Айнымалы ток генераторы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11 Айнымалы ток

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы ток генераторы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.4.3.1 – генератор моделін қолдана отырып, айнымалы ток генераторының жұмыс принципін зерттеу

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың генератор моделі арқылы айнымалы ток генераторының жұмыс принципі жайлы түсініктерін қалыптастыру

Бағалау критерийлері

  • Айнымалы ток ұғымын біледі;
  • Айнымалы ток генераторының түрлерін біледі;
  • Айнымалы ток генераторының құрылысы мен жұмыс принципін түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Тілді оқыту мақсаты

Оқушылар орындай алады:

Пәндік лексика және терминология

Жылу қозғалтқышы, жылу электр станциясы, ішкі энергия,жылу,жұмыс

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Айнымалы ток

Переменный ток

Аlternating current

Айнымалы ток генераторы

Генератор переменного тока

AC Generators

Статор

Статор

Stator

Ротор

Ротор

Rotor

Электромагнит

Электромагнит

Air Condition

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

Электромагниттік индукция құбылысы ….

Айнымалы токтың индукциялық генераторы …тұрады

Құндылықтарды дарыту

Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу.

Пәнаралық байланыстар

Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады.

АКТ қолдану дағдылары

Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар.

Бастапқы білім

8сынып: жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық, газ жұмысы, пайдалы әсер коэффициенті.

10-сынып: температуралық шкалалар, газ заңдары, молекула- кинетикалық теория.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1-2 мин

Ұйымдастыру:

Сәлемдесу. Коллаборативті орта құру (Оқушыларды сабақ барысына ынталандыру үшін ойын ұсыну. С әрпіне басталатын тілек тілейміз).

3-9 мин

10-15 мин

«Блиц-сұрақ». Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылар келесі сөйлемдерді аяқтайды.

  • Электр тогы дегеніміз……
  • Электр тогының көздеріне ……………..жатады
  • Айнымалы электр тогы деп …………….. Оның тұрақты токтан айырмашылығы ………….
  • Электромагнитной индукция дегеніміз…….

Оқушылар кезектесіп оқиды, басқалары тыңдап бір-бірін бағалайды.

Топтық жұмыс

Проблемалық сұрақ: «Электр өрісінің туындауы магнит өрісінің пайда болуына әкелетіні белгілі. Кері құбылыс алуға бола ма, яғни магнит өрісінің көмегімен өткізгіште электр тогын алуға бола ма?

Бір топтың ойын тыңдап, егер толықтыру қажет болса, басқа топтардың ойын тыңдау. Сұрақты талдап, егер алуға болса, ол үшін қандай көздер қолданылатынын сұрап, сабақтың тақырыбына көшу.

Сабақ тақырыбын, мақсаттарын жариялау.

Сабақтың ортасы

16-31 мин

32-34 мин

Сабақтың соңы

35-42 мин

Мұғалімнің толықтауы:

Не себепті электр станциялары айнымалы токты генерациялайды?

Басты себебі, айнымалы ток электр энергиясын тасымалдауға өте ыңғайлы. Американдық ғалым Томас Эдисон электр шамын жасағаннан кейін инженерлер осы электр энергиясын жеткізу жүйесін құрғылары келді. Сол кездерде Эдисон мен оның әріптестері энергияны тұрақты ток түрінде таратуды ұсынды. Бірақ тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың тиімді екені анықталды. Айнымалы ток айнымалы ток генераторлары мен қозғалтқыштарға қолдануға тиімді болып шықты. Қарапайым генератор ретінде айналмалы рамканы алуға болады(тұрақты ток генераторы). Тұрақты ток генераторы мен айнымалы ток генераторын салыстыра отырып, түсіндіру

Практикада қолданылатын айнымалы токтың генераторында айналмалы контурдың орнына суретте көрсетілгендей айнымалы токты генерациялайтын жүйе алынады.

Генератор екі негізгі бөліктен тұрады. Бір бөлігі статор деп аталады, ол магнит өрісін тудыруға және магнит ағынын өзгертуге жауапты. Екінші бөлік ротор деп аталады, ол (b) суретте көрсетілгендей айнала отырып, айнымалы токты өндіреді.

Демонстрация:

Мұғалім қарапайым айнымалы ток генераторын осциллографқа қосады да, айнымалы токтың амплитудасы мен жиілігі айналу жылдамдығына тәуелді екенін көрсетеді.

Егер мүмкіндік болмаса, айнымалы ток генераторының моделін видео арқылы көрсетіп, толықтыру

Сабақты бекіту

Сұрақ: Генератор дегеніміз не?

Жауап: Генератор – бұл қандай да бір энергия түрін электр энергиясына түрлендіретін құрылғы.

Сұрақ: Генератордың негізгі бөліктерін атаңыз.

Жауап: Ротор, статор.

ҚБ «Білімді тексеру – көршіңді тексер!» (тест түрінде)

Оқушылардың материалды қаншалықты меңгергенін тексеру.

Презентация

Презентация

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың соңы

43-44 мин

45 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Нысаны бойынша оқушылар өз аттарын жазып стикерлерді нысанаға орнатады.

Үйге тапсырма: Р. Башарұлы Айнымалы ток генераторы

11 сынып ҚГБ арналған оқулық

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Айнымалы ток ұғымын және генераторды біледі

Көпшілік оқушылар: айнымалы ток генераторының құрылысына сипаттама береді Кейбір оқушылар: айнымалы ток генераторы мен тұрақты ток генераторы арасындағы айырмашылықты ажыратады

ҚБ(тест түрінде)

Бірін-бірі бағалау;

Физика кабинетіндегі ҚТ.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1

Тест: Электр энергиясын генерациялау.

  • Айнымалы ток генераторы не үшін қажет?
  • Материяны тудыру үшін
  • Энергияны тудыру үшін
  • Энергияны түрлендіру үшін
  • Айнымалы токты қайда өндіреді?
  • Зауытта
  • Электр станцияларында
  • Тұрғын үйлерде
  • Өндірісте қолданылатын стандартты айнымалы ток жиілігі қанша?
  • 50 Гц
  • 40 Гц
  • 10 Гц
  • Генератордың қозғалмайтын бөлігі қалай аталады?
    • Ротор
    • Статор
    • Щетка
  • Айнымалы ток генераторында энергияның қандай түрлендірулері жүзеге асады?
  • Ротордың механикалық және статордың магниттік энергиясы электр энергиясына
  • Статордың магниттік энергиясы электр энергиясына магнитной энергии статора в электрическую
  • Ротордың электр және магниттік энергиясы магнит энергиясына


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу