Жарықтың дифракциясы. Есеп шығару. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Дифракция

1. Егер жарықтың толқын ұзындығы жоғарыласа, төмендегі құбылыстардың қайсысы байқалады?

(а) Жолақтар жарықтау болады.

(b) Экранда жарқын жолақтар пайда болады.

(c) қара жолақтар арасындағы қашықтық азаяды.

(d) жарық жолақтар арасындағы бұрыш арту мүмкін.

2. Төмендегі сөйлемді аяқтаңыз: когеренттік термині......... байланысты

(a) екі толқынның фазалық айырымымен

(b) екі толқынның поляризация күйімен

(c) екі толқынның дифракциясымен

(d) екі толқынның амплитудасымен

3. Суретте екі саңылаудан өткен, толқын ұзындығы 600 нм жарықтың интерференция картинасы бейнеленген.

a)Екі саңылаудан бірдей қашықтықта орналасқан нүкте қандай әріппен белгіленген?

(a)A(c)C(e)E

(b)B (d)D

b) Экранның қай нүктесі екіншіден 300 нм қашықтыққа алыс орналасқан?

(a)A (c)C(e)E

(b)B (d)D

4. Арақашықтығы 2.00˟10-5 м екі саңылау толқын ұзындығы 500 нм сәулесімен жарықтандырылған. Егер экран саңылаулардан 8.00 м қашықтықта болса, m = 0 және m = 1 жарық жолақтары арасындағы қашықтық қандай?

(20.0 cм)

5. Жарық 0,2 мм қашықтықтықпен бөлінген екі саңылаудан өтеді. Суретте кескіндерден 1,0 м қашықтықтағы экранда байқалған интерференция жолақтары көрсетілген. Осы тәжірибеде қолданылатын жарықтың толқын ұзындығын анықтаңыз.

(500нм)

6. Дифракциялық тордың бір миллиметрінде 500 сызық бар.

a) Дифракциялық тор периодын анықтаңыз.

(2*10-6м)

b) Монохроматтық жарық дифракциялық торға бағытталған және интерференцияның алғашқы максимумның бұрышы 15º құрайды. Жарық көзінің толқын ұзындығын есептеңіз.

(λ= 520нм)

7. Дифракциялық көріністі алу үшін қызыл лазер сәулесін бір саңылаудан өткізеді. Егер саңылаудың ені екі есе көңейтілсе, онда орталық максимумның енімен не болады?

Ескерту: бұрышы жеткілікті кішкентай деп есептейік (sin шамамен tg-ке тең).

(a) Орталық максимумның ені 4 есе көбейеді.

(b) орталық максимумның ені 2 есе кемиді.

(c) орталық максимумның ені 4 есе кемиді.

(d) орталық максимумның ені 2 есе көбейеді.

(e) орталық максимумның ені өзгермейді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу