Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кванттық физика

Мектеп: Семей қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ахтанбердина А.С.

Сынып: 11

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.7.1.1 - электромагниттік сәулеленудің корпускулалық және толқындық табиғатының көрінісіне дәлелдер келтіру

(Элементар бөлшектердің толқындық табиғаты)

Оқу мақсаттары

  • Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы жайлы мағлұмат беру;
  • Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйрету

Бағалау критерийлері

  • Жарықтың кванттық табиғатын растайтын тәжірибелерді тұжырымдайды;
  • Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы формулаларын есеп шығаруда қолдана білуге үйренеді

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология: жарықтың табиғаты мен оны қолдануды ауызша түсіндіру. Элементар бөлшектердің толқындық табиғатын тәжірибе жүзінде қолдану және пайда болу туралы жазбаша мысалдар келтіру;

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері:

Kazakh

Russian

English

жарық

свет

light

сәулелену

излучение

radiation

Толқын ұзындығы

длина волны

Wavelength

Жиілік

Частота

Frequency

толқын

Волна

wave

бөлшек

частица

particle

Құндылықтарды дарыту

  • Жұпта және топта жұмыс жасау арқылы ұжымшылдыққа баулу, өзгенің пікірін силауға, басқа адамдардың еңбегін бағалау құндылықтарын оқушы бойына сіңіруге көңіл бөлу.

Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Көрнекілік құралдары

Осыған дейін меңгерілген білім

Фотоэффект. Фотоэффекттің қолданылуы

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)

Дереккөздер

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, психологиялық көңіл – күйін смайликтер көмегімен анықтау

«Миға шабуыл»

  • Жарық табиғатына деген көзқарас қалай дамыды?
  • Жарықтың толқындық қасиеті айқын көрініс табылатын тәжірибелер туралы не білесіңдер?
  • Жарықтың кванттық қасиеттері қандай құбылыстарда байқалады?

Видео

Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ.

Талқылау сұрағы: Жарықтың корпускулалық-толқындық табиғатының біртұтастығы жайлы не білеміз?

Теориялық ақпарат

Жарық –тез қозғалатын корпускулалар ағыны. (жарықтың түзу сызықты таралуы).

ХІХ ғасырдың аяғында фотоэффект және Комптон эффектісі Ньютон теориясын негіздеді.

Жарық дегеніміз – толқын. Толқындар қиылысқаннан кейін өзара әсерлеспейді.

Интерференция, сыну құбылыстары, дифракция құбылыстар Гюйгенс теориясын негіздеді.

Жарық екі қасиетке ие:

1.Жарық таралғанда оның толқындық қасиеті байқалады.

2.Затпен әсерлескенде корпускулалық қасиеті байқалады.

Толқын ұзындығы азайған сайын немесе жиілігі артқан сайын жарықтың кванттық қасиеттері айқын біліне бастайды, тоқындық қасиеті байқалмайды.

Юнг және Френель жұмыстарының нәтижесінде жарықтың толқындық теориясы жеңіп шықты.

Максвелл еңбектерінің нәтижесінде жарықтың электромагниттік толқын екені дәлелденді.

Жұптық жұмыс. Кесте толтыру

Оқушылар жұпта отырып кесте толтырады

Жарықтың толқындық қасиеті

Жарықтың корпускулалық (квнттық) қасиеті

Топтық жұмыс. Постер жасау

1-топ: Фотонның массасы 0-ге тең екенін біле тұра,оны материалдық объект ретінде санауға болады ма?

2-топ: Электромагниттік толқын дегеніміз не, атап айтқанда жарық толқыны, материалдық объект немесе құбылыс?

3-топ: Фотон тұрғысынан материя мен қозғалыс арасындағы байланыс қалай көрініс табады?

Қалыптастырушы бағалау

Презентация

Қосымша 1

Қосымша 2

Сабақтың соңы

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

Activity«Стикер ілеміз»

  • Мен не үйрендім?
  • Мен нені оңай деп есептеймін?
  • Мен нені қиын деп есептеймін?
  • Мен енді нені білгім келеді?

Стикерлер

Үй жұмысы

§6.9, 6.10 -Физика 11 сынып. Сұрақтарды талдау.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.

Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.

Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.

Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?

Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?

Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?

Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу