Радиактивті сәулеленудің биолгиялық әсері Радиациялық рең. Радиоизотоптарды қолдану. Радио көміртегі бойынша материалдардың жасын анықтау. Физика, 11 сынып, презентация.
Сабақ тақырыбы:
Радиоактивті сәулеленудің биологиялық әсері. Радиациядан қорғану
.
Cабақтың мақсаты
радиоактивті материалдарды қолдану, өңдеу және сақтауды сипаттау;
радиоактивті материалдармен жұмыс кезіндегі сәуле түрлерін және жартылай ыдырау периодын есептеуін түсіндіру;
қалдықты радиация табиғатын түсіну және түсіндіру;
медицинада, археологияда және тамақ өнеркәсібінде радиоактивті құбылыстардың қолданылуын түсіндіру
Сабақтың басы:
Оқушылар сабақтың басында өздерін суреттегі адамдардың біреуін қызыл түспен бояйды
Ой қозғау
1) Радиоактивтлік сәулеленудің қандай түрлерін білесіңдер?
1) Біз альфа, бета және гамма сәулеленуі туралы және Менделеев Кестесіндегі №83 элементтен басталатын химиялық элементтердің өздігінен сәуле шығаратындығын білеміз;
2) α,β, сәулелену дегенімізді қалай түсіндіруге болады? жеке-жеке ашып қалай қарастырамыз?
2) Альфа сәулесі ол гелий атомының ядросы және оның заряды оң болады, бета ол электрондар ағыны және заряды теріс болады, гамма электромагниттік сәулелену кванты.
3) Адам ағзасы үшін сәулеленудің қандай түрі өте қауіпті болуы мүмкін?
3) Негізінен гамма сәулесі өтімділігі өте жоғары болады және қауіпті.
Проблемалық жағдай
ҚАШАН?
ҚАЙДА?
НЕЛІКТЕН?
Мағынаны тану
Шығарылған сәуленің жұтылған дозасы деп жұтылған энергияның сәулеленген заттың массасына қатынасын айтады.
D= E/ m
Si жүйесінде шығарылған сәуленің жұтылған дозасының өлшем бірлігі – 1 Гр(грей) Массасы 1 кг сәулеленген затқа иондаушы сәуле шығарудың 1Дж энергиясы берілгенде шығарылған сәуленің жұтылған дозасы бір грэйге тең;
1Гр= 1Дж/кг
Іс жүзінде сәулеленудің экспозициялық дозасы деген шама қолданылады. Ол рентгендік және гамма - сәулелердің құрғақ ауаны иондау эффектісі бойынша өлшенеді.
Оның Si жүйесінен өлшем бірлігі рентген – 1Р
Радияцияны өлшейтін дозиметрлерде 1Р= 0, 01Гр деп есептеледі.
Тірі организмдердің сәулеленуден зақымдануы сәуле шығарудың түрлеріне байланысты. Иондаушы сәулелердің биологиялық әсерін рентгендік және гамма - сәулелердің биологиялық әсерлерімен салыстыру қабылданған. Сондықтан сәуле шығарудың тірі организмдерге әсерін арнайы шама - эквивалентті дозамен сипаттайды.
Шығарылған сәуленің жұтылуының эквивалентті дозасы деп жұтылған дозаның биологиялық эффективтік (тиімділік) коэффициентіне көбейтіндісіне тең шаманы айтады:
D= k*D
K – биологиялық эффективтік коэффициенті, ол тәжірибелік жолмен анықталады.
Рентгендік,- сәуле β - сәуле, γ - сәуле үшін k =1, жылулық нейтрон үшін k= 2, 3, шапшаң нейтрон k =10, 0, α - сәуле үшін k=20, 0 қабылданған.
Топқа бөлу
Топтық жұмыс
І топ
Радиоактивті сәулелердің қолданылуы
ІІ топ
Радиоактивті сәулелердің биологиялық әсері
ІІІ топ
Радиоактивті сәулелерден қорғану мәселелері
Топтық жұмысты бағалау критерийлері
Элементтердің қызметін дұрыс түсіндіреді
Академиялық тілде жүйелі жеткізе алады.
Нақты ақпараттар ұсынады
Элементтің қандай материалдан жасалатынын дұрыс көрсетеді
Мұғалімнің оқушының іс-әрекетін бағалау критерийлері:
Топ мүшелерінің барлығы оқу үдерісіне белсене ат салысады
Ынтымақтастық ортасы қалыптасқан
Өзара құрмет сақталған
Топ мүшелері рөлдерді бөліп алады
Тайм-мененджмент сақталады
Топтық тапсырмалар
ІІ деңгей.
1. Протон мен нейтрон арасында қандай айырмашылық бар?
2. Неліктен радиоактивті препараттар шығаратын α- бөлшектер ауыр элементтерде ядролық реакциялар тудыра алмайды?
3. Азот 7N14 изотопын α- бөлшектермен атқылағанда, 8О17 оттек изотопы пайда болды. Осы кезде қандай бөлшектер пайда болды?
4. Қалың қабатты фотоэмульсия әдісі негізінде зарядталғн бөлшектерді қалай тіркейді?
5. Яролық реакторда ауыр атомдардың ядролық ыдырау жылдамдығын реттеуді жүзеге асыру үшін не істеу керек?
6. Радиоактивті элементтің атомдар саны 8 күнде 4 есе азайса, оның ыдырау периоды қалай болады?
7. Ядродан протон ұшып шыққанда элементтің массалық саны және нөмірі қалай өзгереді? Позитрон ұшып шыққанда ше?
ІІІ деңгей
1. Бастапқы радиоактивті ядролардың 7/8 үлесі 150 с ішінде ыдыраған Элементтің жартылай ыдырау периоды неге тең?
2. Радиоактивті натрий 11Na24, натрийдің жартылай ыдрау периоды 14,8 сағ. Берілген радиоактивті препараттың 44,4 сағ ішіндегі ыдыраған атомдар санын және жартылай ыдырау периодтарының санын анықтаңыздар.
Топтық жұмысты бағалау. Топтар өз-өздерін тексеру арқылы бағалайды.
ІІ деңгей.
1. Протон заряды оң, нейтрон заряды жоқ. Протон массасы нейтрон массасынан аз.
2. Себебі альфа бөлшектер мен ядро арасында үлкен кулондық тебіліс күші әрекет етеді.
3. 1р1- протон
4. Радиоактивті сәулелер металл атомымен әсерлескенде жасырын кескіндердің пайда болуын тудыру арқылы.
5. Нейтрондарды жұтатын кадмий немесе бордан жасалған стержендерді қажет кезінде енгізіп-шығарып отыру керек.
6. 4 күн
7. Элементтің реттік саны мен массалық саны бір бірлікке артады, позитронда зарядтық сан бір бірлікке артады, ал массалық саны өзгермейді.
ІІІ деңгей
50 с
2. 7/8N0 ; n=3
Үйге тапсырма : Ядролық энергетиканың артықшылығын жазып келу. 11 класс §8.12 оқу.
301-303бет. Анықтама ,формулаларды жаттау керек.
Рефлексия
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?