Жұлдыздар әлемі және олардың спектрлік классификациясы. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі — спектіріндегі айырмашылықтары бойынша анықталған жұлдыздар жіктелуі.

19-шы ғасырдың 2-ші жартысында жұлдыздарға жасалған спектрлік жіктелулерінің ішіндегі ең сйтті шыққаны - Гарвард жіктелуі. Оны 19 және 20 ғасырларды америкалық астроном Э.Кеннон жасаған. Бұл жіктелудің негізіне атлмдық спектрлік сызықтардың немесе молекулалық жолақтардың интенсивтігі алынған. Мұнда жұлдыздардың үздіксіз спектіріндегі энергияның таралуы ескеріледі. Жұлдыздардың спектріндегі ерекшіліктер негізінен олардың беттерінің температурасымен анықталады. Әр түрлі жұлдыздардың жарқырауы мен спектрлік кластары арасында (немесе бетінің температурасы), Герцшпругн-Рассел диаграммасында көрсетілгендей белгілі бір тәуелдік байқалады.

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі әріптермен белгіленіп, температураның кемуіне қарай мына тәртіпте орналастырылады:

Гарвард жұлдыздардың спектрлік жіктелуі

Класс

Температура,K

Негізгі түсі

Көзге көрінетін түсі[1][2]

Масса,M

Радиус,R

Жарқырауы,L

Сутегі сызықтары

Негізгі тізбек жұлдызындағы үлесі,%[3]

Ақ ергежейлідегі үлесі ,%[3]

Алыптардың үлесі,%[3]

O

30 000—60 000

көк

көк

60

15

1 400 000

әлсіз интенсивті

~0,00003034

-

-

B

10 000—30 000

ақшыл-көк

ақшыл-көк және ақ

18

7

20 000

орташа интенсивті

0,1214

21,8750

-

A

7500—10 000

ақ

ақ

3,1

2,1

80

өте интенсивті

0,6068

34,7222

-

F

6000—7500

сарғылт-ақ

ақ

1,7

1,3

6

орташа интенсивті

3,03398

17,3611

7,8740

G

5000—6000

сары

сары

1,1

1,1

1,2

әлсіз интенсивті

7,6456

17,3611

25,1969

K

3500—5000

қызғылт

сары-қызғылт

0,8

0,9

0,4

өте әлсіз интенсивті

12,1359

8,6806

62,9921

M

2000—3500

қызыл

қызғылт-қызыл

0,3

0,4

0,04

өте әлсіз интенсивті

76,4563

-

3,9370

Жұлдыздар бір кластан екінші класқа үнемі ауысып отырады. Спектрлік кластардың ішінде ондық бөліктер де болад, мысалы, В0, В1, В2,..., В9, А0.... Барлық жұлдыздардың 99 %-ы В-М спетрлік кластарына жатады, O, R, N, S класындағы жұлдыздар сирек кездеседі.

Мазмұны

O-класы[өңдеу]

O-класы (t ≈ 40 000 °C - 25 000°С). Бұл класқа спектірінің ультракүлгін бөлігі күшті дамыған өте ыстық жұлдыздар жатады. Бұл жұлдыздардың спектрі, негізінен иондалған гелий сызықтарынан тұрады. Бейтарап гелийдің, бірнеше рет иондалған азоттың, көміртектің, кремнийдің сызықтары да көрінеді.

В-класы[өңдеу]

В-класы (t ≈ 25 000 °C - 12 000°С). Бұл класқа жататын жұлдыздардың спектрлерінде бейтарап гелийдің, иондалған оттектің және азоттың сызықтары кездеседі.

А-класы[өңдеу]

А-класы (t ≈ 11 500 °C - 7 700°С). Спектрлерінде Бальмер сериясына жататын сутек сызықтары көп кездеседі.

Ғ-класы[өңдеу]

Ғ-класы (t ≈ 7 600 °C - 6 100°С). Спектрлердегі сутек сызықтары өте интенсивті болады, бірақ оның құрамында иондалған металдар мен бейтарап металдардың көптеген сызықтары байқалады. Иондалған кальцийдің Н және К сызықтары өте интенсивті болады.

G-класы[өңдеу]

G-класы (t ≈ 6 000 °C - 5 000°С). Металдардың күшті спектрлік сызықтарының ішінде сутек сызықтарыайрықша көзге түспейді. Н және К сызықтары өте интенсивті болады. Күн G 3 класына жатады.

K-класы[өңдеу]

K-класы (t ≈ 4 900 °C - 3 700°С). Н және К сызықтары, толқын ұзындығы 4227 Å сызық және G жолағы өте күшті дамыған сызық.

M-класы[өңдеу]

M-класы (t ≈ 3 600 °C - 2 600°С). Бұл класқа жолақ сызықтары бар қызыл жұлдыздар жатады. Әсіресе, титан тотығы жолақтары ерекше көзге түсіп тұрады.

R-класы[өңдеу]

R-класы (t ≈ 5 000 °C - 4 000°С). Бұл кластың спектрлері көп жағынан G 5 - К 5 спектрлеріне ұқсас.

N-класы[өңдеу]

N-класы (t ≈ 3 000 °C - 2 000°С). С2 және CN спектрінің қызыл жағы шектелген жолақтарын жұту күшейе түсетіні байқалады.

S-класы[өңдеу]

S-класы (t ≈ 3 000 °C - 2 000°С). Бұл кластың жұлдыздары М және N кластарының жұлдыздарына ұқсас келеді.

Жұлдыздардың спектрлік жіктелуі жиі өзгереді. Жұлдыздардың спектрлері спектрофотометрлік әдістерінің көмегімен анықталады

Герцшпругн-Рассел диаграммасы[өңдеу]

Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет

Jump to navigationJump to search

Герцшпунг-Рассел диаграммасы

Герцпрунг–Рассел диаграммасы (қысқаша H-R диаграммасы деп аталады) — жұлдыздардың спектрлік кластары мен абсолют жұлдыздық шамасы арасындағы байланысты көрсететін диаграмма. Спектрлік кластар жұлдыздардың беткі температурасына байланысты бөлінетін болғандықтан мұны абсолют шама мен беткі теппмература байланысы арқылы сипатталатын диаграмма деуге де болады.

Мазмұны

Ашылу тарихы[өңдеу]

Г-Р диаграммасын бір уақытта, бір-біріне тәуелсіз екі ғалым ойлап тапқан. Генри Норрис Рассел, XX ғасырдың америкалық ғалымы, жұлдыздардың өмірлік циклін сипаттайтын диаграмманың негізгі идеясын 1909 жылы ойлап тапты. Ал дат ғалымы Эйнар Герцшпрунг диаграмманы Расселден бірнеше жыл бұрын (1905-1907 жылдары) ойлап тапты. Рассел диаграммасы деп аталып келген диаграмма 1930 жылдан кейін екі ғалымның атымен атала бастады.

Құс жолы жүйесіндегі танымал жұлдыздардың Герцшпунг-Рассел диаграммасы

Құрылымы[өңдеу]

Диаграмманың вертикаль осьтерінде жұлдыздардың жарқырауы мен абсолют шамалары орналасқан, ал горизонталь осьінде жұлдыздң беткі температурасы белгіленген графиктен тұрады. Горизонталь осьтің ерекшелігі температура мәндері оңнан солға қарай өседі, яғни жұлдыз қаншалықты солға ығысқан болса, соншалықты ол жарық деген сөз, бұл жәй ғана шартты қанағаттандыру үшін жасалған нәрсе.

Негізгі тізбек[өңдеу]

Диаграммадағы жұлдыздардың орналасуына келер болсақ, сол жақ жоғарыдан бастап оң жақ төменге қарай жұлдыздардың «бас тізбегі» орналасқан. Осы тізбекте барлық жұлдыздардың 90%- ы және біздің Күнмен қоса орналасқан. Бас тізбектің бас бөлігінде ең жарық, әрі жас жұлдыздар, ал төменгі бөлігіне жарқырауы төмен, кәрі жұлдыздар орналасқан. Осы аралықта өте ыстық көгілдір жұлдыздардан (спертрлік класы В) бастап, ақ (спертрлік класы А), ак сарғыш (спектрлыік класы F), сары (Күн; спектрлік класы G), қызғылт сары (спектрлік класы К) жұлдыздар, одан кейін қызыл ергежейлі жұлдыздар (спектрлік класы М) орналасқан. Олардың жарқырауы термоядролық реакцияның негізінде жүзеге асады. Яғни сутектердің қосылып гелий түзілуінен жұлдыздар біртіндеп үлкейеді және жарық шығарады.

Алыптар[өңдеу]

Бас тізбектен жоғары оң жаққа қарай қызыл алып жұлдыздар орналасқан. Олар өте үлкен және жарқырауы да үлкен мәнге ие, бірақ беткі температурасы төмен болып келеді. Одан да жоғары қарай асқын алып жұлдыздар орналасқан. Олар өте ұзақ жылдар бойы термоядролық реакциялар жүзінде жарқыраған жұлдыздар. Ал қазір олардың құрамындағы сутектердің көп бөлігі гелий түзген, солай кәрі жұлдыздар өте үлкен көлемге ие болған. Күн де 6,5 млрд. Жылдан кейін осындай күйге енеді және ол Шолпанның орбитасының аумағына дейін созылып жатады. Ондай алып жұлдыздардың ғарышқа шығаратын энергиясы бас тізбектегі жұлдыздар шығаратын энергиямен шамалас. Тек энергия бөлінетін беттің ауданы өте үлкен болғандықтан беттік температура төменірек болады.

Ергежейлілер[өңдеу]

Бас тізбекте субергежейлі жұлдыздар орналасқан. Олардың көлемі кішкентай және құрамында металл аз. Ергежейлі жұлдыздардың бір бөлігі "ақ ергежейлілер" деген атаумен бас тізбектен төмен, диаграмманың сол жақ төменгі бөлігінде орналасқан. Олар өте ыстық және көлемі жағынан кішкентай әдетте Жерден үлкен емес. Өз көлеміне сай кеңістікке аз энегия таратады және жоғарғы дейгейде жарық бөледі.

Жұлдыздар өмірін сипаттау[өңдеу]

Г-Р диаграммасына қарай отырып біз жұлдыздардың өмірін сипаттай аламыз. Жұлдыз алдымен газды-шаңды бұлттардан пайда болып, термоядролық реакцияға қажетті қысым мен температураға жеткенге дейін тығыздалады және сәйкесінше орыны бас тізбектің бір бөлігінде болады. Сутектің барлығы дерлік гелий түзбей ол Күн секілді бас тізбекте болады, ал сутек қоры таусылған кезде ол қызыл алып немесе субалып жұлдыздардың көлеміне дейін үлкейіп диаграмманың оң жақ жоғары бөлігіне орналастырылады. Кейін суып кішірейіп ақ ергежейлінің көлеміне жеткенде диаграмманың оң жақ астыңы бөлігінен орын табады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу