Зертханалық жұмыс №4. Жартылай ыдырау периодын анықтау. Физика, 11 сынып, қосымша материал.


Зертханалық жұмыс «Радиоактивті ыдырау процесін модельдеу»

Жағдай: екі валентті мыс капсуласының детонациясы нәтижесінде Марстағы фабриканың ішінде ядролық жарылыс орын алды, соның салдарынан әлемдік рынокқа шығатын “M&Ms” тәттілері радиоактивті болып шықты. Сондықтан әлімдік рынокқа құрамы 2% - дан жоғары радиоактивті “M&Ms” тәттілері жіберілмейді. Сіздердің алдарыңызда тұрған міндет, ол осы әлемдік рыноктағы «тәттілер» тапшылығын болдырмау, яғни бұл тәттілер қай уақытта қайтадан қауіпсіз болатындығын анықтау. .

Жұмыс барысы: сіздерге зерттеу жүргізу үшін сол радиоактивті тәттілер алдарыңыздағы стақанға салынып берілген.

  • Сіз жұмысты бастамас бұрын “M&Ms” тәттілерді санап алыңыз. Бұл санды төмендегі кестедегі «Старт» деген бағанға жазыңыз.
  • Келесі бағанға « болжам» қанша ядро (M&Ms) ыдырап шығуы мүмкін деп ойлайсыз, өз болжамыңызды жазыңыз.
  • Тәттілерді стақанға салыңыз. Бетін қауырсын тарелкамен жауып турып, шайқап араластырыңыз, содан соң тарелкаға төгіңіз.
  • «М» таңбасы төмен қарап түскен тәттілерді шығарып тастаңыз және санап, келесі «радиоактивті ыдыраған ядро» деген бағанға жазыңыз. Олар радиоактивті ыдыраған, сондықтан олар біз үшін қауіпсіз болып саналады.
  • Қалған «М» бетімен түскен радиоактивті тәттілерді санап, старт жолының астындағы жолға жазыңыз.
  • Осылайша жоғарыдағы іс-әрекеттерді барлық ядро ядырағанға дейін орындаңыз және әр тастаған кездегі ыдырауларды кестеге сәйкесінше толтырып отыруға ұмытпаңыз.

Болжам:

Ядро қалай ыдырауы мүмкін екенін болжап жазыңыз. Мысалы, тез, баяу ыдырауы мүмкін деген сияқты.

Нәтижелер кестесі:

Тастамалар саны

Радиоактивті ядролар саны

Болжам, қанша атомдар ядырауы мүмкін

Қанша атом ыдырады

Жалпы ыдыраған атомдар

Старт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

 

 

1. Кестедегі мәліметтерді пайдалана отырып, У осьіне радиоактивті ядролар саны, Х осьіне тастандылар сандары бойынша график тұрғызыңыз.

2. Графиктен не байқағандықтарыңызды жазыңыз. Радиоактивті атомдардың ыдырауы үшін қанша уақыт қажет болатыны туралы не айта аласыз ?

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

3. https://www.twig-bilim.kz/film/radioactive-half-life-5799/ видеоны көре отырып, жартылай ыдырау периоды дегеніміз не деген сұраққа жауап жазыңыз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

4. Жартылай ыдырау уақытын өздеріңіздің сызған графиктеріңізден анықтаңыз.

..................................................................................................................

5 Қорытынды:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу