Жарықтың дифракциясы. Есеп шығару. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ тақырыбы: Жарықтың дифракциясы. Есеп шығару

Мектеп:

Уақыты:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11В

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Белгілі бір оқыту мақсаты

11.7.1.5 Френель принципін қолдана отырып, саңылаудан, дөңгелек тесіктен дифракцияны түсіндіру;

 Тілдік міндеттер

Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология:

Толқын дифракциясы, дифракция суреті, максимумдар және минимумдар шарты

Алдыңғы білім

Механикалық тербелістер және толқындар. (9сынып)

Жарық интерференциясы (11 сынып)

Жоспар

Уақыт жоспары

Жоспар бойынша орындалуы тиіс тапсырмалар

Дерек көздері

Кіріспе

1 мин

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсатымен оқушыларды таныстыру.

Презентация слайдтары

1-5 минут

«Когерентті толқындар, механикалық толқындар дифракциясы, интерференция» түсініктерін қайталау.

Когерентті толқындардың интерференциясын бақылау үшін тұрақты фазалар айырымы болуының шартын түсіндіру.

Презентация слайдтары

5-10 минут

Жарық интерференциясы құбылысын Гюйгенс-Френель принципі негізінде түсіндіру.

Экранда пайда болған қоңыр-ақ жолақты интерференция суретін екі саңылаудан шыққан толқындардың ойыстары мен өркештерінің қабаттасуымен түсіндіру.

Презентация слайдтары,

Интерференция суреті

10-20 минут

Жарық дифракциясы құбылысын Гюйгенс-Френель принципі негізінде түсіндіру.

Дифракциялық тордың көмегімен экранда алған интерференциялық түрлі-түсті суретін әр түрлі түстерге сәйкес келетін толқындардың ұзындығының ерекшелігімен түсіндіру: ортада ақ дақ – барлық түстің орталық максимумдардың орны;

екі жақта - үлгіннен қызылға дейін бірнеше спектр.

Күлгін түстің толқын ұзындығы ең қысқа, қызыл түстің толқын ұзындығы – көрінетін жарықтар ішінде ең үлкен.

Мәтін бойынша сұрақтар:

  • Жарық дифракциясы дегеніміз не?
  • Гюйгенс-Френель принципінің тұжырымдамасы?
  • Дифракциялық тор дегеніміз не?
  • Дифракциялық тор периоды дегеніміз не?
  • Интерференцияның максимумдар шарты қандай?
  • Гюйгенс-Френель принципі негізінде дифракциялық торда ақ жарықтың бірнеше спектрге жіктелуін қалай түсіндіруге болады?

Презентация слайдтары,

Теориялық мәлімет

20-35

Есептер шығару

 Дифракциялық тор. 

 

№1

Толқын ұзындығы 0,5 мкм жарықтың екінші реттік дифракциялық максимумы 30° бұрышпен байқалуы үшін, дифракциялық тордың 1мм-дегі штрих саны қанша?

 (  n = 500 )

№2

Бірінші реттік дифракциялық көріністің центрден ара қашықтығы , ал тор экраннан 1 м аралықта орналасқан. Жарық толқынының ұзындығы 486 нм болса, тордың периодын анықтаңыз.

 (d = 2х 10-5м )

№3

Дифракциялық тордың бетіне нормаль бағытта монохроматты жарық түседі. Тордың периоды d = 2 мкм. Осы тордың қызыл (λ = 0,7 мкм) жарық түсу жағдайындағы беретін дифракциялық максимумының ең үлкен ретін анықтаңыз.

 (  k = 2  )

 

 Қиындық деңгейі жоғары есеп

  

 Есеп 4*Толқын ұзындығы λ = 550 нм  монохроматты жарық дифракциялық  тор бетіне қалыпты түседі. Тордан L=1м арақашықтықта орналасқан экранға линза көмегімен дифракциялық бейне проекцияланады. Бас максимум центрлік максимумнен l=10см қашықтықта орналасады. Анықтаңдарыздар:

 1.   Дифракциялық тордың периодын;

 2.   Оның ұзындығының  1 см-іне келетін штрихтар санын;

 (d. = 5мкм,     n = 2х 103см-1 )

Жұмыс парақтары

35-40 мин

Есептердің шығару жолын және жауаптарын тексеру.

Рефлексия

Жауаптар парағы

Қосымша ақпарат

Бөліп оқыту

Бағалау

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

Оқушылардың көбі меңгеру тиісті: Оқушылар толқын интерференциясының шартын біледі және жарық дифракциясын Гюйгенс-Френель принципі негізінде түсіндіреді, дифракциялық тор формуласы көмегімен есептер шығарады;

Кейбір оқушылардың меңгеруі мүмкін: формуланың дәлелдемесін көрсете алады.

1. Жарық дифракциясын Гюйгенс-Френель принципі негізінде түсіндіруі теориялық мәліметпен танысу кезінде бағаланады

2. Интерференция шарты бойынша толқынның ұзындығын анықтауға формуласын білу және дұрыс қолдануы есеп шығару кезінде бағаланады

Математика (есептеулер жасау, диаграммада толқынның жүру жолын және дақтардың орнын дұрыс көрсету)

Рефлексия

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі дүниені атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

Қандай екі дүние сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізуші еді? (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу