Зертханалық жұмыс №3 Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


49- сабақ жоспары

Мектеп:

Мұғалім:

Қысқа мерзімді сабақ жоспары физика №49

Мерзімі:

Сынып: 11

Бөлім: 6.1 Толқындық оптика

Сабақтың тақырыбы:

Зертханалық жұмыс3 Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау (1- бөлім)

Оқу мақсаттары

11.6.1.6- тәжірибе жасау арқылы жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор көмегімен анықтау.

Сабақтың мақсаты

Лазер сәулесінің толқын ұзындығын анықтау

Бағалау критерийі

  • Оқушылар оқу мақсатына жетеді, егер 3/4 тапсырманы дұрыс орындаса.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар орындай алады: толқындық оптика терминологиясын сенімді қолдана отырып, дифракциямен байланысты әр түрлі құбылыстарды түсіндіреді.

Тақырыптық лексика мен терминология:

жарықтың электромагниттік табиғаты; жарық жылдамдығы; жарықтың таралуы; жарық кедергісі; жарықтың дифракциясы, дифракциялық торлар.

толқын ұзындығы, амплитуда, жиілік, бүтін сан, қисықтың ені, екінші ретті, бірінші ретті, n- ретті, монохроматты сәуле, лазерлік, жарық, қараңғы.

Диалог / жазу үшін пайдалы фразалар:

......... орналасқан көзден алынған жарық сәулесі, саңлаудың шеті .................. кедергі келтіреді, ал жарықтың ортасында орналасқан ... ............ олардың арасындағы айырмашылық λ / 2-ге тең. Сол сияқты, саңлаудың жоғарғы бөлігінен төмен орналасқан жарық көзі дәл сол бұрышта орналасқан ................... көзге қатты әсер етеді. Осы түсіндірмені саңылаудың бүкіл биіктігі бойымен жалғастыра аламыз, бұл барлық саңылаулардың кедергісі шарты саңылаудың енінің жартысына тең қашықтықтағы екі тар саңылаудың арасындағы қашықтық шартымен бірдей. Жол айырымы минималды интенсивтілік ________ мин бұрышта болатындай етіп орнатылады, онда d ......... болады. .... алшақтықтан; .......... - минималды интенсивтілік пайда болатын бұрылу бұрышы, ал ............ - жарықтың толқын ұзындығы. Осыған ұқсас дәлелді төрт, алты, сегіз бөлікке және т.б. бөлуге болатындығын елестететін болсақ, онда n нүктесінде берілген минимумдар болатынын көрсету үшін қолдануға болады. .. нөлден басқа.

 АКТ-ны

қолдану дағдылары

  • Смарт тақтаны, калькулятор және ноутбуктар қолдану.
  • Үй тапсырмасын орындауға Edmodo қолдану.

Алдыңғы білім

8-9 сыныптарда оптика бөлімі бойынша оқыған тақырыптар. Оқушылар жарықтың шағылу және сыну заңдарын біледі. Зертханалық жұмысты орындау үшін оқушылардың базалық практикалық дағдылары мен оптикалық құралдармен жұмыс істеу дағдылары болуы.

Сабақтың барысы

Жоспарлан-ған сабақ кезеңі

Сабақтағы жоспарланған іс-шаралар

Ресурстар

Білімнің өзектілігі

3 мин

Сабақтың басталуы:

а) сабаққа оқушыларды психологиялық дайындау;

б) сабақтың мақсаттары мен міндеттерін белгілеу;

с) сабақтың жоспарымен таныстыру

д) оқыту мақсаттарын анықтау;

Интерактивті

тақта

Алдын ала дайындалған материал, флипчарттар

5 мин

(W)Мұғалім оқушылардан дифракция құбылысы туралы білетіндерін сұрайды.

Оқушылар жарыққа қарама –қарсы ұсталған және бір- біріне жапсырылған екі карандаш арқылы қарағанда не байқағандарын айтады.

Карандаштар ұшынан саңылаудан жарықтың өтуі кезінде дифракцияның болғанын түсіндіреді.

Немесе

Мұғалім оқушыларға интерактивті тақтада көрсетілген карталарды сәйкестендіруді тапсырады, мына сілтемедегі : https://quizlet.com/142357233/match, оқушыларға карталарды сәйкестендіру ұсынылады.

Маркерлер, жарық көздері

Интерактивті тақта

https://quizlet.com/142357233/match

Жаңа материалды меңгеру

5 минут

25 минут

(G) Мұғалім оқушыларды 3-4 топқа бөледі.

Оқушылар топпен жұмыс істейді.

Зертханалық жұмыс: жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау.

Мұғалім тапсырмалар жазылған жұмыс парағын таратады және жұмыстың орындалуын түсіндіреді. Оқушылар берілген тапсырманы оқиды, тәжірибенің орындалу тәртібін талдайды.

Мұғалім техника қауіпсіздігі ережесі бойынша инструктаж береді:

Шартты түрде лазер 2-класқа жататын болғандықтан,

(1 мВт-тан аз), оқушыларға ескерту керек, сәуле жолымен қарамау керектігін.

Мұғалім оқушылардың жұмысын бақылайды және қажет болған жағдайда оларға қолдау көрсетеді.

Оқушылар жарықтың толқын ұзындығын мына теңдеу арқылы анықтайды:

λ = sinθ

Жұмыс парағы

Құрал- жабдықтар:

лазер, линза, -20 D, линзы, +4, D, метрлік сызғыш, линза ұстағыш, дифракциялық тор, проекциялық экран

Жаңа материалды бекіту

5 мин

Мұғалім сабақтың мақсаттарын оқушылармен бірге қарастырады. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді.

Егер уақыт болса: Есептер шығарады.

Барлық оқушылар есептер шығарады.

Интерактивті тақта

PPT презентация

Рефлексия

3 мин

(W) Оқушылар рефлексиясы, кері байланыс.

1. Жұмыс қиын немесе оңай болды ма? Неге?

2. Нәтиже дұрыс анықталды ма? Түсіндір.

3. Нәтиженің дұрыс анықталғанына сенімдісің бе?

4. Сіздің ұсынған нәтижеңіз?

Рефлексия нәтижесінде оқушы сабақта нені анықтағанын, бағалау критерийіне байланысты оқу масқатына жеткенін түсінеді.

Үй тапсырмасы

2 мин

Үй тапсырмасын орындауға Edmodo қолданады.

Рефлексия

Сабаққа рефлексия жасау арқылы мына сұрақтарға жауап беріңіз:

  • Барлық оқушылар оқу мақсатына жетті ме? Егер жоқ болса, неге?
  • Дифференциация арқылы оқушыларды оқу мақсатына жетуге мүмкіндік болды ма?
  • Сабақтың уақыт этаптары сақталды ма?
  • Сабақтың жоспарынан ауытқу болды ма? Неге?
  • Сабақты жақсартудың қандай жолдары бар?


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу