық денелер ара алыс қашықтықты өлшеуге қолданылады. Бұрын ол 149 597 871 000 м (92 955 807 ағылшын милі) делінсе қазіргі түзетілген нұсқасы 149 597 870 700 м. Бұл шамалап айтқанда 150 млн км.
Жарық жылы
Жарық өте тез тарайды. Бір секундта жарық 300 000 км жүріп өтеді, ол – шамамен Жерден Айға дейінгі қашықтық. Оны секундына бір жарық өтетіндігінен байқауға болады. Соған сәйкес бір жылда жарықтың өтетін қашықтығы 9 500 000 000 000 км және оны жарық жылы деп атауға болады.
Парсек
Парсек те үлкен қашықтықтарды өлшеуге арналған. Парсек - бұл Күннен астрономиялық объектіге дейінгі қашықтық, жылдық параллакс бір бұрыштық секундқа тең (1/3600 градус).
1 парсек – 3,26 жарық жылы.
Радиолокация
Радиолокация (лат. lokatio - орналасу орны) — радиотолқын көмегімен түрлі объектілерді іздеп табу және оның орнын анықтау. Белгілі бір бағытта жіберіліп, жолындағы объектіден шағылған импульс түріндегі толқын экран бетінен импульс түрінде көрінеді. Оның оралу уақыты арқылы объектіден станцияға дейінгі қашықтығы анықталады.
Горизонтальный параллакс
Аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтаудың аса маңызды тәсілі – параллакс әдісі
Параллакс (гр. parallaxіs – ауытқу) - бір затқа жылжымайтын нүктеден қарап, одан соң басқа бір көру аясында екінші нүктеден қараған кездегі заттың жылжуы болып көрінетін құбылыс. Осы екі бағыттың арасындағы бұрыш параллактикалық бұрыш немесе қысқаша параллакс деп аталады.
Горизонталь параллакс деп жұлдыздан қарағанда Жер орбитасының улкен жарты осі көрінетін бұрышты айтады.
Астрономдар XVII ғасырда-ақ горизонталь параллакс көмегімен Күн жүйесіндегі денелерге дейінгі қашықтықты анықтады. Күн жүйесіндегі аспан денелеріне дейінгі қашықтықты анықтауда Жер радиусы базис ретінде алынады
Жылдық параллакс
Жылдық параллакс — Жердің Күн айналасында айналуына байланысты бақылаушының орын ауыстыруына байланысты жұлдыз координаттасының өзгерісі. Жердің Күнді айнала қозғалуы салдарынан болады. Ол – гипотенузасы Күн мен ғарыш денесіне дейінгі қашықтық, кіші катеті Жер орбитасының үлкен жарты осі болатын тікбұрышты үшбұрыштың кіші бұрышы болып анықталады. Жылдық Параллакс өте аз шама болғандықтан оның мәні ғарыш денесіне дейінгі қашықтыққа (r) кері пропорционал r=1/П. Жұлдыздардың жылдық Параллаксы 1”-тан аз;
Цефеидтер
Цефеидтер — жалтырауы белгілі бір периодпен өзгеретін және жарқырауы жоғары болып келген физикалық айнымалы жұлдыздар. Олар периоды 0,07 тәуліктен 1,2 тәулікке дейінгі қысқа периодты Цефеидтер және периоды 1,1 тәуліктен 70 тәулікке дейінгі ұзақ периодты Цефеидтер болып екі топқа бөлінеді. Ұзақ периодты Цефеидтер жалтырауының периоды мен жарқырауының арасында белгілі бір тәуелділік болатындығы байқалады. Мұндай тәуелділік сол жұлдызға дейінгі арақашықтықты анықтауға мүмкіндік береді.
Гамма сәулелерінің жарылыстары – Әлемдегі жарықтығы ең күшті құбылыс. Олар өте үлкен жұлдыз жарылған кезде болады, қара құрдым болып жарылысқа әкеледі, кейде оны гипержаңа дейді. Гамма сәулесінің жарылысы жұлдыздың сыртқы қабаттарының материалдары қара құрдымға жеткенде болады. Егерде қара құрдым өте үлкен жылдамдықпен айналса, бұл ұшақ материалдарының қара құрдым айналасындағы айналмалы осьтегі жарық жылдамдығына дейін жетуі байқалады. Егерде бұл ұшақтар Жерде белгіленсе, гамма сәулелерінің жарылысы болады.
Доплер эффектісіне сәйкес ғарышта қозғалатын барлық денелер жарық шығарады. Бұл заңды галактикаға қолдана отырып, астрономдар бізге жақындап келе жатқан ғаламдар жасыл, ал қашықтап бара жатқандар қызыл тәрізді болып көрінетінін анықтады. 1923 жылдан бастап 1950 жылдың орта кезіне дейін астрономдар галактикадан тыс денелерді зерттеу нәтижесінде галактикалардың бір-бірінен алшақтау процесін растады. Алынған мәліметтер негізінде Xaббл өз заңын тұжырымдады: галактика неғұрлым алыс қашықтықта болса, соғұрлым тезірек алшақтайды және соғұрлым оның спектрі қызылырақ болады.
Хаббл заңы: қызыл ығысу бойынша анықталған галактиканың алыстау жылдамдығы оған дейінгі қашықтықтың өсуіне пропорционал
Хаббл заңы
Мұндағы v — галактиканың алыстау жылдамдығы, D — оған дейінгі қашықтық, Н — Хаббл тұрақтысы (оның мәнін көп жағдайда 75 км/(с • Мпк) деп алады). Хаббл заңы тек алыс галактикалар үшін ғана қолданылады. Әлемде центр жоқ болғандықтан, жақын қашықтықтағы кейбір галактикалар біздің галактикаға жакындауы мүмкін. Ұлғайған Әлемнің ауа шары түріндегі екі өлшемді моделі жасалған. Бұл модель бойынша галактикалар шардың бетіне салынған нүктелер рөлін атқарады. Хаббл заңы Әлемнің ұлғаюын, яғни Үлкен жарылыс нәтижесінде Әлемнің пайда болғанын растайды. Қазіргі байқалатын ғарыштық сәулелер аясы Әлемнің Үлкен Жарылыстан кейін пайда болғанының куәсі. Бұл сәуле шығару кеңеюдің алғашқы мезетінде шығарылған сәуле эволюциясының нәтижесі, сондыктан оны реликтивтік деп атайды. Реликтивтік сәуле шығаруды 40-жылдары Дж. Гамов теория жүзінде болжаған. Есептеулер бойынша бұл сәуле шығарудың эквивалентті температурасы 10 млрд жыл өткеннен кейін бірнеше Кельвинге тең болуы керек.
Мен бүгін …………..білдім.
Мен үшін ...............қызық болды.
Маған ……………..қиындық туғызды.
Келесі сабақта.............................
Рефлексия
Назарларыңызға рахмет!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды