№ 2 Зертханалық жұмыс. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім (11.2 D): Толқындық оптика

Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б.

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

№ 2 Зертханалық жұмыс. Дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану.

Сабақ мақсаттары

Дифракциялық торды толқын ұзындығын анықтау үшін қолдану.

Бағалау критерийлері

- жарық дифракциясына сипаттама бере алады;

- дифракцияны бақылау әдістеріне түсінік бере алады;

- дифракциялық торды қолданып, толқын ұзындығын анықтау әдісін түсіндіре алады;

- dsinφ=kλ формуласын қолданып, есептер шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Пәндік лексика және терминология

Когеренттілік, интерференция, дифракция, дифракциялықтор, максимум шарты, минимум шарты, торпериоды, максимумның (минимумның) реттік нөмірі.

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Дифракция

Дифракция

Diffraction

Дифракциялық тор

Дифракционная решетка

Diffraction grating

Бөгеттерді орағыту

Огибание преград

Bypassing obstacles

Тор периоды

Период решетки

Grating period

Максимум реті

Порядок максимума

Maximum order

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Саңылаудан … өту барысында …. бақыланады.

Кеңістікте бір нүктеге тоғысқан толқындар, егер фазалар айырымы … болса, онда …

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар.

Бастапқы білім

Оқушылар механикалық толқындар мысалында толқындық қозғалыс, толқындық процесті сипаттайтын негізгі ұғымдар мен шамалардың қолданылуын алдын ала біледі. Механикалық толқындардың интерференциясы мен дифракциясының шарттары мен анықтамаларын біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

Мен тілеймін

(бас бармақтарымен түйістіру);

Сәттілік (сұқ саусақпен түйістіру – балан үйрек);

Жақсы нәтиже (ортаңғы саусақты түйістіру- ортан терек)

Жақсы көңіл-күй (шылдыр шүмек);

Барлық кезде (кішкентай бөбек );

Салем (алақанмен түйістіру)

5 мин

2 мин

15 мин

12 мин

Ой қозғау:

Фронтальды сұрақтар арқылы дифракция, интерференци құбылыстарын еске түсіру:

1. Үй ішінде отырсақ та, даладағы құстар немесе көліктердің дауысы естіледі. Неліктен? (дыбыс толқындарының бөгетті орағытып өту құбылысы- дифракция)

2. Радиотолқындар ғимаратты айналып өтеді, ал электромагниттік толқын болса да жарық толқындары оны айналып өтпейді. Неге? (радиотолқын ұзындығы 1мм-ден 10 км дейін, жарық толқыны ұзындығы 380 нм мен 760 нм аралығында)

3. Интерференцияға екі мысал келтіріңіз(жұқа пленкалардағы интерференция, Ньютон сақиналары)

Сабақ тақырыбын айту, мақсаттарын жариялау

Мағынаны тану:

Жарық толқынының ұзындығын анықтау үшін дифракциялық тор қолданылатындығын таныстырады.

Дифракциялық тор-жарық дифракциясы байқалатын тосқауылдар мен саңылаулардың жиынтығы.

Дифракциялық тор екіге бөлінеді: реттелген және реттелмеген.реттелген тор саңылаулары қатаң тәртіппен орналасса, реттелмеген торда реттілік сақталмайды. Сонымен қатар құрылысына қарай жазық және кеңістіктік деп бөлінеді. Кеңістіктік торларға мұз қиыршықтарының жиынтығы, көз кірпіктерін жатқызуға болады.

Жазық реттелген торды мөлдір материалды алмаз кескіш көмегімен бір-біріне өте жақын саңылаулар мен тосқауылдар жиынтығынан дайындайды. Саңылау ені а, тосқауыл ені в деп белгіленсе, а+b=d тор периоды деп аталады.

Егер дифракциялық торға келіп түскен сәулелердің таралуын қарастырса, олардың линза көмегімен зкранда жиналған кез-келген А нүктесінде көрші екі саңылаудан шығатын жарық сәулелерінің жол айырымы мынаған тең болады: Δ=dsinφ.

Дифракциялық тор үшін формула мына түрге келеді: dsinφ=kλ

Дифракциялық көрініс- арасы күңгірт жолақтармен бөлінген түрлі-түсті жолақтар қатары. Ал мұндағы k- максимумдар реті.Егер φ=0 болса, онда экран ортасында орталық нөлінші максимум пайда болады, ал қалған ретті максимумдар орталықтан симметриялы, оның екі жағында орналасады және белгілі бір бұрышпен байқалады. Егер дифракциялық тордың 1 мм-гі штрих саны белгілі болса, d=l/n , мұндағы n-штрих саны.

Зертханалық жұмыс: Оқушыларға эксперименттік түрде дифракциялық тордың көмегімен жарық толқынының ұзындығын анықтау ұсынылады.

Монохромат жарық көзімен (лазер)

Шамды қолдана отырып, экранда пайда болған дифракциялық көріністен қызыл жарық түсін анықтайды. Оқушылардан алынған нәтижені эксперименттік өлшем нәтижесімен салыстырып, жақсарту жолдары ұсынылады.

Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау)

Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару.

Оқушыларға dsinφ=kλ формуласын қолдануға арналған жұмыс парағын ұсыныңыз.

Бағалау критерий

-Тапсырманы толық орындады – 3 ұпай

-Қателіктері болды – 2 ұпай

-Берілгенін жазады, бірақ мүлдем орындай алмады – 1 ұпай

Тақырыпқа сәйкес тапсырма орындау, шешімін табу.

Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді.

http://fizmat.by/kursy/voln_optika/difrakcija

https://www.youtube.com/watch?v=qjsdjKKLrbk

https://www.youtube.com/watch?v=hCU_beywf7o

Зертханалық жұмыс:

http://pandia.ru/text/78/391/8619.php

Қосымша

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

«сабақтан алған әсерім»;

«сабақтың ұнамаған тұстары».

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: жарық дифракциясына сипаттама бере алады, дифракцияны бақылау әдістеріне түсінік бере алады, дифракциялық торды қолданып, толқын ұзындығын анықтау әдісін түсіндіре алады.

Көпшілік оқушылар: - dsinφ=kλ формуласын қолданып, есептер шығара алады.

Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады.

ҚБ

Өз-өзін бағалау;

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу