Жұлдыздар классификациясы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.
Физика пәні бойынша № 55 ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Бөлім: Космология | Мектеп: | ||||
Мерзімі: | Мұғалімнің аты - жөні: | ||||
Сынып: 11 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Жұлдыздар классификациясы | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 11.9.1.3 – өте жаңа жұлдыздардың, нейтронды жұлдыздардың және қара құрдымдардың қасиеттерін анықтау | ||||
Сабақтың мақсаттары | Оқушылар:
| ||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар массалары әр түрлі жұлдыздардың, соның ішінде ақ ергежейлі, нейтрондық жұлдыздармен және қара құрдыммен аяқталатын жұлдыздардың эволюциясын ауызша талқылайды. Тілдік лексика және терминология: бас тізбек, Герцшрунг-Рассел диаграммасы, газды бұлт; тұмандық, ақ ергежейлілер; қызыл алыптар, аса жаңа жұлдыз, нейтрондық жұлдыз, қара құрдымдар. Диалог / жазу үшін пайдалы сөз тіркестері: Протожұлдыз бас тізбектегі жұлдызға қалай айналады? Алып жұлдыздардың эволюциясы немен аяқталады? ...нені білдіреді? Қалай екенін түсіндіріңдер……. Егер … болса, не болатынын сипаттаңдар. Қандай сөздерді түсінген жоқсыңдар? | ||||
Пәнаралық байланыстар | Химия: заттың құрылымы, иондалу Физика: термоядролық реакция Математика: Логарифм, дәрежелік функция | ||||
АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта мен компьютерді қолдану. Ғаламторды пайдалану. twig-bilim.kz білім беру порталынан және басқа да ұсынылған сілтемелер арқылы қажетті ақпаратты табу, құру және онымен жұмыс істеу. Мәліметтер мен ой түйіндерімен бөлісе және алмаса отырып құрал – жабдықтар мен қосымшалардың кең ауқымын пайдалану арқылы өз жұмысын бағалау және жетілдіру. | ||||
Бастапқы білім | Бұл бөлімде «Атом ядросының физикасы» бөлімінде қарастырылған термоядролық реакциялардың жүру шарттары, ядролық реакциялар, жұлдыздармен байланысқан физика, олардың зерттелуі және эволюциясы мен жіктелуі туралы ойлар дамиды, бұл спектрлердің қолданылуын көрсетуге және дөңгелек қозғалыс пен гравитациялық өріс теориясының кейбір мысалдарын қолдануға мүмкіндік береді. | ||||
Сабақтың барысы | |||||
Жоспарлан-ған сабақ кезеңі | Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 минут | (W) Сабақтың басталуы (амандасу, түгендеу) және мақсат қою. Сабақтың тақырыбы мен сабақ мақсаттарын тұжырымдау және жазу. Оқушыларға сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін, күтілетін нәтижені талқылауды ұсыну. Сабаққа кіріспе ретінде жұлдыздардың сөнуі туралы бейне фрагмент көрсетіледі. | Microsoft Power Point «II типті - Аса жаңа жұлдыз» бейнефильмі: | |||
Сабақтың ортасы 10 минут 5 минут 5 минут 10 минут | (G) Оқушыларға нейтрондық жұлдыздың мүмкін болатын құрылымы және олардың ашылу тарихын зерттеуге дайын слайдтар ұсынылады. Содан кейін әр топ өзгелеріне ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсете отырып, өз жұмыстары туралы айтуы керек. Егер кейбір бөліктер түсініксіз болса, мұғалім power point слайд-шоуды көрсетіп, тақырыптың бір бөлігін түсіндіреді. (D) Оқушыларға қара құрдымдар туралы фильм көрсетіледі. Оқушыларға фильмдегі маңызды деректерді талқылайды: Жұлдыз сөнгенде, олар жарылып, сингуляр деген жалғыз нүктеге конденсацияланады. Сингулярдың айналасындағы гравитация өте күшті. Қара құрдымның айналасындағы кез-келген аймақ оқиға көкжиегі деген атпен белгілі. Қара құрдымның оқиға көкжиегінің ішіндегі кез-келген нәрсе, тіпті жарық болсын,сингулярға қарай тартылып, мәңгі жоғалады. (I,f) Өте жаңа жұлдыздарға, нейтрондық жұлдыздар мен қара құрдымдарды салыстыруды қамтитын қысқа тест. Жауаптары: 1.B 2.D 3.D 4.D 5.B 6.A 7.A (G, f) «Шын» немесе «жалған» әдісімен оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін викторина беріледі. (тапсырма 2-щі қосымшада келтірілген). Не істеу керек? 1. Әр оқушы викторина тапсырмасын алады. 2. Викторинаға 5-6 минут жауап беруге мүмкіндік беріңіз. 3. Оқушылар жауаптарын талқылау үшін үш-төрт шағын топқа бірігеді. 4. Әр топ тапсырманы талқылап, дұрыс жауаптарды белгілеуі керек. Бұл жауаптарды белгілеу үшін түрлі түсті қаламды пайдалануға болады. 5. Содан кейін топ мәлімдемелерді екі бағанға бөледі - солар Дұрыс жауаптар және қосымша зерттеулер қажет деп санайтын сұрақтар. 6. Содан кейін оқушылар қосымша зерттеулер жүргізеді. 7. Содан кейін барлық топтар жиналып, жауаптарымен және зерттеулерімен бөлісуі керек. 8. Оқушылар жұмысты аяқтағанда мұғалім тақтада жауабын көрсетеді (Microsoft Power Point арқылы немесе тақтаға жазып т.б.) 10. Оқушылар өздерінің жазба жұмыстарын дайын жауаптармен салыстырып, бағалау критерилеріне сәйкес өздерін-өздері бағалайды. №2-тапсырманың, «Шындық па, әлде жалған ба?» викторина («Т» - true- шындық; «F» - false-жалған) жауаптары: 1-Т; 2-Ғ; 3-Т; 4-Ғ; 5-Ғ; 6-Т; 7-Т; 8- Т; 9- Ғ; 10-Ғ; 11- Т; 12-Т; 13-Т; 14-Ғ; 15-Ғ. Кейбір қабілеттері жоғары оқушыларға біздің галактика ортасындағы қара құрдым массасын есептеп шығару ұсынылады. Сабақ қорытындыланады. | Ноутбуктер Power Point слайд-шоуы Қара құрдымдар (ұзақтығы 2.50 минут) https://twig-bilim.kz/kz/film/black-holes Қосымша 1_№1 жұмыс парағы_ Аса жаңа жұлдыздар
Қосымша 2_№2 жұмыс парағы_Қара құрдымдар Қосымша 3_Жауаптар_№2 жұмыс парағы бойынша | |||
Сабақтың соңы 5 минут | (T) Рефлексия Оқушы-оқушы және мұғалім-оқушы кері байланыстарын ұйымдастыру. | ||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Барлық оқушылар: Оқушылар өте жаңа жұлдыздардың, нейтронды жұлдыздардың және қара құрдымдардың қасиеттерін жалпылауы тиіс. Олар әрбір жұлдыздың кемінде төрт қасиетін көрсетуі тиіс. Жалпылау плакаттар, брошюралар, вебсайттар, ескерту жазбалары, карточкалар және т.б. түрінде орындадлуы мүмкін. Оқушылар өз жазбаларын немесе өзге де ақпарат көздерін пайдалана алады. Кейбір оқушылар: Өте массивті қара ойықтардың галактика ортасында болатынын, Үлкен жарылыс теориясын көрсетеді, қара құрдым массасын есептеп шығаруы мұмкін. | Қалыптастырушы бағалау сабақтың барлық кезеңінде жүргізіледі. Сұрақ-жауап әдісі, тест, викторина, өз бетінше тапсырмаларды орындау (жеке жұмыс). Оқушылар жеке және топта сұрақ қояды. Оқу мақсатына барлық оқушының қол жеткізуін бағалау алдын-ала белгіленген бағалау критерийлеріне сай іске асырылады. Барлық оқушыларға жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергенін тексеру үшін ауызша сұрау әдісі қолданылады және жазбаша тапсырмалар беріледі. Оқушылар кейбір тапсырманы топпен бірге орындайды. | Сынып бөлмесінің санитарлық-гигиеналық талапқа сай болуы: ауа температурасы, тазалығы, үзілісте желдетілуі т.б. Таратпа қағаздардағы жазулардың шрифті 12-ден кем емес болуы. Сабақта АКТ – ноутбук, интернет; PowerPoint таныстырылымы, жұмыс парақтары пайдаланылады. Ноутбукпен жұмыстан кейін көзге жаттығулар жасатылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?