Аналогты және сандық түрлендірулер. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Бөлім Электромагниттік толқындар

Мектеп: Павлодар қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карибжанова Ә.К.

Сынып: 11 ЖМБ

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Аналогты және сандық түрлендірулер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.1.4 - аналогтықпен салыстырғанда сандық форматтағы сигналды берудің артықшылықтарын түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Аналогты және сандық түрлендірулер; аналогты және сандық түрлендірулер арасындағы айырмашылықты түсіндіру; сандық технианың көмегмен дыбысты жазуды үйрену және оның түрлендірілуіне назар аудару; нақты шарттарға сәйкес өз іс-әрекеттерін дұрыс қалыптастыруға үйрету; сигналдарды таратцдағы артықшылықтар мен кемшіліктерді ажырата алу; ақпаратты жүйелей алу қабілетін қалыптастыру; ақпараттық ортада бағдарлана алу қаблеттерін қалыптастыру.

Жетістік критерийлері

Сигналдардың берілуін сипаттай алады;

Сигналдардың қандай жолдармен түрлендіруге болатындығын біледі;

Сигналдарды аналогты түрлендіруді сипаттай алады;

Сигналдарды сандық түрлендіруді сипаттай алады;

Аналогты түрлендірудің артықшылығы мен кемшілігін ажырата алады;

Сандық сигналдардың артықшылығы мен кемшілігін ажырата алады;

Өз жұмыс нәтижесіне баға бере алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Пікір-талас барысында аналогты және сандық түрлендірулердің артықшылығы мен кемшілігі бойынша талдаулар жүргізе алады.

Пікір –талас барысында қолданатын әр аргуметтерге сыни көз –қарас таңыта отырып, дұрыс бағалай алады;

Диалог құруға қажетті сөз тіркестері:

Аналогты түрлендірудің артықшылығы ....., ал кемшілігі .......

Сндық түрлендрудің артықшылығы ....., ал кемшілігі .......

Неліктен біз оны қолданамыз, себебі .......

Құндылықтарды дарыту

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың пәнге деген қызығушылқтарын арттыру, алғырлыққа, зеректікке шапшандыққа баулу, ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу, шығармашылық қабілетін дамыту,өз ойын нақты жеткізе білуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Математика және информатика

АКТ қолдану дағдылары

Бейнематериалдар қарастыру, презентация арқылы кейбір идеяларды талдау, бейнематериал көру,

Бастапқы білім

Элетромагниттік толқындар, амплитудалық және жиілікті модуляция

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин

Сабақ басында:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру.

Сабақтың ортасы

3 мин

6 мин

10 мин

10 мин

10 мин

3 мин

Өткен білімді тексеру:

Оқушылардың әр қайсысына 2 карточка береміз. Бір карточкаға Амлитудалық модуляция және Жиілікті модуляция деген жазулары болады. Тақтадағы презентация арқылы бірнеше жағдайларды ұсынады.

Оқушылар қолдарындағы карточкаларды жағдайға сәйкес дұрыс жауабын көтереді.

1 жағдай: Қазақстан үшін Ұлттық ақпараттық жүйе;

2 жағдай: Поп музыканы ұнататындар үшін, сапасы жоғары жүйе;

3 жағдай: Ұялы байланыс телефон жүйесі;

4 жағдай: Мектептерге арналған радио байланыс жүйесі.

Ой қозғау:

Проблемалық сұрақ: Берілген суретте қандай жұп ақпаратты тезірек және сапалы жеткізеді, неліктен?

Оқушыларға сұрақтар қоя отырып, сабақ тақырыбы мен оқу мақсатын анықтау.

Ол үшін төмендігідей тәжірибелер мен сұрақтар ұсынуға болады.

Ақпаратты қалай таратуға болады?

Ақпаратты таратуда қандай әдістер қолдануға болады?

Ақпаратты таратып көрелік ол үшін, үш түрлі әдіс қолдаңамыз.

1 әдіс: оқушылларға қарапайым екі пластик стакан беріледі, олардың ортасын серпімді жіппен жалғау. Оқушылар сынып бөлмесінің екі шетінде тұрып бір-біріне ақпаратты айтады, екінші шетінде тыңдап тұрған оқушы ақпаратты қайталап дұрыс айтып беруі тиіс. Ескерту: екі стаканды жалғап тұрған жіп тартылып тұруы тиіс.

2 әдіс: оқушылар екі топқа бөлінеді. Оларға сурет беріледі, бірінші отырған оқушы айнытпай суретті есте сақтап қайта салуы тиіс, келесі оқушыға көрсетеді, ол да қарап, есте сақтап қайта айнытпай салуы тиіс.

Ең соңғы оқушының суреті мен бастапқы суретті салыстырады.

3 әдіс: оқушылар тағы екі топқа бөлінеді. Енді оқушыларға тор көзде салынған сурет ұсынылады және алдыңғы тапсырманы орындап көреді.

Енді осы суреттерді салыстырамыз. Қай суретте айырмашылықтар аз болды екінші әдісте ме әлде үшіншіде ме? Неліктен?

Қалай ойлайсыздар сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты қандай болады?

Сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты ұсынылады.

Мағынаны ашу:

Жоғарыдаға тәжірибе барысында қалай ойлайсыңдар.

Қандай сурет сапалы шықты, қайлай ойлайсыңдар сандық тарату ма әлде аналогты таратуда сапа жақсы сақталды?

Жеке жұмыс: жұптаса отырған оқушылардың бірінша нұқасына аналогты синалды ұсынамыз, ал екінші нұсқасына сандық сигналды ұсынамыз. Оқушылар бұл жерде кубикті қолданады. Егер оқушыларға кубик жеткіліксіз болса, мына (http://www.counton.org/explorer/randomiser/#dice) сілтеме арқылы кубикті қолдануға болады.

Егер кубикті лақтырғанда 1,2 немесе 3 шықса суретте берілген саннан 1,2 немесе 3 алып тастайды. Сол сагды екінші таза графикке салады.

Егер кубикте 4,5 немесе 6 шықса, онда 1,2 немесе 3 санын берілген санға қосады.

Екі оқушы тапсырманы жеке-жеке орындайды және бір-бірімен салыстырады. Не бақыладық талдаймыз.

Жұптық жұмыс. Оқушыларға нитернет желісін қолдана отырып, Сандық және аналогты сигналдарды таратудың ұқсастығы мен айырмашылықтарын жазу үшін Венн диаграммасын сызуды ұсынамыз.

Оқушылар қосымша ақпарат көздерін пайдалана алады.

Критерий: оқушылар тапсырманы орындауда түрлі ақпараттан негізгі қажетті ақпаратты таңдап алуы тиіс. ақпарат түсінікті, әрі айқын болуы тиіс. Венн диаграммасында терминдерді қолдана отырып, толықтыру керек. әр терминнің мағынасын дұрыс ажыратуға тырыс.

Оқушылар жұмысты аяқтап болған соң, жұптар өзара талдайды және бір-бірін толықтыра отырып, ортақ Венн диаграммасын сызып жинақтайды.

Жеке жұмыс:

1) Оқушыларға ақпарат ұсыну, пайдалана отырып кестені берілген кестені толықтыру.

Сандық түрлендірулер

Аналогты түрлендірулер

артықшылығы

кемшілігі

артықшылығы

кемшілігі

2) Кестені толтыру және берілген жауаппен өз-өзін жылдам тексеру:

Сипаты

Аналог

Сандық

Синусойдамен белгіленеді

Өтімділік қабілеті жоғары

Шуылға әсері бар

Үздіксіз сигнал

Шаршы тәріздес толқындар сызады

Аудио және видое материалдарды жіберуге қолайлы

Құны төмен

Қазіргі заман технологияларымен үйлеседі

Сыныппен бірге бүгінгі өткен тапсырмаларды қортындылау

Сабақтың соңы

2 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Нысаны бойынша оқушылар өз аттарын жазып стикерлерді нысанаға орнатады.

Үй тапсырмасы. Аналогты және сандық түрлендірулер қосымша ақпаратпен толықтыру

Жіңішке стикерлер.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Кестені және Венн диаграммасын толықтыру барысында барлық сынып оқушылары орындағанымен соңындағы тапсырмаларды қабілеті жоғары оқушылар толықтырып, дұрыс шығарады.

Кесте толтыру және кейін жұптар бір-бірін бағалайды.

Сынып бөлмесінің қауіпсіздік ережесін сақтауы тиіс.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу