Атом ядросы. Ядроның нуклон моделі. Изотоптар. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.Физика, 11 сынып, презентация.


Тақырыбы: Атом ядросы. Ядроның нуклон моделі. Изотоптар. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.

Сабақ мақсаттары

атом ядросы, нуклон, нейтрон және изотоп анықтамаларын білу;

атомның массасы және массаның атомдық бірлігі ұғымдарын, массалық сан және атомдық нөмірі ұғымдарын түсіну;

изотоп ядросының құрамы мен ядролық күшті түсіну.

масса мен энергия арасындағы байланысты түсіну;

бөліну реакциясын сипаттау;

Бағалау критерийлері:

оқушылар өзара талдап басқа екінші жұпқа түсіндіреді және өздері тапсырма дайындап келесі жұптың түсінгенін немесе түсінбегенін тапсырма беру арқылы тексереді. Әрбір тапсырма 4 сұрақтан аспауы тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

Берілген жаттығуларға байлынысты оқушылар ұпай жинақтап бағаланады. Жалпы 18 ұпайды құрайды соның ішінде:

80 % - 100 % - бағасы «5»

60 % - 79 % - бағасы «4»

40 % - 59 % - бағасы «3»

0 % - 39 % - бағасы «2»

І. Атомның құрылысы

Әр атом ядро мен оны қоршайтын электрондардан тұрады. Ядро атомнан 10 000-нан 100 000 есеге дейін кіші. Атомның массасының барлық дерлік бөлігі ядроға тиіслі, өйткені электрондардың жалпы массасы атом массасының мыңнан бір бөлігінен аспайды.

Атом ядросы

Атом ядролары нуклонның екі түрінен тұрады. Олар: электр заряды бейтарап нейтрондар мен оң зарядталған протондар. Ядродағы нуклондар саны атомның массалық саны, ал протондар саны атомдық нөмірі деп аталады. Ядродағы протондар саны атомды ерекшелейді.

Изотоптар

Атом ядросындағы протондар саны химиялық элементті анықтайды, өйткені нейтрондар саны өзгере алады. Ядросындағы нейтрондар саны әртүрлі бірдей элементтер элементтің изотоптары деп аталады.

Бір элемент изотоптары бірдей химиялық қасиетке ие, бірақ кейбір физикалық қасиеттері басқаша болуы мүмкін, себебі олардың тығыздығы бірінен сәл өзгешеленеді.

Ауыр су. Сутек пен дейтерий байланысының химиялық қасиеттері жай судыкімен ұқсас. Алайда, жай судың молекулалық массасы 18 (16 + 1 + 1), дейтерий қоспасы бар судың молекулалық массасы 20 (16 + 2 + 2). Яғни, дейтерий қоспасы бар су тығыздығы 11 %-ке көп, және бәріне ол ауыр су ретінде таныс.

Жасанды және табиғи изотоптар

Таныс изотоптар саны элементтер санынан өте көп. Табиғатта 300-ге жуық изотоптар бар және осыған қоса 100 элементтің 3000 жасанды изотопы жасалынған.

Элементтің атомдық массасы

Егер табиғатта бір элементтің бірнеше изотопы болса, элементтің атомдық массасы табиғатта сол мөлшерде изотопы бар үлгіге есептелген орташа атомдық массасы болады.

Ядро күштері

Ядроларды бірге ұстап тұрған күштер ядро күштері деп аталады. Бұл күштер бір-біріне жақын орналасқан екі нуклон арасындағы тартылысты тудырады.

Ядро күштері қысқа аралықта ісер етеін күш боп саналады, өйткені олар тек бір-біріне өте жақын орналасқан нуклондарға ғана әсер етеді. Ядро түзілсе тартып тұрған ядро күшінің тебетін электростатикалық күшінен мықты екенін білдіреді.

Ядро және атом

Атом өлшемі 10-10 м-ге дейін жетеді, ал ядро өлшемі шамамен 10-15 м. Дегенмен, атомның массасын ядро анықтайды. Осы сөйлем соғындағы нүкте бір қатарды бірінен соң бірі орналасқан 2,5 миллиондай атомнан тұруы мүмкін. Ядролық заттың тығыздығы шамамен

1017 кг/м3 болады. Дәл сондай материалдан жасалған кубтың массасы 100 000 тонна болар еді.

Масса ақауы

Ядроның массасы оны құрыйтын нуклондардың массасынан әрқашан кіші. Олардың айырымы масса ақауы деп аталады. Масса ақауы Δm-ді мына тұрде есептеуге болады:

Байланыс энергиясы

Масса ақауының болуы ядроның құраушы бөлшектерін бөлу үшін өзара тартылыс күшін жеңу қажеттілігіне байланысты. Бұл күшті жеңу үшін энергия керек. Оны ядро байланыс энергиясы деп аталады.

Ядролық бөліну

Периодтық кестесінің соңында орналасқан элемент ядросындағы бір нуклон үшін байланыс энергиясы кесте ортасындағы элемент ядросының байланыс энергиясынан аз болады. сондықтан мынадай тұжырым жасауға болады: ауыр ядро екі орташа ауыр ядроға ыдырағанда, энергияның бір бөлігі сыртқа шығады. Бұл ядролық бөліну реакциясы деп аталады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу