Жұлдыздар әлемі. Жұлдыздарға дейінгі қашықтық. Айнымалы жұлдыздар. Физика, 11 сынып, қосымша материал 4.
Тапсырма 2
Төменде Герцспрунг-Рассел диаграммасының өлшемі, түсі, жұлдыздардың жарықтығы, спектрлік жіктелуі және абсолютті шамаларының байланысты диаграммасы берілген. Осы диаграммадағы әр нүкте абсолютті шамасы мен спектрлік жіктелуі бар жұлдызды білдіретіні анықталған. Деректердің бірнеше топтарға бөлінетініне назар аударыңыз: негізгі реттік жұлдыздар (бас кезектілік), алыптар, үлкен алыптар (өте аыптар) және ақ ергежейлілер
- Сіз өзіңіздің астроном екеніңізді елестетіп, шамамен 3700 Кельвин температурасы бар жұлдызды ашыңыз. Оның жарықтығы шамамен 0,1. H-R диаграммасын (Герцспрунг-Рассел диаграммасы) қарастырыңыз; Бұл жұлдыз өмірлік циклінің қай кезеңінде орналасқан? Жауабыңызды түсіндіріңіз.
- Егер жұлдыздың температурасы шамамен 10 000 Кельвин және жарықтығы шамамен 10-3 болса ше? Бұл қандай жұлдыз болуы мүмкін? Оның өмірлік циклдің қай кезеңінде екенін түсіндіріңіз.
- Төмендегі жұлдыздардың әрқайсысы үшін өмірлік циклінің соңғы кезеңі қандай болады? (қара ергежейлі, нейтрондық жұлдыз немесе қара құрдым).
Төмендегілердің ішінен:
(a) О типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
(b) А типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
(c) G типі, негізгі реттілік (тізбегінің) жұлдызы
- Қызыл өте алыптар бар ма?
- Қай жұлдыз ыстық: ақ немесе қызыл ергежейлі?
- Өлшемі бойынша үлкені қайсысы: G2 немесе В2?
- Қызыл ергежейлілер Күн сәулесінен асып кете ала ма?
- Қай жұлдыз Күннен жылдам айналады:спектрлік жіктелуі 05 немесе М5?
- Герцшпрунга–Рассел диаграммасында сутегі гелийге айналғаннан кейін қай бағытқа қозғалады?
- Ақ ергежейлілер Герцшпрунга–Рассел диаграммасында қандай аймақта орналасқан?
Жауаптар:
- K жұлдызы, негізгі реттілігі, өмірлік циклінің ортасы
- Кішігірім жұлдызды циклдің соңғы кезеңінің қасында орналасқан ақ ергежейлі
- (а) қара құрдым; (b) нейтрондық жұлдыз; (c) қара ергежейлі
- Ия
- Ақ
- В2
- Жоқ
- 05
- Негізгі реттіліктен төмен жарықтылыққа қарай қызыл алыптар мен өте алыптарға дейін аралық
- Диаграмманың сол жақ төменгі шетінде
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды