Жарықтың дифракциясы. Есеп шығару. Физика, 11 сынып, презентация.
Дифракция
Оқыту мақсаты:
11.7.1.5 Френель принципін қолдана отырып, саңылаудан, дөңгелек тесіктен дифракцияны түсіндіру;
Дифракция
- Толқындардың кедергілерді орағытып өту процессі.Жарық дифракциясы
– жарықтың түзусызықты бағытын өзгертіп, шағын кедергілерді және жіңішке саңылауларды айналып өту процессі.Бұл құбылыс жарықтың толқындық табиғатын түсіндіреді.
Интерференцияция
- Толқындардың қабаттасқан жерінде ақ және қоныр көленкелі дақтардың пайда болуы.Христиан Гюйгенс
1629 - 1695
Огюстен Френель
1788-1827
Жарық дифракциясын зерттеген ғалымдар
Механикалық толқындар жағдайында Гюйгенс принципі көрнекі түрде түсіндіріледі: тербелістер барып жеткен ортаның бөлшектері, өз кезегінде тербеле отырып, ортаның өзара әсерлесетін көршілес бөлшектерін қозғалысқа келтіреді.
Гюйгенс-Френель принципі
Когерентті толқындар бірдей жиілікпен тербелетін, фазалар ығысуы тұрақты болатын когерентті толқын көздерінен алынады.
Бір-біріне тәуелсіз екі жарық көзін, мысалы, екі электр шамын пайдаланып интерференциялық құбылысты шығарып алуға болмайды. Неге?
Когерентті толқындар
Екі шамның жарығының жиілігі бірдей болса да, бірдей фазалар ығысуын алу мүмкін емес.
Сол себептен, интерференциялық құбылысты келесі жағдайларда бақылауға болады:
бір жарық көзінен шыққан жарықтың екі немесе бірнеше саңылаудан өткен кезде(дифракциялық тор);
бір жарық көзінен шыққан жарықтың бірнеше өзара параллель кедергілерден шағылу кезінде (CDдиск);
бір жарық көзінен шыққан жарықтың өте жұқа мөлдір қабаттың екі жағынан шағылу кезінде(сабын көпіршігі)
Когерентті толқындар
Егер екі толқын бір орында жалдарымен ұшырасса, онда бұл орында су бетінің ұйтқуы күшейеді.
Егер, керісінше, бір толқыннын жалы екіншінің сайымен ұшырасса, онда су бетінде ұйтқу болмайды.
Интерференцияның максимумы мен минимумның шарттары
Егер екі толқын бір орында жалдарымен ұшырасса, онда бұл орында су бетінің ұйтқуы күшейеді.
Егер, керісінше, бір толқыннын жалы екіншінің сайымен ұшырасса, онда су бетінде ұйтқу болмайды.
Интерференцияның максимумы мен минимумның шарттары
Гюйгенс-Френель принципі дифракцияны түсіндіреді:
1. Ортаның толқуы барып жеткен әрбір нүктесі екінші реттік толқындардың көзі болып шығады.2. Екінші реттік толқындар когерентті болып шығады.
3. Когерентті толқындар интерференцияланады
Интерференцияның максимумы мен минимумның шарттары
Дифракциялық тордың интерференциялық түрлі-түсті суреті
Ортада ақ дақ – барлық түстің орталық максимумдардың орны;
екі жақта - күлгіннен қызылға дейін бірнеше спектр.
Күлгін түстің толқын ұзындығы ең қысқа, қызыл түстің толқын ұзындығы – көрінетін жарықтар ішінде ең үлкен.
Дифракциялық тор
- толқын ұзындығын анықтауға арналған оптикалық құрал..k – дифракциялық спектрдің реті (нөмірі)
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?