Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Айнымалы жұлдыздар. Физика, 11 сынып, қосымша материал 5.
Тест. Жұлдыздар эволюциясы.
- Егер жұлдыздарды спектрлік жіктелу – жарықтық арасындағы Герцспрунг-Рассел диаграммасына орналастырса, онда олардың көпшілігі негізгі тізбекте болады. Бұдан шығады:
А) ең жас жұлдыздар негігі жүйеге орналасқан;
Б) негізгі кезеңде болу ұзақтығы басқа кезеңдермен салыстырғанда ұзақ;
В) бұл жағдай жұлдыздардың эволюциясымен түсіндірілмейді;
Г) ескі жұлдыздар негізгі жүйеге шоғырланған;
- Герцшпрунга-Рессел диаграммасында жұлдыздардың мына сипаттамалар арасындағы тәуелділік орындалады:
А) спектрлік жіктелуі мен масса ;
Б) спектрлік жіктелуі мен радиусы;
В) жұлдыздар массасы мен радиусы;
Г) температурасы мен жарқырау.
- Жұлдыздар пайда болатын суық газ бен шаң-тозаң қалай аталады?
А) цефеида;
Б) протожұлдыз;
В) ғаламшар тұмандығы;
Г) ашық аралық
- Герцшпрунга-Рессела диаграммасында жұлдыз сутектен гелийге айналған соң қай бағытта қозғалады?
А) негізгі тізбектен жоғары көк түсті алыптарға қарай;
Б) негізгі тізбектен қызыл алып және өте аллыптарға қарай;
В) төмен жарықтылыққа қарай;
Г) ерте спектрлік жіктелуге қарай;
- Ақ ергежейлілердің Герцшпрунга-Рессела диаграммасындағы орналасу аймағы:
А) диаграмманың сол жақ жоғары бөлігінде;
Б) диаграмманың оң жақ жоғары бөлігінде;
В) диаграмманың сол жақ төменгі бөлігінде;
Г) диаграмманың оң жақ төменгі бөлігінде.
Жауаптары:
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
Б | Г | Б | Б | В |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?