Атом ядросы. Ядроның нуклон моделі. Изотоптар. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Келісілді

«Физика» ӘБ жетекшісі

Кадыров К.К. ________

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық оптика

Мектеп: Ақтау қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Еркмалиев Д.К.

Сынып: 11 ЕМН

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Атом ядросы. Ядроның нуклон моделі. Изотоптар. Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.8.2.3 – атом ядросының байланыс энергиясына есептеу жүргізіп және меншікті байланыс энергиясының ядроның массалық санына тәуелділік графигін түсіндіру;

Сабақ мақсаттары

атом ядросы, нуклон, нейтрон және изотоп анықтамаларын білу;

атомның массасы және массаның атомдық бірлігі ұғымдарын, массалық сан және атомдық нөмірі ұғымдарын түсіну;

изотоп ядросының құрамы мен ядролық күшті түсіну.

масса мен энергия арасындағы байланысты түсіну;

бөліну реакциясын сипаттау;

 Бағалау критерийлері

Мұғалім оқушыларға жұптық тапсырма нақты материалдарымен беріледі, оқушылар өзара талдап басқа екінші жұпқа түсіндіреді және өздері тапсырма дайындап келесі жұптың түсінгенін немесе түсінбегенін тапсырма беру арқылы тексереді. Әрбір тапсырма 4 сұрақтан аспауы тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

Берілген жаттығуларға байлынысты оқушылар ұпай жинақтап бағаланады. Жалпы 18 ұпайды құрайды соның ішінде:

80 % - 100 % - бағасы «5»

60 % - 79 % - бағасы «4»

40 % - 59 % - бағасы «3»

0 % - 39 % - бағасы «2»

 Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология. Оқушылардың осы бөлімдегі пәнді оқыту мақсаттарына қол жеткізуі үшін көмектесуге арналған ғылыми тілде жазылған термин сөздер: нуклондар, протон , нейтрон, электрон, изотоп, масса ақауы, байланыс энергиясы, меншікті байланыс энергиясы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Әр атом ядро мен оны қоршайтын ................... тұрады. Атом ядролары нуклонның екі түрінен тұрады. Олар: электр заряды бейтарап ........ мен оң зарядталған .......... Ядродағы нуклондар саны атомның ..........., ал протондар саны .......... деп аталады. Ядросындағы нейтрондар саны әртүрлі бірдей элементтер элементтің .............. деп аталады. Ядроның массасы оны құрыйтын нуклондардың массасынан әрқашан кіші. Олардың айырымы .......... деп аталады.

 Құндылықтарды дарыту

 

  • Оқушылардың белсенділігін арттыру;
  • Сыни ойлау қабілетін дамытуға жағдай жасау;
  • Коммуникативтік дағдысын жетілдіру
  • Математикалық сауаттылығын дамыту

 Пәнаралық байланыстар

Математика (есептер шығаруда) Химия (Менделеев кестесі)

 АКТ қолдану дағдылары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/kvanttyq-fizika/atom-yadrosynyng-fizikasy/lesson/yadronyng-bai-lanys-ehnergiyasy-yadro-massasynyng-aqauy

https://www.youtube.com/watch?v=46m-SJp6w5k

Бастапқы білім

атом, электрон, протон, элемент ұғымдары;

периодтық кесте қолдану білуі міндетті.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин

І. Ұйымдастыру бөлімі.

Мұғалім оқушыларға жұптық тапсырма нақты материалдарымен беріледі, оқушылар өзара талдап басқа екінші жұпқа түсіндіреді және өздері тапсырма дайындап келесі жұптың түсінгенін немесе түсінбегенін тапсырма беру арқылы тексереді. Әрбір тапсырма 4 сұрақтан аспауы тиіс. Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпайдан беріледі.

І. Атомның құрылысы

Әр атом ядро мен оны қоршайтын электрондардан тұрады. Ядро атомнан 10 000-нан 100 000 есеге дейін кіші. Атомның массасының барлық дерлік бөлігі ядроға тиіслі, өйткені электрондардың жалпы массасы атом массасының мыңнан бір бөлігінен аспайды.

Bilimland.kz

Сабақтың ортасы

20 мин

20 мин

Атом ядросы

Атом ядролары нуклонның екі түрінен тұрады. Олар: электр заряды бейтарап нейтрондар мен оң зарядталған протондар. Ядродағы нуклондар саны атомның массалық саны, ал протондар саны атомдық нөмірі деп аталады. Ядродағы протондар саны атомды ерекшелейді.

Мысалы: Адом ядросы тақырыпшасына мынадай тапсырма дайындауға болады.

Изотоптар

Атом ядросындағы протондар саны химиялық элементті анықтайды, өйткені нейтрондар саны өзгере алады. Ядросындағы нейтрондар саны әртүрлі бірдей элементтер элементтің изотоптары деп аталады.

Бір элемент изотоптары бірдей химиялық қасиетке ие, бірақ кейбір физикалық қасиеттері басқаша болуы мүмкін, себебі олардың тығыздығы бірінен сәл өзгешеленеді.

Ауыр су. Сутек пен дейтерий байланысының химиялық қасиеттері жай судыкімен ұқсас. Алайда, жай судың молекулалық массасы 18 (16 + 1 + 1), дейтерий қоспасы бар судың молекулалық массасы 20 (16 + 2 + 2). Яғни, дейтерий қоспасы бар су тығыздығы 11 %-ке көп, және бәріне ол ауыр су ретінде таныс.

Мысалы:

Жасанды және табиғи изотоптар

Таныс изотоптар саны элементтер санынан өте көп. Табиғатта 300-ге жуық изотоптар бар және осыған қоса 100 элементтің 3000 жасанды изотопы жасалынған.

Элементтің атомдық массасы

Егер табиғатта бір элементтің бірнеше изотопы болса, элементтің атомдық массасы табиғатта сол мөлшерде изотопы бар үлгіге есептелген орташа атомдық массасы болады.

Ядро күштері

Ядроларды бірге ұстап тұрған күштер ядро күштері деп аталады. Бұл күштер бір-біріне жақын орналасқан екі нуклон арасындағы тартылысты тудырады.

Ядро күштері қысқа аралықта ісер етеін күш боп саналады, өйткені олар тек бір-біріне өте жақын орналасқан нуклондарға ғана әсер етеді. Ядро түзілсе тартып тұрған ядро күшінің тебетін электростатикалық күшінен мықты екенін білдіреді.

Мысалы:

Ядро және атом

Атом өлшемі 10-10 м-ге дейін жетеді, ал ядро өлшемі шамамен 10-15 м. Дегенмен, атомның массасын ядро анықтайды. Осы сөйлем соғындағы нүкте бір қатарды бірінен соң бірі орналасқан 2,5 миллиондай атомнан тұруы мүмкін. Ядролық заттың тығыздығы шамамен

1017 кг/м3 болады. Дәл сондай материалдан жасалған кубтың массасы 100 000 тонна болар еді.

Мысалы:

ІІ. Масса ақауы

Ядроның массасы оны құрыйтын нуклондардың массасынан әрқашан кіші. Олардың айырымы масса ақауы деп аталады. Масса ақауы Δm-ді мына тұрде есептеуге болады:

Байланыс энергиясы

Масса ақауының болуы ядроның құраушы бөлшектерін бөлу үшін өзара тартылыс күшін жеңу қажеттілігіне байланысты. Бұл күшті жеңу үшін энергия керек. Оны ядро байланыс энергиясы деп аталады.

Ядролық бөліну

Периодтық кестесінің соңында орналасқан элемент ядросындағы бір нуклон үшін байланыс энергиясы кесте ортасындағы элемент ядросының байланыс энергиясынан аз болады. сондықтан мынадай тұжырым жасауға болады: ауыр ядро екі орташа ауыр ядроға ыдырағанда, энергияның бір бөлігі сыртқа шығады. Бұл ядролық бөліну реакциясы деп аталады.

Оқушылар нақты материалдарды түсіндіру барысында bilimland.kz сайтын, Youtube.com, Google.ru сайттарын немесе оқулықты қолданса болады.

https://www.youtube.com/watch?v=46m-SJp6w5k

Bilimland.kz

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысын бағалау критерийлері бойынша бағалайды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: Атом ядросы, Изотоптар, Элементтің атомдық массасы теориясын және есептеуін біледі;

Кей оқушылар: Ядро және атом және Ядро күштері теориясын жақсы меңгереді. Онымен қоса есептеулерді қатесіз жүргізеді.

Жоғарғы деңгей оқушылары: мұғалімнің көмегінсіз Масса ақауы, Байланыс энергиясы, Ядролық бөліну тақырыптарын еш қиындықсыз меңгереді.

Берілген жаттығуларға байлынысты оқушылар ұпай жинақтап бағаланады. Жалпы 18 ұпайды құрайды соның ішінде:

80 % - 100 % - бағасы «5»

60 % - 79 % - бағасы «4»

40 % - 59 % - бағасы «3»

0 % - 39 % - бағасы «2»

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу