Зертханалық жұмыс: Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор арқылы анықтау. Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.


Жұмыс парағы 2

Оқушы___________________ Сынып 11_________ мерзімі _________________

Зертханалық жұмыс № 3

Жарықтың толқын ұзындығын дифракциялық тор көмегімен анықтау

Құрал- жабдықтар:

Лазер, дифракциялық тор (600 штрих 1 мм- де), 2 метрлік сызғыш

Сызбасы:

Жұмыстың барысы

  • Тұрғыға метрлік сызғышты горизонталь бекітіңіз.
  • Лазер сәулесін метрлік сызғышқа нормаль бұрышпен түсетіндей бағыттаңыз. (90° бұрышпен).
  • Жарық дақтың 50 см-лік белгіде болуы үшін метрлік сызғышты жылжытыңыз.
  • Дифракциялық торды лазер сәуле түзу бұрышпен түсуі үшін лазер мен метрлік сызғыш арасына орналастырыңыз.
  • Метрлік сызғышта пайда болған интерференциялық көрініске- жарық дақтар қатарына назар аударыңыз.
  • Центрдегі жарық дақпен (n=0) центрдің екі жағындағы (n =1) бірінші жарық даққа дейінгі x қашықтықты анықтаңыз.
  • Дифракциялық тордан метрлік сызғышқа дейінгі D қашықтықты анықтаңыз.
  • Мына формуланы қолданып tan θ = x/D θ- бұрышты есептеңіз.
  • Саңлаулар арасындағы d қашықтықты d =1/N теңдеуімен анықтаңыз, мұндағы N- 1 мм –дегі штрихтар саны.
  • Мына формуланы қолданып nλ = dsinθ λ толқын ұзындығын анықтаңыз.
  • n- нің мәнінің басқа мәндері үшін қайталап, λ орташа мәнін анықтаңыз.

ҚАТЕЛІКТЕРДІҢ БОЛУЫ/ ҚАТЕЛІКТЕРДІ БОЛДЫРМАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

1. Дифракциялық тор жарық сәулесіне тікелей орналаспаса да болады; х екі жағынан да бірдей болу керек; х- ті өлшегенде n = 0 – ден бастап өлшеп, екі көрсетуінің орташа мәнін алыңыз; жіберілетін қателіктің мәні өте аз болу үшін, екі нүктенің арасындағы арақашықтықты өлшеп алып, екіге бөлуге болады.

2. Экрандағы нүктелердің тура ортасын анықтау қиындық туғызады. (қайталаңыз және орташа мәнін алыңыз).

НӘТИЖЕЛЕР

N

х (м)

D (м)

θ

λ

Қорытынды

____________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу