Жұлдыздар классификациясы. Физика, 11 сынып, қосымша материал.
Оқушының аты-жөні ____________________________ Күні ___________
ЖҰМЫС ПАРАҒЫ № 2
«Шындық» немесе «жалған»
Тапсырма: Келесі тұжырымдар үшін «Т» (true- шындық) немесе жалған «F» (false-жалған) жауаптарын дөңгелектеп белгілеңіз.
1. Қара құрдымның түсі қара, сондықтан біз оны көре алмаймыз.
Т / F
2. Әлемді қара құрдым «кезіп жүреді», олар жолынданың бәрін жұтып жатыр.
Т / F
3. Қара құрдымның массасы соншалықты үлкен, оны тіпті жарық та таси алмайды.
Т / F
4. Біздің Жер келесі 10 миллиард жылда қара құрдымның құрбаны болады.
Т / F
5. Қара құрдымдар біздің Күннің мөлшеріндей жұлдыздардың толық гравитациялық күйреуі нәтижесінде пайда болады.
Т / F
6. Аса алып қызыл жұлдыздар эволюциясына сәйкес қара құрдымға айнала алатын
массивті жұлдыздар.
Т / F
7. Жұлдыз оқиға көкжиегінен (аймақтан) тыс жерде әлсіз қара құрдымнан шыға алады, бірақ бәрібір қара құрдым массасының бір бөлігіне айналуы мүмкін.
Т / F
8. Егер сіз Жерді қатты қысып, оның тығыздығын мрамордың тығыздығындай жасай алсаңыз, онда сіз (теориялық тұрғыдан) қара құрдым шығара аласыз.
Т / F
9. Қара құрдым басқа қара құрдымға түсе алмайды.
Т / F
10. Біздің Күн алдағы 10 миллиард жылда қара құрдымға айналады.
Т / F
11. Қара құрдым «буланып» кетеді.
Т / F
12. Жұлдыздар сияқты, қара құрдымдар да айналады.
Т / F
13. Егер сіз қара құрдымға жақындай алсаңыз, онда сізді спагеттидің ұзын және жіңішке жолағындай қылып, созып жіберер еді (бөлшектенгенге дейін).
Т / F
14. Юпитер планетасында жұлдыз пайда болу үшін қажетті құрамдас заттар бар, сондықтан одан ақыры қара құрдым пайда болады.
Т / F
15. Сириус жұлдызы ақыры қара құрдымға айналады.
Т / F
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?