Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Электромагниттік тербелістер.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Ахтанбердина А.С.

Сынып: 11

Сабаққа қатыстқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Механикалық және электромагниттік тербелістер арасындағы ұқсастық

Берілген сабақта қол жеткізілетін оқыту мақсаттары:

(оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.2.2 - механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістерді сәйкестендіру.

Сабақтың мақсаттары:

Электромагниттік тербелістердің механикалық тербелістерге ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып, оқушылардың сипаттау, талдау, қорытынды жасау сияқты дағдыларының дамуына жағдай жасау.

Бағалау критерийлері

Оқушы

Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістердің сипаттайтын шамаларды біледі;

Электромагниттік және механикалық тербелістердің ұқсастықтарын қолдана отырып тапсырмаларға талдау жасайды.

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Тербеліс – периодты қайталанып отыратын қозғалыс.

LC тізбегі – индуктивті катушка мен сыйымдылықты конденсатордан тұратын тізбек.

Конденсатор - оқшаулағышпен (немесе вакууммен) бөлінген екі өткізгіш. Оның мақсаты электр өрісінің энергиясы мен электр зарядын сақтау.

Индуктивті катушка – тербелмелі контурда магнит өрісін, индукциялық ток туғызып, тербелістің бағытын өзгетеді. Айнымалы ток тізбегінде индуктивті катушка кедергінің рөлін атқарады.

Еркін электромагниттік тербеліс - LC тізбегінде конденсаторды зарядтағаннан кейін, конденсатордың электр энергиясының катушканың магнит өрісінің энергиясына және кері бағытта энергияның түрленуі арқылы алынған тербеліс.

Еріксіз электромагниттік тербеліс - сыртқы мәжбүрлеуші күш - ЭҚК-інің периодты әрекетінен болатын тербеліс.

Резонанс – жүйенің меншікті жиілігі мен сыртқы мәжбүрлеуші күштің жиілігі теңескен кезде еріксіз тербеліс амплитудасының күрт артып кетуі.

Электромагниттік тербеліс – зарядтың, ток күшінің және кернеудің периодты өзгерісі.

Құндылықтарды дарыту

Жұптық жұмыс кезіндегі өзара көмек, академиялық шындық.

Бақылау және өзін бақылауды дамыту;

Пәнге деген тұлғалық-мағыналық қатынасты орнату.

Пәнаралық байланыс

Математика, тригонометриялық функциялардың қасиеттері, туынды

ИКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-terbelister/lesson/terbelmeli-konturdahy-ehlektromagnittik-terbelister

Алғашқы білім

Механикалық тербелістер

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған қызметі

Ресурстар

Сабақтың басы

1-3 мин

Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, күтілетін нәтижелермен таныстыру.

Сабақтың белсенді әдісі: TRUE-FALSE (презентация арқылы сөйлемдер көретіледі, егер оқушы келіссе «TRUE», келіспесе «FALSE» белгісін көрсетеді).

Презентация, слайдтар:1-14, карточкалар TRUE-FALSE

Сабақтың ортасы

12-37 мин

Жаңа тақырып.

  • Ой-түрткі:

Тербелмелі жүйеде тербеліс пайда болу үшін не істеу керек?

а) механикалық тербеліс;

ә) электромагниттік тербеліс.

Жауабын демонстрациялап көрсетулерін сұраңыз.

Механикалық тербеліс: маятникті тепе-теңдік жағдайынан шығару, яғни тепе-теңдік жағдайынан белгілі бір бұрышқа ығыстырып содан кейін босатып жіберу керек.

Электромагниттік тербеліс: тербелмелі контурды тепе-теңдік жағдайынан шығару, яғни тұрақты ток көзі арқылы конденсаторды зарядтау (кілт 1 жағдайда), содан кейін кілтті 2-жағдай,а келтіру.

  • Тербелмелі қозғалыстардағы механикалық және электрлік шамалардың баламалығы

Механикалық шамалар

Электрлік шамалар

Координата x

Заряд q

Жылдамдық

Ток күші i

Масса m

Индуктивтілік L

Серіппенің қатаңдығы k

Сыйымдылыққа кері шама

Потенциалдық энергия

Электр өрісінің энергиясы

Кинетикалық энергия

Магнит өрісінің энергиясы

Жалпы сыныптық талқылау арқылы кестені толтыру.

Тербелмелі контурдағы тербелістің негізгі теңдеулері. Қосымша 1.

  • Ой қорыту.

Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістердегі энергиялардың түрленуі.

Оқушылар мұғаліммен бірге толтырады.

Қосымша 2.

Бекіту.

1.Электромагниттік тербелістер деп қандай тербелістерді айтады?

2.Электромагниттік тербелістердің түрлері.

3.Тербелмелі контур дегеніміз не?

4.Тербелмелі контурда энергияның қандай түрленуі болады?

5.Тербелмелі контурдегі процесті сипатта.

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/ehlektrodinamika/ehlektromagnittik-terbelister/lesson/mexanikalyq-zhane-ehlektromagnittik-terbelister-arasyndahy-uqsastyq

Презентация

Қосымша 1.

Қосымша 2.

Сабақтың соңы

Сабақтың соңында оқушылар рефлексия жасайды:

- не білдім, не үйрендім.

- не түсініксіз болып қалды.

- немен әлі жұмыс істеу керек.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Қосымша1

Механикалық шамалар

Электрлік шамалар

Координата x

Заряд q

Жылдамдық

Ток күші i

Масса m

Индуктивтілік L

Серіппенің қатаңдығы k

Сыйымдылыққа кері шама

Потенциалдық энергия

Электр өрісінің энергиясы

Кинетикалық энергия

Магнит өрісінің энергиясы

Электромагниттік тербеліс

Механикалық тербеліс

Зарядтың тербеліс теңдеуі

q = qmax cos t

x = xmax cos t

Ток күшінің тербеліс теңдеуі

i = -Imax sin t

v= - vmax sin t

Томсон формуласы

T ==2

T ==2 , T = 2

Бұрыштық, циклдік жиілік

,

Қосымша 2

Механикалық тербелістер мен электромагниттік тербелістердегі энергиялардың түрленуі

Уақыт

Тербелмелі контур

Серіпелі маятник

t=0

Конденсатордағы заряд . Электр өрісінің энергиясы максимал, шарғының магнит өрісінің энергиясы нөлге тең:

;

t=T/8

Тізбекті тұйықтағанда конденсатор разрядтала бастайды. Тізбекте ток және онымен бірге магнит өрісі пайда болады. Өздік индукция құбылысының салдарынан ток күші біртіндеп артады. Электр өрісінің энергиясы магнит өрісінің энергиясына айналады:

t=T/4

Конденсатор разрядталады, ток күші максимал болады . Электр өрісінің энергиясы нөлге тең, магнит өрісінің энергиясы максимал:

t=3T/8

Өздік индукция құбылысының салдарынан ток күші біртіндеп артады. Конденсаторда біртіндеп заряд жинала бастайды. Магнит өрісінің энергиясы электр өрісінің энергиясына айналады:

t=T/2

Конденсатор қайта зарядталады; тізбектегі ток күші нөлге тең.

;

Жауаптары

Уақыт

Тербелмелі контур

Серіпелі маятник

t=0

Конденсатордағы заряд . Электр өрісінің энергиясы максимал, шарғының магнит өрісінің энергиясы нөлге тең:

;

Дененің тепе-теңдік күйінен ығысуы максималды болады. Потенциалдық энергия максимал, кинетикалық энергия нөлге:

;

t=T/8

Тізбекті тұйықтағанда конденсатор разрядтала бастайды. Тізбекте ток және онымен бірге магнит өрісі пайда болады. Өздік индукция құбылысының салдарынан ток күші біртіндеп артады. Электр өрісінің энергиясы магнит өрісінің энергиясына айналады:

Дене тербеледі. Дененің жылдамдығы біртіндеп артады. Потенциалдық энергия кинетикалық энергияға айналады:

t=T/4

Конденсатор разрядталады, ток күші максимал болады . Электр өрісінің энергиясы нөлге тең, магнит өрісінің энергиясы максимал:

Тепе-теңдік күйінен өткенде дене жылдамдығы және оның кинетикалық энергиясы максимал, потенциалдық энергиясы нөлге тең:

t=3T/8

Өздік индукция құбылысының салдарынан ток күші біртіндеп артады. Конденсаторда біртіндеп заряд жинала бастайды. Магнит өрісінің энергиясы электр өрісінің энергиясына айналады:

Дене тепе-теңдік күйіне жетіп, инерция бойынша қозғалысын жалғастырады. Бұл кезде:

t=T/2

Конденсатор қайта зарядталады; тізбектегі ток күші нөлге тең.

;

Серіппе максималсозылады; дене жылдамдығы нөлге тең. Бұл кезде:

;



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу