Зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша № 2

Зертханалық жұмыс

Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау

 Жұмыстың мақсаты: шынының сыну көрсеткішін анықтау

Құрал-жабдықтар: жазық параллель шыны пластина, (трапеция тәрізді шыны пластина, блок), транспортир, ағылшын түйреуіші-4 дана, өлшеуіш сызғыш, ақ қағаз, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңлауы бар экран немесе жарық көзі (лазер).

1 сурет 2 сурет

Жұмыстың барысы

  • Өлшеу және есептеу нәтижелерін ендіру үшін дәптерлеріңізге мына кестені сызып дайындаңыз.

sin

sin

n

1

2

3

4

5

  • Трапеция тәрізді шыны пластинаның параллель жақтарын сызғышпен сызамыз.
  • Түскен сәуленің жолына түйреуіш екі ине қадаймыз. (1,2 нүктелер)
  • Шыққан сәуленің жолына екі түйреуіш ине қадаймыз. (3,4 нүктелер)
  • Осыдан кейін пластинаны аламыз да, түйреуіш инелердің орнын белгілеп, түскен сынған, шыққан сәулелерді сызғыш қойып қарандашпен сызып шығыңыз.
  • Түсу бұрышы -ді және сыну бұрышы -ді транспортирмен өлшеңдер, мәндерін кестеге жазыңыз.
  • Шынының ауаға қатысты сыну көрсеткіші -ді есептеңіз: (1)
  • Тәжірибені түсу бұрышының басқа мәндерінде бернеше рет қайталаңыз. Әр жағдай үшін сыну көрсеткішін есептеп, мәндерін кестеге жазыңыз.
  • Сыну көрсеткішінің орташа мәнін есептеңіз.
  • Әр жағдай үшін абсолют қателік есептеңіз.
  • Абсолют қателіктің орташа мәнін есептеңіз.
  • Салыстырмалы қателікті есептеңіз
  • Қателіктерді ескеріп сыну көрсеткішінің сан мәні туралы қорытынды жасаңыз.

Бақылау сұрақтары

1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңыз. Осы тәуелділіктің графигін сызыңыз.

2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?

3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?

4. Сыну көрсеткішінің мәнін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?

Жұмысты қорытындылау

1. Осы жұмысты орындау барысында кездескен үш қиындықтарды жазыңыз.

і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................

іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................

ііі. ........................ ............................. ................................ ............................ ..............................

2. Осы қиындықтарды шешу жолдарын жазып көрсетіңіз.

і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................

іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................

ііі. ........................ ............................. ................................ ............................ ..............................

3. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсыныңыз.

і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................

іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу