Бөлшектердің толқындық қасиеттері. Де Бройль толқындары. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.
Сыныппен жұмыс. Есептер шығару.
Формативті бағалауды мұғалім мен оқушылар бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша жүргізеді.
Бағалау критерийлері:
- толқынды практикада қолданады және пайда болу мысалдарын келтіреді
- элементар бөлшектер табиғаты
- де Бройль гипотезасын түсіндіреді
- есептерді шешу кезінде де Бройль толқынының ұзындығының формуласын қолданады
Дескрипторлар:
- тиісті формулаларды жазады
- ізделетін шаманы табу формуласын қорытады
- іздестірілетін шаманың мәнін есептейді
1. Потенциалдар айырымы 400В жүріп өткен де Бройль толқынының ұзындығын анықтаңыз.
2. Рентген фотонының толқын ұзындығы 1010 м тең. Анықтаңыз:
a) импульсын
b) энергиясын
3. Протон B = 15 мТл индукциясы бар біртекті магнит өрісінде R = 1,4 м радиус шеңбері бойынша қозғалады. Протон үшін де Бройль толқынының ұзындығын анықтаңыз.
Топтық жұмыс. Есептер шығару.
4. де Броильдің толқын ұзындығы λ = 1 нм болуы үшін протон қандай үдеткіш потенциалдар айырымын өтуі қажет?
5. Электронның кинетикалық энергиясы 1 кэВ тең. Де Бройль толқынының ұзындығын анықтаңыз.
Жеке жұмыс. «Саңылаудағы электрондардың дифракциясы» виртуалды зерттеу жұмысы. Бағалауды мұғалім оқушылардың жұмыстарын тексергенде жүргізеді .
Дескрипторлар:
- дифракциялық суреттің саңылаудың еніне тәуелділігін зерттейді
- дифракциялық суреттегі өзгерістерді түсіндіреді
- қорытынды тұжырымдайды
- саңылаудың өлшемдері неге10-10 м болуы керек екенін түсіндіреді.
Жеке жұмыс. Есептер шығару. Мұғалімнің бағалау критерийлері мен дескрипторлар бойынша іріктеп бағалауы.
Бағалау критерийлері:
- толқынды практикада қолдану және пайда болу мысалдарын келтіреді
- элементар бөлшектер табиғаты
- де Бройль гипотезасын түсіндіреді
- есептерді шешу кезінде де Бройль толқынының ұзындығының формуласын қолданады.
Дескрипторлар:
- тиісті формулаларды жазады
- ізделетін шаманы табу формуласын қорытады
- іздестірілетін шаманың мәнін есептейді
6. Рентген трупкасы ішінде кернеу шамасы 5,0 ∙ 103 вольтке тең кезіндегі де Броиль толқын ұзындығы электрон үшін (m = 9,11 ∙ 1031 кг) нешеге тең болады?
(а) 0,007 нм
(b) 0,014 нм
(c) 0,017 нм
(d) 0,028 нм
(д) 0,034 нм
7. жылдамдығы 5,0 м/с жылдамдықпен қозғалып бара жатқан нейтрон үшін (m = 1,67 ∙ 1027 кг) де Бройльдің толқын ұзындығы анықтаңыз.
(а) 79 нм
(b) 162 нм
(c) 395 нм
(d) 529 нм
(e) 1975 нм
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?