Эйнштейн постулаттары / салыстырмалылық теориясының постулаттары Лоренц түрлендірулері. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

11.3 В Салыстырмалылық теориясының элементтері

Мектеп: ФМБ НЗМ Семей қаласы

Мұғалімнің аты –жөні:

Күні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Эйнштейн постулаттары / салыстырмалылық теориясының постулаттарыЛоренц түрлендірулері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.7.1.1 – Эйнштейннің салыстырмалылық принципін Галилейдің салыстырмалылық принципімен сәйкестендіру

11.7.1.2 – есеп шығару кезінде Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін қолдана отырып, релятивистік эффектілерді түсіндіру

Сабақ мақсаттары

Оқушыларды адам мен Ғаламның байланысын түсінуге баулу;

АСТ мен күнделікті өмірдің техникалық жағынан байланысын ұғу мақсатында өз зерттеулерін жүргізуге дағдыландыру

Теориялық білімдерін стандартты емес жағдайларға қолдана білу дағдыларын жетілдіру

Бағалау критерийлері

Оқушы

Галилейдің салыстырмалылық принципін түсінеді

АСТ-ны шығу тарихына шолу жасайды

АСТ-ның постулаттарын біледі және түсінеді;

Лоренц түрлендірулерін қорыта алады;

Релятивистік эффектілерді ажыратады, релятивистік эффект формулаларын есептер шығаруда қолданады;

Эйнштейн постулаттары мен Лоренц түрлендірулерін қолдана отырып, релятивистік эффектілерді түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Тақырыпқа байланысты терминдер мен сөз тіркестерін қолдана отырып, өз ойын дәйекті жеткізе алады; политехникалық тілде сөйлеу мәдениетін қолданады

English

Kazakh

Russian

Inertial reference frame

Инерциалды санақ жүйесі

Инерциальная система отсчета

relativity principle

салыстырмалылық приципі

Принцип относительности

Time dilation

Уақыттың баяулауы

Замедление времени

Length construction

Ұзындықтың қысқаруы

Сокращение длины

The Galilean Transformation

Галилей түрлендіруі

Преобразования Галилея

Einstein's relativity principle

Эйнштейннің салыстырмалы принципі

Принцип относительности Эйнштейна

Lorentz's transformations

Лоренц түрлендірулері

Преобразования Лоренца

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Математика және тарихпен (АСТ-ның негізін қалаушы ғалымдар)

АКТ қолдану дағдылары

https://habr.com/ru/post/157229/ - 3D-игра с эффектами специальной теории относительности

Ғаламтор материалдарымен жұмыс жасау арқылы оқушының кеңістіктік ойлау және елестету қабылеті, АКТ қолдану дағдылары, жоғары ойлау дағдылары дамиды

Бастапқы білім

Кванттық физика.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру.

а) оқушылармен сәлемдесу, психологиялық жағымды ахуал туғызу

б) жаңа тақырыпқа байланысты оқу мақсаттарын мен сабақтың мақсаттарын айқындау

Сабақтың ортасы

1. Өткен тақырыпты қайталау / еске түсіру

Үй тапсырмасы бойынша оқушылар бір –біріне сұрақтар қояды, ол сұрақтарға жауап береді, өзін-өзі, өзара және мұғалімнің бағалауы арқылы үй тапсырмасы бойынша білім жетістіктерінің деңгейі бағаланады

2. Жаңа тақырыпта қарастырылатын мәселелер:

АСТ-ның шығу тарихы

АСТ деген не?

Эйнштейн постулаттары

Лоренц түрлендірулері

Релятивистік эффектілер

Бірмезгілділіктің салыстырмалылығы

Уақыттың баяулауы

Ұзындықтың қысқаруы

Массаның артуы

АСТ-ның күнделікті өмір мен техникада қолданыс табуы

(Т) Топтық жұмыс. Әр топқа тапсырма беріліп, тапсырманы орындауға уақыт белгіленеді.

Мынадай проблемалық сұрақтардың төңірегінде ойланып көріңіздер де, топта бірге отырған оқушылар жауап беруге дайындалыңыздар:

1 топ – АСТ туралы не білесіздер? Оның негізін қалаған ғалымдарға қысқаша тоқталсаңыздар. Е=mc2 әйгілі формула кімнің формуласы деп ойлайсыңдар: Бұл формуланы қалай түсінесіңдер? Неге бұл формуланы физикадағы екі Ұлы формуланың бірі деп атайды?

2 топ – АСТ ненің орнына келген жаңа ілім болып табылады деп ойлайсыңдар? Бұл ілім бойынша екі өзгермейтін тұрақты / инвариантты шама бар. Олар қай шамалар? Эйнштейн постулаттары туралы не айта аласыздар?

3 топ – Релятивистік механика деген нені зерттейтін ғылым саласы? Релятивистік эффектілер туралы естігендеріңіз бар ма? Лоренц түрлендірулері туралы не айта аласыздар? Ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Оқушылар топтарда өз ойларын ортаға салады, ойлануға берілген уақыт аяқталғанда әп топ оқушылар өз кезегімен жауап бере ббастайды. Мұғалім және басқа топ мүшелері жауаптардың барлығын тыңдайды, толықтырғысы келген оқушылар болса жауаптар толықтырылады. Өзін-өзі, өзара және мұғалімнің бағалауымен оқушылардың әрекеті және білім жетістіктері бағаланады.

Әр оқушы топтағы жолдастарының және өзінің іс-әрекетіне рефлексия жасайды.

Оқушылардың топтық жұмысы аяқталған соң мұғалім презентациямен жаңа тақырып туралы толығырақ тоқталып, бейнефильмдерді көрсете отырып, жаңа тақырыптың барлық мәселелері толық қамтылады.

Бекіту сұрақтарын физикалық диктант ретінде де беруге болады:

Физикалық диктант сұрақтары:

  • Эйнштейннің бірініш постулатын тұжырымдап жазыңыздар
  • Эйнштейннің екініш постулатын тұжырымдап жазыңыздар
  • Лоренц түрлендірулерінен неше теңдеу алынған?
  • Уақыттың релятивистік баяулау эффектісінің формуласын жазыңыздар
  • Массаның релятивистік арту эффектісінің формуласын жазыңыздар
  • Ұзындықтың релятивистік қысқару эффектісінің формуласын жазыңыздар
  • Дененің тыныштық энергиясының формуласын жазыңыздар.
  • Егер дененің релятивисік жылдамдығы жарықтың вакуумдегі жылдамдығынан көп есе кіші болса, онда қандай жағдай орын алады?

(ҚБ) Қалыптастырушы бағалау - оқушылар жұпта немесе жекелей отырып қалыптастырушы жазба бағалау жұмысын орындайды.

Презентация және билимланд сайтының бейнебаяндары

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/salystyrmalylyq-teoriyasy/lesson/zhalpy-salystyrmalylyq-teoriyasy - жалпы салыст теориясы

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/salystyrmalylyq-teoriyasy/lesson/zharyq-zhyldamdyhy - жарық жылдамдығы

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/salystyrmalylyq-teoriyasy/lesson/uaqyt-zhane-araqashyqtyq - уақыт және арақашықтық

https://bilimland.kz/kk/courses/physics-kk/mexanika/salystyrmalylyq-teoriyasy/lesson/massa-zhane-ehnegriya- Масса және энергия

https://www.youtube.com/watch?v=IY2LaCJFg2E - Теория относительности для чайников (часть 1)

https://www.youtube.com/watch?v=ZVNItJCbPKE - Теория относительности для чайников (часть 2)

https://habr.com/ru/post/157229/ - 3D-игра с эффектами специальной теории относительности

https://www.youtube.com/watch?v=ehjtpucIXW8 - MinutePhysics - GPS и Теория относительности.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма: есеп шығару

Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп құндылықтарын іске асыруға қандай мүмкіндіктер бар?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу