Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Толқындық қозғалыс

Күні:

Сынып: 11

Мектеп: ФМБ НЗМ Семей қаласы

Мұғалімнің аты –жөні: Ахтанбердина А.С.

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Механикалық толқындардың таралуы. Механикалық толқындардың интерференциясы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.5.1.3 –судың бетінде екі көзде пайда болатын интерференцияны зерттеу

Сабақ мақсаттары

  • механикалық толқындардың интерференциясына тәжірибелерді түсіндіру;
  • толқындардың интерференциясы мен дифракциясы, когеренттілігі, толқындардың максимум және минимум шарттары туралы түсініктерді енгізу;
  • толқынның негізгі сипаттамаларын анықтау;
  • толқын ұзындығы, толқынның таралу жылдамдығы, жиілігі туралы ұғымдарды қайталау;
  • толқын жылдамдығын оның жилігі және ұзындығымен байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолдану

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі критерийлерді орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді;

  • толқындардың пайда болу шарттары мен түрлерін біледі;
  • толқындардың негізгі сипаттамаларын анықтайды;
  • толқын жылдамдығын оның жилігі және ұзындығымен байланыстыратын формуланы есептер шығаруда қолданады;
  • интерференция және дифракцияның пайда болу шарттарын түсіндереді

Тілдік мақсаттар

Пәндік лексика және терминология

Казахский язык

Русский язык

Английский язык

Толқын

Волны

Waves

Толқын ұзындығы

Длина волны

Length of wave

Толқындық қозғалыс

Волновое движение

Wave motion

Толқын Жылдамдығы

Скорость волны

Speed of wave

Құндылықтарды дарыту

  • Оқушыларды академиялық адалдыққа тәрбиелеу (тапсырмаларды орындау барысында өз бетімен жасау)
  • Оқушылардың бойында жауапты азаматтық ұстанымды қалыптастыру.
  • Өмір бойы білім алу құндылығын сыни тұрғыдан ойлау арқылы білімге деген құштарлығын қалыптастыру
  • Оқушылар арасында бір-біріне деген құрметті қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

География: есептерді шығару барысында бағыттарды дұрыс анықтау Математика: деңгейлік есептерді шығаруда математикалық амалдарды қолдану

АКТ қолдану дағдылары

Презентация, бейнежазба http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active

Бастапқы білім

Гармоникалық тербелістер, гармоникалық тербелістердің теңдеуі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

1.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сыныпты жаңа сабақ өтуге даярлау.

«Ой қозғау» Жұлдызды сәт

Сұрақтарға жауап беру:

  • Толқын дегеніміз не?
  • Толқын көзі болып не табылады?
  • Толқынның таралуы үшін қандай шарттар орындалуы керек?
  • Толқын жылдамдығының формуласы
  • Толқын тербелісі 5 Гц жиілікте 6 м/с жылдамдықпен таралады. Толқын ұзындығы қандай?
  • Сыныпта отырып біз қандай толқындарды қабылдаймыз?
  • Бойлық толқындар қандай ортада тарала алады?
  • Толқынның іргелес (көршілес) шоқтары арасындағы қашықтық 8 м құрайды, егер оның таралу жылдамдығы 4 м/с болса, осы толқындағы тербелістердің периоды мен жиілігі неге тең?
  • Қандай толқын көлденең деп аталады?
  • Толқын ұзындығы дегеніміз не?

«Үш сөйлем жаз»

Әлемді әр түрлі тербелістер мен толқындардың патшалығы деп санауға болады. Кейбіреулер жарық жылдамдығымен жарысады, ал басқалары әлдеқайда баяу жүреді. Толқындар теңізде серуендеп, атмосферада дыбыс шығарады.

  • Жарық жылдамдығымен таралатын толқындардың 3 түрін жазыңыз.
  • Толқындық қозғалысты сипаттайтын 3 формуланы жаз.
  • Толқынның 3 сипаттамасын жаз.

Презентация

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мұғалім презентация көмегімен сабақ түсіндіреді.

Толқындардың қасиеттері:

  • Шағылу
  • Сыну
  • Дифракция
  • Интерференция
  • Поляризация

Толқынды қозғалыстың қайсысына да болмасынинтерференция және дифракция құбылыстары тән.

Кеңістіктің әрбір нүктесінде қорытқы тербелістер амплитудаларының уақыт жөнінен тұрақты таралу тәртібі орнайтындай болып, екі немесе бірнеше толқынның қосылуы интерференция деп аталады.

Интерференция құбылысындағы max және min-дар шартына сәйкес қосылатын екі толқынның жол айырмасы ұғымын қалыптастыру

Интерференция болуының басты шарты - толқын көздерінің когеренттік шарты

Орнықты интерференциялық көрініс шығарып алу үшін, толқын көздерінің

а) тербеліс жиіліктері бірдей болуы қажет және олардың

б) тербеліс фазалары өзара дәл келуі керек немесе

в) уақытқа тәуелсіз тұрақты шама болып, қала беруі тиic.

