Зертханалық жұмыс. Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтау. Физика, 11 сынып, презентация.
Геометриялық оптика
Зертханалық жұмыс Шынының сыну көрсеткішін жазық параллель пластинаның көмегімен анықтауФизика 11 сынып
Физика пәні мұғалімі: Оспанова Елнур Есенжоловна
Химия биология бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қызылорда қаласы
Оқу мақсаты
11. 6.2.5 – шынының сыну көрсеткішін эксперимент жүзінде анықтаңыз және экспериментті жақсарту жолдарын ұсыныңыз
Бағалау критерийлері
Қолдану
Сараптау
Жазық параллель пластинаға түскен жарықтың жолын дұрыс салады
Түсу және сыну бұрыштарын дұрыс анықтайды
Сыну заңын қолданып, жазық параллель пластинаның сыну көрсеткішін дұрыс анықтайды, оны кестелік мәнімен салыстырады
Экспериментті жасауда кездескен үш қиындықтарды дұрыс анықтайды
Экспериментті жақсартудың үш жолын ұсынады
Пәнге тән лексика мен терминология
(Іf) Жеке жұмыс
Суретке мұқият қараңыз.
Суретте жарық сәулесінің бір ортадан екінші ортаға өту құбылысы кескінделген.
Суреттен келесі сызықтар мен бұрыштарды белгілеп көрсетіңіз.
і. түскен сәулені ОА деп белгіле
іі. сынған сәулені ОВ деп белгіле
ііі. түсу нүктесі арқылы екі орта шекарасына тұрғызылған перпендикулярды МN деп белгіле
iv. түсу бұрышын α –мен белгіле
v. сыну бұрышын β-мен белгіле
vi. шағылған сәулені ОС деп белгіле
vii. шағылу бұрышын γ –мен белгіле
viii. тығыздығы аз ортаны n_1 деп белгіле
ix. тығыздығы көберек ортаны n_2 деп белгіле
x. Снелл заңын жазыңыз
Дескриптор
і. негізгі сызықтарды дұрыс белгілейді
іі. түсу, сыну, шағылу бұрыштарын дұрыс белгілейді
ііі. екі ортаны дұрыс көрсетеді
iv. Снелл заңын дұрыс жазады
Жауабы
(Іf) Жеке жұмыс Зертханалық жұмыс
Шынының сыну көрсеткішін анықтау
Тапсырма: оқулықты пайдаланып тәжірибе жасау арқылы шынының сыну көрсеткішін анықтау
Жұмысытың теориясы.
Жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылыс бақыланады. Мұның себебі - әр түрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болады. Сыну заңы бойынша:
n=sinα/sinβ
Жұмыстың мақсаты: шынының сыну көрсеткішін анықтау
Құрал-жабдықтар
жазық параллель шыны пластина, (трапеция тәрізді шыны пластина, блок), транспортир, ағылшын түйреуіші-4 дана, өлшеуіш сызғыш, ақ қағаз, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңлауы бар экран немесе жарық көзі (лазер).
Жұмыстың барысы
Бақылау сұрақтары
1. Шынының сыну көрсеткішінің жарық сәулелерінің түсу бұрышы артқан кезде қалай өзгеретінін анықтаңыз. Осы тәуелділіктің графигін сызыңыз.
2. Жарықтың сыну бұрышы түсу бұрышынан кіші немесе үлкен, сондай-ақ нөлге тең бола ала ма?
3. Абсолют сыну көрсеткішінің физикалық мағынасы неде?
4. Сыну көрсеткішінің мәнін ең үлкен дәлдікпен, яғни ең кіші қатемен қалай анықтауға болады?
Жұмысты қорытындылау
1. Осы жұмысты орындау барысында кездескен үш қиындықтарды жазыңыз.
і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................
іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................
ііі. ........................ ............................. ................................ ............................ ..............................
2. Осы қиындықтарды шешу жолдарын жазып көрсетіңіз.
і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................
іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................
ііі. ........................ ............................. ................................ ............................ ..............................
3. Жұмысты жақсарту жолдарын ұсыныңыз.
і. ........................ ............................. ................................ ............................ ................................
іі. ........................ ............................. ................................ ............................ ...............................
Дескриптор
Рефлексия
Зертханалық жұмыста жасау сізге ұнады / ұнамады
Зертханалық жұмыста кездескен қиындықтар .....
Зертханалық жұмысты жасауда нені өзгертер едіңіз .....
Үйге тапсырма
Физика 11 сынып
§ 4.10 Жарықтың сыну құбылысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды