Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздық шама. Физика, 11 сынып, қосымша материал.
Тақырып: Жұлдыздар әлемі.Жұлдыздық шама.
Мақсаттар:
11.10.12 – көрінерлік жұлдыздық шама және абсолюттік жұлдыздық шама түсініктерін ажырату;
Бағалау критерийлері:
Бақыланатын жұлдыздардың (Жерден қараған кезде) жарық интенсивтілігі мен олардың жарқырауының тәуелділігін сапалы түсіндіреді;
Бақыланатын жұлдыздардың (Жерден қараған кезде) жарық интенсивтілігі мен оған дейінгі қашықтыққа тәуелділігін сапалы түсіндіреді;
Есептер шығару:
- 1) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең үлкен жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Жұлдыздың атауы | Температура, К | Масса (Күн массасымен) | Радиус (Жер радиусымен) | Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж) |
Кастор | 10400 | 3 | 2,5 | 45 |
Процион | 6900 | 1,5 | 2 | 11 |
Спика | 16800 | 15 | 7 | 160 |
- 2) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең кішкентай жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Жұлдыздың атауы | Температура, К | Масса (Күн массасымен) | Радиус (Жер радиусымен) | Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж) |
Беллатрикс | 22000 | 8,4 | 6 | 240 |
Вега | 10600 | 3 | 3 | 27 |
Сириус | 9900 | 2 | 1,7 | 8,6 |
- 3) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, ең үлкен жарықтылыққа ие жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Жұлдыздың атауы | Температура, К | Масса (Күн массасымен) | Радиус (Жер радиусымен) | Жұлдызға дейінгі қашықтық (ж.ж) |
Полярная | 7000 | 6 | 30 | 430 |
Ригель | 11000 | 18 | 75 | 864 |
Арктур | 4300 | 1,25 | 26 | 37 |
- 4) Кестедегі мәліметтерді қолдана отырып, көрінетін жұлдыздық шамасы ең төмен жұлдызды атаңыз. Жауабыңызды негіздеңіз.
Дескрипторылар:
Жұлдыздарды көрінерлік жұлдыздық шамалар бойынша салыстырады.
Жауабын негіздейді.
Жұлдыз | Көрінетін жұлдыздық шама |
Сириус | - 1,44 |
Полярная | 2,02 |
Вега | 0,03 |
Процион | 0,37 |
Ригель | 0,12 |
Бетельгейзе | 0,42 |
Қайталауға арналған тест:
Дескрипторлар:
- Анықтама мен жұлдыздың параметрін сәйкестендіреді.
- Жұлдыздық шамалардың қандай параметрлерге тәуелді екенін анықтайды.
1. Жұлдыз бірлік уақытта шығаратын жарықтың толық мөлшері/ аспан денесінің сәулелену қуаты.
А. Көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Жұлдыздың жарықтылығы
2. Жердегі бақылаушының көзқарасымен қарастырылатын аспан денесінің жарқырау өлшемі.
А. Көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Жұлдыздың жарықтылығы
3. Жұлдыздың бақылаушыдан 10 парсек қашықтықта орналасқан кезіндегі объектінің көрінерлік шамасы.
А. Көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
В. Жұлдыздың жарықтылығы
4. Жұлдыздың жарқырауы тәуелді:
1. жұлдызға дейінгі қашықтыққа 2. Жұлдыздың өлшеміне 3.жұлдыздың температурасына
А.1,2
Б. 2,3
В.1,3
5. Қай шама жұлдызға дейінгі қашықтыққа тәуелді емес?
А. көрінетін жұлдыздық шама
Б. Абсолюттік жұлдыздық шама
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?