Осы шарттарды қанағаттандыратын көздер когерентті көздер деп аталады. Когерентті толқындар қосылғанда ғана орнықты интерференциялық көрініс пайда болады.

В нүктесінде О және О1екі толқын көзінен шыққан толқындардың жол айырымы : Δd= d2— d1 = 4λ – 2λ = 2λ.

В' нүктесінде:

Δd = d2—d1= 3(1/2)λ – 2λ = 1(1/2)λ = (3/2)λ.

Интерференциялық максимум шарттары:

1. Қабаттасу нүктесіне толқындар бірдей фазада келіп жетуі тиіс: φ1=φ2

2. Δd– толқындардың жолдарының айырмасына толқын ұзындығының бүтін саны сәйкес келеді: ∆𝒅=𝒌𝝀 мұндағы k – бүтін сан, k=0, 1, 2, 3,…

Немесе: Δd– толқындардың жолдарының айырмасына жарты толқын ұзындығының жұп саны сәйкес келеді: ∆𝒅=𝟐𝒌∙𝝀/𝟐

3. Қорытқы амплитуда екі толқын амплитудаларының қосындысына тең болады: Ақорытқы=А1+А2 – қабаттасу нүктесінде толқындар бірі-бірі күшейтеді.

Δd = kλ = 2k(λ/2) — максимум үшін,

Интерференциялық минимум шарттары:

1. Қабаттасу нүктесіне толқындар қарама-қарсы фазада келіп жетуі тиіс: φ1 = - φ2

2. Δd– толқындардың жолдарының айырмасына жарты толқын ұзындығының тақ саны сәйкес келеді:

∆𝒅=(𝟐𝒌+𝟏)λ/𝟐

3. Қорытқы амплитуда екі толқынның амплитудаларының айырмасына тең болады: Ақорытқы=А1–А2 - толқындар бірін-бірі әлсіретеді.

Егер А1=А2 болса, онда Ақорытқы= 0 – қабаттасатын толқындар бірін-бірі жояды.

Δd = (k + 1/2)λ = (2k+1)(λ/2) — минимум үшін, k = 0, 1, 2, 3, ...

Судың бетіндегі (немесе кез келген сұйықтың) толқындар көлденең де бойлық (қума) та бола алмайды. Олар ерекше сипатқа ие.

Жұптық жұмыс. Есеп шығару

  • Бірінші толқын көзінен , ал екіншісінен қашықтықта орналасқан нүктеде интерференция нәтижесі қандай болады ? Толқын ұзындығы .
  • L және K нүктелерінен шыққан толқындар N нүктесінде қабаттасады. Толқындардың жол айырымы , толқын ұзындығы . N нүктесінде толқын күшейе ме әлде әлсірей ме ? Неге ? Жауабын түсіндірп жазыңыз.
  • S және M нүктелерінен шыққан толқындар N нүктесінде қабаттасады. Толқындардың жол айырымы , толқын ұзындығы . N нүктесінде толқын күшейе ме әлде әлсірей ме ? Неге ? Жауабын түсіндірп жазыңыз.
  • Кездейсоқ алынған М нүктесіне бірінші жерден шыққан дыбыс 0,35 с-та жетеді. Алекінші бір жерден шыққан дыбыс сол нүктеге 0,38 с-та жетеді. Егер толқындар когерентті, ал толқын ұзындықтары және дыбыстың жылдамдығы 340 м/с болса, М нүктесінде дыбыс күшейе ме әлде әлсірей ме?

Сабақты бекіту.

  • Толқын деп нені түсінеміз?
  • Толқындардың интерференциясы дегеніміз не?
  • Қандай толқындар когерентті деп аталады?
  • Интерференциялық максимум және минимум шарттарын атаңыз?
  • Толқындардың қаситтерін атаңыз, мысалдар келтіріңіз

Бейнебаянды талқылау

Толқындардың интерференциясы және дифракциясы .http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active

Жекелей жұмыс. Қалыптастырушы бағалау

Презентация

http://www.youtube.com/watch?v=AlPqL7IUT6M&list=PLBED3A20925E565A7&index=1&safe=active

Қосымша 1

Сабақтың соңы

Рефлексия

Рефлексия – «кері байланыс»;оқушылар өз іс- әрекеттерін бағалайды. (өзін – өзі бақылау, толқыныс).

Activity«Стикер ілеміз»

  • Мен не үйрендім?
  • Мен нені оңай деп есептеймін?
  • Мен нені қиын деп есептеймін?
  • Мен енді нені білгім келеді?

Стикерлер

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Мектеп құндылықтарын іске асыруға қандай мүмкіндіктер бар?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу